Өзгеден емес, өз әкемнен қорлық көрдім...

Басымдағы жағдайды жазудың өзі маған қандай қиын болғанын білсеңіздер ғой. Жаным қиналып, өмірден түңіліп кеттім. Бәрін жазсам ұзақ болып кетер. Нақтысын жазайын.

 

Осыдан 4 жыл бұрын өз әкем мені зорлады. Ол хайуанды тіпті әкем деуге аузым бармайды. Бұл туралы оның өз туыстары білді. Бірақ ештеме де істемеді. Бәрінен бұын анама қиын болды, ал менің өмірімнің күл-талқаны шықты. Анамыз шиттей бала-шағамен баска жаққа кете де алмады. Себебі жоқшылықта өмір сүреміз. Ал анау "білмей қалдым, кешіріңдер" деді де жүре берді. Басында сүмірейіп жүрді де, кейін қайтадан сол баяғы әдетіне басты. Анама дауыс көтеріп, ұрып-соғып, балағаттап, одан қалса басқа әйелдерге барады.

 

Ол хайуанның өзімен қоймай тағы бір інісі бар. Оны да біз үйлендіргенбіз. Әйелімен тұра алмай ажырасып кетті.  Екінші рет үйленем дегенде біздің жағдайымыз болмады. Ол үйлендіре қоймадыңдар деп ағасының мені зорлағанын бүкіл ауылға жайды. Үйден шығуға ұяламын тіпті. Қалаға барып жұмыс жасайын десем туыстарым жоқ, жататын үй жоқ.

 

Өзім 1993 жылғымын, мамандығым мұғалім. Балабақша, мектептерге барсам жұмысқа тұру үшін 300 мың ақша сұрады. Ал бізде ондай ақша жоқ.

 

Осынадан  бір ай бұрын әке сиқы жоқ хайуан  үйден кетті. Себебі ауыл адамдары оның маған жасағанын біліп қойғасын өзін өлтіреді деп қашты. Онысымен қоймай тоқалы бар екен, жақында балалы болады. Ал жасы 50-ге жақындап қалган.

 

Бәрінен бұрын анама қиын. Жұмысымыз да жоқ . 8 жасар сіңлім, 9 жасар інім бар. Тек өзімнен бір жас үлкен ағам ғана жұмыс істеп, азынаулақ ақша тауып, азық-түлік алады.  Өзімнің онша денсаулығым жоқ. Сосын қорқам басқа адамдардан, ешкімге сенбеймін. Әкемнің жасағаны анау болса, басқалар не істемейді.

 

Анама қиын бәрінен. Өте жақсы адам. Денсаулығы да болмай жүр. Көп болса ренжімеңіздер. Шаршадым өмірден, жоқшылықтан. Әкемнің жасағаны да көз алдымда. Тұрмысқа да шыға алмаймын. Тағдырым солай. Қызыл дипломым сандықта жатыр. Ауылдағылардан да ұяламын. Мінезім де жұмсақ біреу жайсыз қараса жылаймын.

 

Қазір күйеуінен қалған 250 мың қарыз бар оны да анам төлейді. Маған жасаған қиянаты үшін, анамды, өз бала-шағасын бақытсыз еткені үшін әкемді жек көремін.

 

(Автор аты-жөнін көрсетпеуді өтінді)

 

 

alashainasy.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста