Он жыл жүрген қызым басқа жанға тұрмысқа шығып кетті...

Он жыл жүрген қызым басқа жанға тұрмысқа шығып кетті...

Мен тұрмысы жақсы отбасында өстім. Әкем бір ірі мекеменің бас бухгалтері, шешем кадр бөлімінің бастығы болды. Жағдайымыз жақсы, тоқшылықта өмір сүрдік. Қос-қос үй, қос-қос көлікпен жүрдік. Әкем: "Махаббатқа тұрақты, адал бол, сонда бұл өмірде жолың болады" деп үнемі айтып отырушы еді. Мен әкімнің осы әңгімесін ешқашан ұмытпаймын және солай жүруге тырыстым. Алайда он жыл бірге жүрген қызым ақырында мені тастап, басқа жігітке тұрмысқа шығып кетті. Содан өзімді қоярға жер таппай жүрмін. Ішкі сырымды "Алаш айнасы" интернет газетіне ақтарғанды жөн санадым.

Мен жетінші сыныптан бастап, өзімнің қасымда, бір партада бірге отыратын Жәудір есімді қызға ғашық болдым. Ол өте білімді, сабақты жақсы оқитын. Оны ұнатқаным соншалық, кейде ауырып қалсам да, Жәудірді көру үшін мектепке баратынмын. Соның қасында отырып әңгіме дүкен құру, сырласу-қалжыңдасу мен үшін ғанибет болатын. Бір күні туған күнімде күндіз дастархан жасап, сыныптастардың бәрін үйге қонаққа шақырдым. Ойнадық, күлдік, биледік. Отырыс өте қызықты өтті. Сол кезде мен оған алғаш рет сөз айттым. Әрине, бетіне емес, бір парақ ақ қағазға сезімімді білдіріп, оның сөмкесіне білдіртпей салып жібердім. Ертесіне мектепке баруға бет жоқ. Оның жүзін көруге, оның қасында отыруға қатты ұялдым. Бірақ амал жоқ, мектепке бару міндет. Өйткені мен де үлгілі бала болдым. Оның үстіне сынып жетекшіміз әкемнің жан досы әрі бізбен көрші тұратын. Егер әкем себепсізден-себепсіз сабақтан қалғанымды білсе оңдырмайтын. Сондықтан сабаққа қатысуға тура келді. Сабақта ол да, мен де бір-бірімізге сөйлеген жоқпыз. Тіпті бір-біріміздің бетімізге де қарамадық. Арала үш күн өткен соң, кітаптарымның арасынан оның маған жазған жауап хатын тауып алдым. "Талғат, сенің жазғаныңды оқыдым, почеркіңді де жақсы танимын. Ұнатамын депсің. Менің де саған деген көңілім бар. Бірақ бұл туралы ешкімге айтпашы, өтініш! Әйтпесе, ұяламын. Мұны ешкімге білдірмеші, жарай ма?" деп жазып жіберіпті. Осыдан бастап мен оны күнде мектептен үйіне шығарып салатын болдым. Екеуміз бір-бірімізге сырымызды айтамыз. Сыныптағы ұлдар, қыздар туралы әңгімелейміз. Жалпы бір-бірімізді қатты ұнаттық, көрмесек тұра алмайтын жағдайға жеттік. 11 класста ғана сыныптастарымыз біздің бір-бірімізді ұнататынымызды білді. Тіпті оның да, менің де ата-анам естіді. Бүкіл ағай-апайлар хабардар болды. Біздің махаббатымызға бәрі қызығушылықпен қарайтын. Әкем де бір қызбен бес жыл жүрді деп риза болатын. Кейде "өзіме тартқан бала" деп еркелететін. Содан Жәудір екеуміз бір университетте оқыдық. Мен тарих факультетінде оқысам, ол филологияда білім алды. Онда да екеуміз қол ұстасып бірге жүрдік. Ол той-жиындарда біздің үйге келіп, анама жәрдемдесіп жүрді. Анам да болашақ келініне риза болды. Екінші курсты бітіретін кезде, енді үйленеміз деп отырған уақытта, кенеттен апам қайтыс болды. Әкем: "бір жыл қоя тұр, отбасымызда қайғы болғанда, той тойлағанымыз дұрыс емес", - деді. Әрине, келістім. Оның үстіне, апамыз қайтыс болғанда ағайын-туыстар да той жасауға қарсы болатын еді. Өстіп жүріп төртінші курсқа өткен кезде, есімізді жиып, әкем енді келін әкел деген уақытта, Жәудірдің әкесі жол апатынан түсіп қаза болды. Әрине, ондай кезде оған қалай үйленейік деп айтамын. Сонымен оқу бітірдік, жұмысқа түстік. Ол мектептке мұғалім болды, ал мен магистратураға түстім. Енді үйлену туралы сөз қозғайтын оңтайлы сәтті күтіп жүргенде ол аяқ астынан бір жұмыстармен Шымкентке кетіп қалды. Бір күн жоқ, екі күн жоқ, үш күн жоқ. Арада он күн өткеннен кейін Жәудірдің інісінен оны бір жігіттің алып қашып кеткенін естідім. Қаным басыма шауып кетті. Дерей Жәудірдің анасына барып, "сіз не бүлдірдіңіз?!" дедім. "Жәудір қайда, өмір барып әкелемін?!" дедім. Ол жылап тұрып, "бәрі кеш, Жәудір басқа жігітке тұрмысқа шықты" деді. Содан бері оны әлі көрген жоқпын. Жатсам да, тұрсам да соны ойлаймын. Он жыл жүрген қызым маған бұлай иттік жасауы мүмкін емес. Мен қазақтың алып қашу деген дәстүрін жек көремін. Осы дәстүр біздің болашағымызға балта шапты. Міне, үш айдан асты мен оны әлі күтіп жүрмін. Өзі маған қайта келетіндей сезімде боламын. Телефоны өшірулі. Ол туралы менде тек естелік суреттер ғана қалды. Есіме алып жылаймын. Өмірден түңіліп кеттім. Егер ол қайта келсе, ешнәрсеге қарамай үйленер едім. Өйткені ол менің өзім өсірген гүлім ғой. Ал оны қай қайдағы біреу иеленіп кетті. Енді мен не істеймін, қандай ақыл қосасыздар, ойлы оқырман?!.

Талғат,
Түркістан қаласы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста