Онымен қалай жатып қойғанымды білмей қалдым...

Мен көпшілікпен өз сырыммен бөліскім келеді. Мен оқу оқып жүргенде бір жігітпен таныстым, сөйлесіп жүрдік ол бір қалаға іссапарға кетті. Онымен күні бойы сөйлесетінмін. Жігітім менің әлеуметтік желідегі парақшаларымда үнемі тексеріп, қатты қызғанатын. Ол маған ылғи да қалада тұрғың келе ме, ауылда тұрамыз ба деп менің ойымды білгісі келетіндей сыңай танытатын.

 

Жігітім бірде маған бір кішкентай баланың суретін көрсетіп, бұл менің інім, жұмыс істеп тапқан ақшама оған машина алып берем, оны қатты жақсы көрем деген. Мен оның сөзіне имандай сендім.

 

Менің онымен сөйлесетінімді барлық қыздар білетін, өзім жатақханада тұрдым. Екеуміз үйленеміз, сосын саған бір машина алып беремін дейтін. Демалыс күндері үйге қайтарымда таксиге салып жіберетін.

 

Осылай біраз уақыт кездесіп жүрдік, мен оны жақсы көргенім соншалық онымен қалай болып қойғанымды білмей қалдым. Арамыздағы жақын қарым-қатынастан кейін ол маған келуін сирете бастады. Уақыт өте келе тіпті оны сирек көретін болдым. Арамыз суып бара жатқанын сездім. Сөйтіп жүргенде жүкті екенімді білдім.

 

Неде болса аяғымның ауыр екенін жігітіме айтуға бел буып, оған хабарластым. Ол кешке келді, менің өзінен екіқабат екенімді білгенде ызадан жарылардай болды. Темекісін қайта-қайта шегіп, түтігіп кетті. Осы кездесуден кейін мен оны тіпті таппай қалдым, нөмірі үнемі сөндірулі.

 

Бес ай өтті, қатты қиналдым, стипендияма қаралып жүрдім, ішім шыға бастады, оқуға да, үйге де бара алмадым, Оқуымды бітіріп алайын, ана жігітті таба алмасам үйге айтам деп шештім.

 

Дипломымды қорғап бітірдім, содан ана жігітті ауылдас қыздардан сұрастырып тауып алдым, нөмірін, әке-шешесінің үйін біліп алдым да оған смс жазып жібердім. "Бес айдан асты, қыз бала екен, не істеймін? Үйдегілерге айтам және сенің әке-шешеңе барам" дедім.

 

Ол бірден менімен кездесіп, сөйлесетінімізді айтты. Сөйлестік, сөйтсем оның әйелі, 2 баласы бар екен. Маған: "кешірші, бұлай болады деп ойлаған жоқпын, достарымның бәрі бойдақ, солар мені азғырды" дейді. Сонда мен оған жай уақыт өткізетін ойыншық болғаным ғой.

 

Ол мені үлкен ағасына апарды, ол ағасы сен үйіңе айтпай тұра тұр, 3 күн ойланайық деді, Мен ойланғанда не шешіледі деп үйге әкеме айттым.

 

Әкем қатты ашуланды, ұрысты, көзіне көрінбеуімді айтты. Мен үшін анама қол жұмсады. Мен үйден кетіп қалдым.

 

Бір күні әлгі жігіттің әйелі хабарласып: "сен кімсің, күйеуімді қайдан танисын" дейді. Мен оған "қателестің, ондай адамды танымаймын" дедім. Әйелін аядым, жыным келді, екі баласы бар екен, балаларды ойладым,

 

Біраз уақыттан соң әлгі жігіт менің әкеммен кездесіп, оған "мен қызыңызға отбасым бар екенін айтқанмын, өзі соңымнан қалмай қойды" деп айтыпты. Осыны естігенде қатты ашуландым.

 

Сонымен ай, күнім жетіп босанып алдым, қызым бар, бірақ бүкіл өмірім құрыды, қаншама сөз естідім, қанша ауырдым қиналдым, мені алдағаны, өтірік айтқаны бәрі әлі жүрегімде тұр. Туған бауырларымның өзі менен сырт айналды.

 

Осы менің басымдағы қиындықтың бәрі өтер, кетер, ең бастысы аманмын, қызым аман, он екі мүшем сау деп қандай ауыр сөздер естіп жүрсем де шыдауға тырысып бақтым. Бірақ менің өмірімді тозаққа айналдырған жігітті кешіре алмадым. Әкеме айтқан сөздері есіме түсіп, мен де оның әйеліне: ""күйеуіңнің қандай адам екенін біліп жүрі. Оның кішкентай қызы бар, мені алдады, сенің көзіңе шөп салды" деп жазып жібердім. Алғашында ол маған сенгісі келмеген, бірақ кейін үнсіз қалды. Неге мен ғана қиналуым керек?

 

 

Айдана, Алматы облысы

Аlashainasy.kz

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста