Салеметсіздер ме оқырман қауым. Осы сайттан небір тағдырларды оқып, кейде шүкір деймін, кейде нәзікжандыларға шын жаным ашиды. Дәл қазір менің де сырласар ешкімім болмай отыр. Өйткені дәл қазіргі жағдайда мені ешкім тусінбейді. Егер бұл жағдай басқа біреудің басында болса, мен де түсінбеген болар едім.
Менің жасым 23-те. Осыдан бір жыо бұрын мен өзімнен 20 жас үлкен кісіге өлердей ғашык болдым, оны әлі де сүйемін. Екеуміз біраз уақыттан бері кездесіп тұрамыз. Өзім отбасын құрғанмын, бірақ дәм тұзымыз жараспай ажырасып кеттік. Алғашқы некеден бір улым бар, қазір баламды ауылда мамам қарап отыр. Өзім жоғары білімдімін, мамандық бойынша жұмыс жасаймын. Жұмыс істеу үшін де қалаға келгенмін.
Өзім сүйген адамнан аяғым ауыр болып қалды, қазір жүктілігіме 5 ай болады. Әзірге менің жағдайымда ешкім білмейді, әзірге жумыстағылар да байкамай жур. Ауылдан анам хабарласқан сайын журегім сыздап ауырады, оған айтуға қорқамын, ұяламын.
Бала көтергенімді 4 аптасындада-ақ білдім. Түсіруге кимадым. Баланың әкесіне жүкті екенімді айтқанымда "алдырма,үйоенеміз" деген. бірақ осы уақытқа дейін әлі әрекет жасамады. Сөйлесуден қашқақтайтын секілді. Енді не істерімді білмей басым катты. Егер үйленбесе,ішім қатты білінбей тұрып декретке шығып кетсем бе деймін. Анам шындықты білсе, қатты налитынын ойласам жүрегім ауырады, оған бар шындықты қалай айтсам екен?
Аноним