Орыс жігітін ұмыта алмай жүрмін...

Орыс жігітін ұмыта алмай жүрмін...

"Алаш айнасы" порталы оқырмандары, менің жазбамнан орыс жігітіне ғашық болған қазақ қызының қазіргі жағдайы туралы оқи аласыздар. Тағдырдан асып...
Жасым қырықта. Қарағанды облысының қызымын. Ауыл шаруашылығы саласындағы зерттеу институттардың бірінде ғылыми қызметкер болып жұмыс істеймін. Алматы қаласында жеке пәтерім бар. Тек, әйел бақытын сезіне алмай, жеке өмірінде жолы болмай жүрген қыздардың бірімін.
Күні-түні жұмысқа беріліп, жеке өміріме де аса көп мән бермеппін. Мінезім де біртоға. Қыдыру, артық жүріс дегенді ұнатпаймын. Қолым босаса кітап оқып, теледидар қарағанды ұнатамын.
Осыдан бес жыл бұрын Андрей есімді орыс жігітімен таныстым. Ол отбасылы жігіт еді. Бірақ, екеуіміздің арамызда махаббат орнап, бір -бірімізді көре алмасақ тұра алмайтын халге жеттік. Меніңше, жігітің орыс бола ма қазақ бола ма еш айырмашылығы жоқ сияқты. Ең бастысы- тіл табысып, бір-біріңе деген махаббат пен сыйластықта. Мен танысқанда Андрей әйелімен дұрыс тұрмай, әйелі төркіні Қостанайға кетіп қалған екен. Екі баласы бар. Ресми ажыраспаған.
Біраз уақыт қыз бен жігіт болып жүріп, жарты жылдан соң бірге тұруды шештік. Ол менің пәтеріме көшіп келді. Өз үйін жалға беріп, ақшасын әйелі мен балаларына жіберіп тұрды. Андрей спорт мектебінде жаттықтырушы болып істеді. Мен сол өзімнің зерттеу жұмыстарыммен айналысып, карьерамды жасай бердім. Жеке өмірім жақсы болған соң, ғылыми зерттеулерім де өз нәтижесін бере бастады. Іссапарлар көбейіп, жалақым да өсті.
Сөйтіп үш жыл бірге тұрдық. Мен Андрейден бала көтере алмадым. Бірақ, оны қатты сүйдім. Андрейден басқа еш жігітті көрмедім. Андреймен өткізген тәтті күндерім өмірімдегі ең бақытты күндер болып қала берді. Үш жыл өткен соң Андрейдің әйелі қайтып келіп, ол "өз отбасыма ораламын" деп шешті. Мен жылап-еңіреп қала бердім. Қаншама қайғылы күндер мен мұңға батқан түндер өтті. Ештемеге де зауқым жоқ. Жұмысқа барамын, бұрынғыдай емес зерттеу ізденісім тоқырауға ұшыраған. Ғылыми зерттеу жасайтын халім мүлдем жоқ.
Осылайша бір жыл өтті. Андрейді әлі ұмыта қойған жоқпын. Ол отбасымен Қостанай қаласына көшіп кетті. Бір күні мені Астана қаласына іссапарға жіберді. Ол жерде өткен ғылыми конференцияға қатысып, зерттеуіме байланысты жұмыстар жасадым. Сол іссапарда өз саламда істейтін Айдар есімді жігітпен таныстым.
Айдар мені ұнатып, ресторан, киноға шақырды. Оның отбасы бар екен, бірақ ажырасудың алдында жүрген сияқты. Әйелімен дұрыс тұрмайтынын, сүймейтінін де жасырмады. Біздің арамызда бір сезім пайда болғандай. Шынын айтсам мен Андрейді ұмыта алмадым. Іссапар аяқталып, Алматыға кеттім. Бірақ, Айдармен байланысымыз үзілмеді. Ол мені сүйіп қалғандығын айтты. Алматыға іздеп келді. "Әйеліммен ажырасамын,үйленейік",- деді. Ал мен болсам, Андрейді әлі ұмыта қоймағанымды, Айдарды жай ұнататындығымды айттым. Салы суға кетіп Айдар Астанаға кетті. Ақырындап, арамыздағы байланыс сирей берді. Өйткені мен жігітке еш қыр танытпадым, іздемедім, ол да жауапсыз махаббатан жалыққан болуы керек, анда-санда ғана хабарласады. Бірақ, хабарласқан сайын өзінің мені сүйетіндігін айтып, "барлығы сенің бір сөзіңде, сенің қолыңда" дейді. Әйелімен де ажырасып кетіпті.
Біраз уақыт өткен соң мен өзіме бала асырап алуды шештім. Керекті құжаттарымды дайындап, өткіздім. Бірақ, "сіз әлі жассыз. Ертең тұрмысқа шығып жатсаңыз, мына бала жағдайы не болмақ" деп бала асырап алуға рұқсат бермеді.
Ақыры не істерімді білмей қатты қиналып, күйзеліске түсіп, психолог мамандар кеңесіне жүгіндім. Ақыры қатты қиналып Айдарға "келші" деп хабарластым. "Мені сүйесің бе, Андрейді ұмыттың ба" деді, мен "жоқ" дедім. Ол мені сүймейтін адаммен тұра алмаймын" деді.
Уақыт-емші. Енді осы күйзелістен кейін менде жұмысқа деген үлкен құлшыныс пайда болды. "Не болса да уақыт көрсетеді, маңдайға жазғаннан асып кете алмайсың" деген қағиданы ұстанып өмір сүріп жатырмын. Ғылыми жұмыстарымда да біраз жетістіктер болып, көңілге медеу. Жуықта жұмыс бабымен Атырауға барып келдім. Еліміздегі сирек кездесетін саладағы мамандардың бірі болған соң, өз жетістігімді ел игілігіне арнап, ғылыми жаңалықтарға үлес қосуды шештім. Қазіргі менің алданышым да қуанышым да -ғылыми жұмыстарым, зерттеулерім. Мүмкін, Алла маған ғылымда жетістік беріп, жеке өміріме жетістік бермеген болар...
Гульсина, Алматы

Құрметті оқырман, егер Сіз де өз басыңыздан өткен тағдырды көпшілік талқысына салып, оқырманмен ой бөліскіңіз келсе мына электронды почтаға материалыңызды жолдай аласыз: info@alashainasy.kz
Редакция телефондары: 8/727/388-80-60; 8/717/2 54 27 30

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста