Мен өмірімде бқлай ғашық болмап ем. "Нет плохой нации, есть плохие люди"- демеуші ме еді?! Əрбір ұлттың жаманы, да, жақсысы да болады ғой. Жалпы мінсіз адам болмайды деп есептеймін, əркімнің бір кемшілігі болады, мінсіз адамды көрмедім.
Аллаһ тағала əрбір адамға өз тағдырымызды жазып қойды емес па?! Соны көреміз ғой бұйырғанын. Өмірде тіпті қаламаған нəрселер де орын алады ойламаған жерден. Үш ұйықтасам басқа ұлттың жігітімен көңіл қосамын деп ойламаппын. Ұлтшыл емеспін, əрине сонда да. Бірақ солай болды. Махаббаттың алдында ең тəкаппар адам да, бай да, кедей де, бəрі-бəрі дəрменсіз емес пе?! Сол сияқты мен де дəрменсізбін!!! Тек қана, тек қана бақытты болғым келеді, əке-шешемнің ақ батасын алып, сүйгеніме қосылсам деймін.
Ұлты татар бір жігітке ғашықпын. 7 жылдан бері араласамыз, 8 ай болды жургенімізге. Осы жігітпен кездескеніме анам қарсы, мені көрмей кетсең де, оның əке-шешесімен араласа алмаймын дейді. Ал жігітім үйінде жалғыз ұл, əпкелері тұрмыста. Шөп шегетіні бар, оны көбісі шегеді ғой танитындарымнан, қоямын дейді, қазірде шегіп жүрген жоқ.
Екеуміздің де жасымыз 21-де.. Отбасын құрғымыз келеді, мені қатты жақсы көреді, мен де оны жанымнан артық көремін. Бəрі қызығады бізге, достарымыз үнемі қызығып, бізді жақсы жұпсыңдар дейді. Папам бəрін біледі, өзің біл деп көніп отыр, тек мамам қарсы, не істесем екен, ақыл айтыңыздаршы көпті көрген əпкелер, анамды аттап қалай кетемін?! Өзім үйдің кішісі, жалғыз қызбын. Ол бала мені бақытты ететініне сенімдімін мамамды қалай сендірем?! Солай болды, мені ол үшін жазғырудың қажеті не?! Неге ешкім түсінгісі келмейді?! Мен сонда не істеуім керек?!
Аноним