Өзбек жігітіне ғашықпын...

Менің жазбамды оқыған оқырман мені жерден алып жерге салар! Қандай болса да мен оны сүйемін, жүрекке әмір бар ма?
Мен ешқашан өзге ұлт өкіліне ғашық боламын деп ойлаған емеспін. Бала күнімізде "орысқа тиіпті" деп әжелер еріндерін сылп еткізіп жақтырмай отырушы еді. Содан болар орыс деген ұлттың жігіттеріне қараған емеспін. Адам неден қорқады сол болатын сияқты ғой. Орыстың жігіттерін көрсем, түрпідей жиырылып шыға келетін едім.
Астанада бір ауруханада медбике болып жұмысқа тұрғаныма бес жыл болды. Жасым отыз екіде. Тұрмыс құрмаған әпкем екеуіміз бірігіп сатып алған пәтерімізде тұрамыз. Осы уақытқа дейін тұрмыс құруды ойласам да өзіме ұнайтын жігіт кездестірмей жүрдім. Бірінің анасы, бірінің мынасы ұнамай тұрады. Туысқандарым да небір жігіттермен де таныстырып көрді. "Ұнамайды, болды ұнамайды" деп өзімнің бірбеткейлігіме басып, өзімдікін жөн санадым. Уақыт зырлап өтіп жатыр. Не кием, не ішем демеймін. Ауқатты тұратын үлкен әпкелеріміз бізге өте жақсы болысып тұрады. Пәтеріміз де сол жағалауда орналасқан.
Жұмыстан соң күндегі әдетпен интернетті қарап, уатцапты құшақтап ұйқыға кетуге дағдыланғанбыз. Жан тыныштығымды ойлап, жігіт мәселесін де кейінге ысыра бастадым. Құрбы қыздар қатары да азайған. Анда-санда мерекелерде ұжымдағы әріптестермен ресторан-клубтарға барған боламыз.
Бір күні басқа қалада тұратын әпкем біз тұратын үй маңынан ұлына пәтер сатып алды. Баласы Қытайда оқығандықтан ол үйдің жөндеу-әрлеу жұмыстарын бізге тапсырды. Жездем келіп таныстары арқылы "ремонт" жасайтын бір бригаданы тапты. Бригада басшысы қазақ болғанымен жалдамалы жұмысшылары - өзбектер. Кейіннен білсем, біз берген ақшаның он пайызы ғана өзбектердікі, қалғаны бригада басшысының қалтасына кетеді. Сол ақшаға қанағат етіп, өзбек ағайындар бізге дән риза.
Үйдің қасында болғандықтан, күнде кешке әпкем екеуіміз кезектесіп жұмыстарын бақылап тұрдық. Жұмысты жасап жатқан Берди, Фархад, Шерин есімді өзбек жігіттері. Соның ішінде Берди есімді өзбек жігітінің бізге деген ықыласы ерекше сияқты болып көрінді. Басында оларды менсінбей төбесінен қарап, бұйырып сөйлеп жүріп, кейіннен оларға үйреніп кеттім. Олар сол пәтерде қонып, сол пәтерде тамақтарын істеп ішіп жүрді. Шам болмаған күні біз жанымыз ашып, күнде кешке тамақ та апарып жүрдік. Олар мұндай жақсылыққа мәз. Ал, біз жанымыз ашып кейде қалбыр банкіге толы тосап, кілегей сияқты тамақтарды да беріп жүрдік.
Күндердің күнінде сөзден сөз шығып, Берди бізге палау жасап бермекші болды. Ол жерде ешқандай жағдай болмағандықтан Бердиге үйге келіп палау жасауына рұқсат бердік. Осылайша, палау жасаудың арты махаббатқа ұласты. Бердиді көрсем біртүрлі болып ұялатын сияқтымын. Өтірік сылтау тауып, сол үйге бара беретін болдым. Артық бас ауыртатын жұмыстан құтылған әпкем ештемені байқамайды, менің қарап жүргеніме мәз. Өйткені, күнде кешке жұмыстан соң ол үйге баруға ерінетін еді.
Осылайша үйдің жөндеу жұмысы үш айға созылды. Осы уақыт ішінде менің маршрутым: өз үйім мен әпкем сатып алған үй. Арасында Бердимен телефонмен сөйлесіп, одан қалса уатцаппен хат жазысуды шығардық. Қазақшасы керемет болмағандықтан, екеуіміз орысша сөйлесеміз. Ол да "саған ғашық болып қалдым" дейді. Арамызда жаман ештеме болмады. Былай қарасам, қазақ жігітттерінен еш айырмашылғы жоқ. Тілдері де түсінікті. Өзі өте пысық, түрі де сүйкімді. Ақша табу үшін Қазақстанға келген екен. Барлық туысқандары Өзбекстанда тұрады.
Жөндеу жұмысын аяқтап, аман-есен өткізіп болғаннан соң Берди Өзбекстанға кетті. Үш аптадан соң қайта оралып, бір дәмханаға аспазшы болып кірді. Оның тамақ істеу өнері де керемет болатын. Жерлестерімен пәтер жалдап тұрады. Анда-санда мен дәмханасына қонақ болып барып, жұмыстан бірге қайтамыз. Кейде клиенттер көп болғанда оның жұмысы түнгі екілерде аяқталады, махаббат деген қызық екен, дәмхана жабылғанша жігітті күтіп отырған кездерім де болды. Күндіз мен жұмыста, оның жұмысы кешке басталады. Демалыс күндері мүлдем босамайды. Бір-екі рет киноға да барып үлгердік. Бердиді кездестіргелі басқа жігіттерге көңіл аударуды мүлдем қойдым.
Міне, менің басымнан өтіп жатқан махаббат хикаясы осындай. Болашақта не болатынын білмеймін. Үйдегі әпкем мені "қарапайым өзбек жігітіне қарамайды" деп ойласа керек, "жай доспыз" дегенге сеніп жүр. Бердиді жақсы көремін, бірақ оған күйеуге шығамын ба білмеймін. Егер, маған Берди "күйеуге шық" десе не деп жауап берерімді де білмеймін. Ол тақырыпты қозғай бастаса, әңгімені басқа жаққа бұрып әкетемін. Үлкен әпкелерім өзбек жігітімен көңіл қосып жүргенімді білсе, не дер екен? Бірақ, Бердиді кездестіргелі қатты өзгердім. Үнемі көңілді жүремін, не нәрсеге оңай шауып барып келіп, не нәрсені жеңіл істеймін. Кейде өзімді тежеп, іс насырға шаппай тұрғанда "тоқтат" деп іштей дайындап аламын да, Бердиді көргенде ол ойымды ұмытамын. Қазір түрік дейсің бе, қырғыз дейсің бе, тіпті шетелдіктерге шығып жатқан қыздарымыз көп қой, мен де өз бақытым үшін сол жолды таңдасам ба? Тағдырдың өзбек жігітін кездестіргенін қарамайсыз ба, әлде тағдырымды өзім өзгерте аламын ба?

Сара, Астана

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста