Осы сөзден кейін мен отбасымнан айырылғанымды түсіндім

Осы сөзден кейін мен отбасымнан айырылғанымды түсіндім

Мен күйеуіммен сүйіп қосылдым. Бірақ тағдыр бізге бірге болуды жазбаған екен. Қазір мен отбасымызды сақтап қалуға тырыспағаным үшін өзімді кінәлаймын. «Алаш айнасындағы» «Отбасы – ошақ қасы» айдарындағы оқиғаларды оқып отырып, мен де өзімнің басымдағы жағдаймен бөлісуді жөн көріп отырмын.

 

Арсен екеуміз студент кезімізде танысып, бір жылдай жүріп үйлендік. Арсеннің ата-анасы ауылдан біз секілді студент кездерінде қалаға келіп, осы жерде тұрақтап қалған. Ал менің жалғыз анам бар. Әкем біздің кішкентай кезімізде қайтыс болған. Мен қалада оқып жүргенде анам да қалаға көшіп келді. Сіңілім мен анам үшеуміз пәтер жалдап тұрдық. Колледжді бітіргеннен кейін Арсен мені ата-анасымен таныстырып, екі жақтың келісімін алып, отбасын құрдық.

 

Мен Арсенді қатты жақсы көретінмін, бірақ мен үшін оның отбасына сіңіп кету өте қиынға соқты. Өйткені Арсеннің өзінен үлкен екі әпкесі, екі бауыры бар. Әкесі үй тірлігіне қатты араласатын мазасыз кісі. Ал анасы науқас. Туыстарынан естуімше, енем ең кіші баласын босанғаннан кейін көтеріліп ауыратын дертке шалдығыпты. Ол кісі кейде өзімен өзі үнсіз бір нүктеге қарап ұзақ отырып қалады, ал кейде көп сөйлеп, бәрімізге айғайлап, тіпті үйге тоқтамай көше аралап кетеді. Ондай кезде бала-шағасы аналарын іздеп, үйге тауып алып келгенше бәрімізден маза кетеді.

 

Осындай үлкен отбасында бас көтерер адам менің жолдасым Арсен болды. Бір әпкесі тұрмысқа шықты, қалған бауырлары бізбен бірге тұрып жатты. Әрқайсысының мінезі әртүрлі, кейде бір-бірімен сыйыспай қалады. Мұндай көпшіліктің арасында өспеген мен үшін әрқайсысының көңілін табу өте қиын болды. Өйткені өзім сөзге онша жоқ, мінезім тұйықтау еді. Оның үстіне үйленгеннен кейін бірнеше айдан соң тұңғышыма аяғым ауыр болды. Жүкті кезімде ешкімнің артық сөзін көтере алмай тез ренжіп қалатынмын. Қит етсе Арсенге ренжіп, маған көңіл бөле қоймадың деп өкпелейтінмін. Ал болса, күндіз-түні жұмыс істеді, бәріміз тұрып жатқан үйдің құрылысы жартылай тоқтап тұрған еді. Мен босанғанша соны ретке келтіремін деп тырысты.

 

Арсен негізі көп сөйлемейді, бірақ бір ашуланса мінезі өте қиын болатын. Оның өзінен кейінгі бауыры мені жақтырмады. Мен не істесем де жақтырмай Арсен отырған жерде менің кемшіліктерімді айтып салатын. Оған мен істеген тамақ та ұнамайды, үй жимнағаным да көңілінен шықпайды. Арсен бауырының бұл қылығына үндемейді. Маған: «Әсеттің мінезі сондай, оған мән бермей-ақ қой» дейді де қояды. Оның мені емес, інісін жақтап, оның сөзін сөйлейтіні ашума тиетін. Қазір қарап тұрсам ақымақ болыппын ғой. Кішкентай бала секілді қайныммен санасып.

 

Мен тұңғыш қызымнан кейін бірден екінші сәбиімді көтердім. Ол да қыз болды. Бірақ Арсен маған ешқашан неге ұл тумайсың деп айтқан емес. Ол қыздарын өте жақсы көрді. Ата-енем де қыздарды жақсы көріп, оларға жақсы қарады. Екі балалы болғаннан кейін менің ойымда ажырасу туралы тіпті ой болған жоқ. Бірақ күнделікті тіршілікте әбден мезі болып, шаршаған кездерім көп болды. Өйткені енемнің ауруы уақыт өткен сайын қоза түсті. Атам да әрнәрсеге бір сөйлей беретін. Арсеннің тапқан табысы өз отбасына, балаларына жетпейді, өйткені ол өзінен кейінгі бауырларын бағуға да міндетті. Оның үстіне тұрмысқа шығып кеткен әпкесі де бір баласымен үйге қайтып келді. Үйде әртүрлі мінезді көп адам тұрғаннан кейін бір-бірімізбен шәй деспей тұру тіпті мүмкін болмады. Мен отбасымыздағы барлық қиындықтарға шыдар ма едім, егер Арсен мені басқа жанға айырбастап кетпегенде.

 

Бірде қайынәпкем екеуміз сөзге кеп қалдық. Ол менің қыздарыма жөн жоқ ұрсып, қайта-қайта түртпектей берді. Сосын мен одан балаларға тиісе бермеуін өтіндім. Сөйтіп екеуміздің арамызда кәдімгідей ұрыс болды. Ол маған ашуланып тұрып: Сені Арсен жақсы көрмейді, ертең-ақ осы үйден кетесің, оның басқа жақсы көретін қызы бар» демесі бар ма. Әлгі сөзді естігенде үстімнен біреу мұздай су құйып жібергендей болды. Арсен келгенде мен оған жылап-сықтап әлгі сөзі айттым. Бірақ ол еш мойындамады. Бірақ мен Арсенге, оның отбасына деген ренішімді баса алмай, заттарымды жинадым да екі қызымды алып анамның үйіне кетіп қалдым.

 

Анамның үйінде бір айдай болған соң соңымыздан Арсен келді. Ол қыздарына тәттілерін әкеп, оларды құшақтап, сүйді. Ал маған тіпті жақындамады да. Сосын ол: Мен қыздарымды үйге алып кетемін, біраз күннен кейін «әкеп тастармын деді. Ал маған тіпті үйге жүр деп бірауыз ұсыныс та жасамады. Мен оның маған деген сезімі суып қалғанын көзінен байқадым. Сөйтіп ол қыздарды алып кетті.

 

Осыдан кейін ол балаларымызды жиі-жиі әкетіп тұратын болды. Кейде атам келіп алып кетеді. Қыздарым кішкентайынан әкесін жақсы көріп өскен емес пе, өздері туған үйге барғысы келіп тұрады. Балаларым тұрғанда ажыраспаймын, бір күні Арсен өзі мені үйге алып кетер деген үмітпен жүрдім. Бірақ оған үйге қайытқым келітінін айта алмадым, оған батылым да жетпеді.

 

Сөйтіп жүргенде арада жарты жыл өте шықты. Бір күні Арсен келіп: «Мен жақында үйленемін, сен қарсы болмасаң қыздарыммен ары қарай да араласып тұрайын» деді. Өз күйеуімнің менен оп-оңай бас тартып, жарты жыл болмай жатып басқа адамға үйленемін дегені жанымды қатты жаралады. Мен бірден: «Демек сенің менімен бірге тұрып жүргенде-ақ басқа адамың болғаны рас екен ғой» дедім. Ол маған: «Сені ешкім үйден қуған жоқ, кеткен өзің» деді. Осы сөзден кейін мен отбасымнан айырылғанымды түсіндім.

 

Қазір біздің ажырасқанымызға да 3 жылдай болып қалды. Қыздарым екі күннің бірінде әкесінің үйінде. Қазір олар ес біліп қалды ғой, әкелерін өте жақсы көреді. Ал Арсеннің қазір басқа әйелі бар, ол да Арсенге тағы бір қыз туып берді. Менің қыздарым сіңілдерінің әр қылығын үйге айтып келгенде жүрегім қарс айрылады. Қазіргі менің жан-дүниемде болып жатқан алай-дүлей сезімді ауызбен айтып жеткізе алмаспын. Бір-ақ нәрсеге өкінемін, мен отбасым үшін күреспедім, өз күйеуімді оп-оңай өзгеге бере салдым.

 

 

Индира, Алматы

alashainasy.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста