Пәк болсаң ғана үйленемін деп шарт қоятын жігіттерден аулақ жүріңдер, қыздар!

 Аты –жөнімді,мекен –жәйімді көрсетпей беріңіздерші өтініш...

Менің өмірім бір жыл ішінде танымастай өзгерді.Тұрмысқа жүкті болып шықтым.Тұрмысқа шығарда үйленетін жігітіме бәрін жасырмай айтқанмын.Өйткені төрт жыл жүрген жігітім,аяғың ауыр болса ғана аламын деп талап қойып, аяғым ауырлағанда қарасын көрсетпей жоқ болып кетті.

Қанша қиналсамда бәрін өз мойныммен көтеруге тура келді.Болмысымнан бала жанмын.Ішімдегі шарананы алдырып тастауға батылым бармады.Әрі өзім сүйген жанан болғасын,адамдардың кінәлауынан,ағаларымның зәрінен де қорыққан жоқпын.Аман –есен қолыма алуды мақсат еттім.

Бірақ көп ұзамай өзім бұрынан танитын,сөз салып жүргеніне біраз болған ауылдас Мақсат деген жігіт пайда бола кетті. Бұрын Арманым бар кезде оған көз қиығын да салмаушы ем. Енді...шарасыз қалпымда қайда барамын?Анықтап қарасам түр тұлғасы ешкімнен кем емес,өзімнің жағдайым мынау.Ойланып барып, оған бәрін айтуға шешім қабылдадым.Үйленейік деп қоймай жүрген.Ол ешқашан кемшілігіңді бетіңе баспаймын,ендігі жағында тек адал болсаң болды деп, бәріне көніп үйлендік.

Бірақ...көп ұзамай мінез көрсете бастады.Ұратын болды. «Ақ болмасаң да мен сені қатын етіп отырған мен.Енді мен не істеймін,өзім білем.Сен кімге керексің?» деп ,аузына келгенді айтып,тырнағыма ине тығып қинайтын.Шыдадым.Онынышы сыныпта оқып жүргенімді бір тәуіп апай,осы өмірімді дәл суреттеп айтып еді.Ол кезде не деп тұрсың ?- деп жай езу тартып күлгенмін.Енді,сол сұмдықтар басымнан өтіп жатыр.

Негізі жүретін ортасы жаман.Ішеді. Арасында наша тартады.Ал үйде болған кезде бәрі үшін кешірім сұрап жалынады.Ажырасайын десем,қимайтын да сияқтымын.Не істеймін?Қиналып кеттім. Кімге мұңымды шағамын?

Сіңілілеріме айтарым, жүкті болсаң аламын,пәк болсаң ғана үйленемін деп  шарт қоятын жігіттерден аулақ жүрген дұрыс екен. Шын сүйсе, ешқашан сенің пәктігіңе күмән келтірмейді. Некелі жарыңа,ақ төсекте ғана пәктігіңді сыйлағаның жөн.Ертең мен сияқты өмір бойы өкініп жүрмес үшін.
el24kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста