Отбасылы еркектен аяғым ауыр
Жақсылар, қымбатты арулар, аналар, қыз-келіншектер, амансыздар ма, көктем мереклері құтты болсын! Мені сөкпеулеріңізді өтініп сұраймын. Менің айтқым келгені, жасым 25-те, бір баланың анасымын. Осындан екі жыл бұрын ажырасып кеткен жайым бар. Белгілі бір себептермен дәм-тұзымыз жараспады.
Енді осы жақында бір жігітпен танысып, оған сеніп қалдым. Арамыз жақын болды, мен оны ұнаттым. Біраз уақы кездесіп жүргеннен кейін аяғым ауыр дегенен-ақ ол жоқ болып кетті. Әбден болар іс болған соң сол жігіт жайлы сұрастырып білдім. Оның 4 ұлы бар екен. Екі рет үйленіп, ажырасыпты. Екі әйелінде екі ұлдан бар екен. Енді не істеймін, ақыл-кеңес берсеңіздер екен. Баламды алдырғым келмейді, босанып, бала аңсап жүрген отбасына берсем бе деймін! Екі баланы жалғыз асырауға шамам келмейді.