Сарыағашта бірінші түнде жеңгелер төсек салып беріп, ертесі тексере ме? Оңтүстікке тұрмысқа шықққалы отырмын деген қыз жұрттан осылай деп ақыл-кеңес сұрады деп жазады Sn.kz порталы.
«Сәлеметсіздер ме! Мейрамдарыңыз құтты болсын! Маған ақылды қыз-келіншектердің кеңесі керек болып тұр. Жақында Сарыағашқа тұрмысқа шыққалы жатырмын. Естуім бойынша ол жақта азанымен тұрып, дала сыпыру керек екен. Мен өзім қаланың қызымын. Бірінші түні жеңгелер төсек салып беріп, ертесіне тексереді дейді. Сол рас па? Ондайды алдын естігенмін. Білетіндеріңіз болса, өтініш, түсіндіріңіздерші», – деп бөлісті қыз Instagram-парақшасындағы топтардың бірінде.
Жазбаға пікір қалдырған сарыағаштық қыз-келіншектер «пәктік тексеру» дәстүрінің барын растады. Ал кейбірі бұл салттың дұрыс емес екенін айтып, қарсы шықты.