«Өмірде жалқау, төсекте мылқау». Кедей таксистің әйелі болудан шаршадым
Күйеуімнің ескі көлігі бар, күнделікті қызымызды сабаққа апарып, сосын «таксовать» етуге кетеді. Жөні түзу жұмыс жоқ, 60-70 мыңға істегісі келмейді. «Өзім өзіме бастықпын», – дейді.
Үйде отыра жалыққасын мен де базар жағалап, күніне екі мың теңгеге нәски, іш киім сатамын. Алматының «Шаңырағында» времянка жалдап тұрамыз. Күнделікті тірлік сол, тамақ тауып жеудің қамы ғана. Кешкісін тамақтан соң, қызымыз ұйықтағаннан кейін әйтеуір міндетін орындайды да ұйқыға кетеді. Онысы қалай дейсіз ғой?
Санымнан ұстап, іш көйлегімнің етегін көтереді де, мүшесін салып жіберіп, шаруасын тындырады. Ләм-мим деп аузын ашпайды. Күйкі тірлік пе, әлде, сүреңсіз өмірден бе, соңғы бір жылдағы төсек қатынасымыз осы.
Жылы сөздер, ынтызарлық, рахатқа бөлену деген қайда? Үйленгенімізге тоғыз жыл, жасымыз әлі отызға да толған жоқ.
Жасұлан жылытты
Бірде сауда жасап тұрған жерімде бір жігіт мені айналшықтап, ананы сұрап, мынаны сұрап, ақыры таныстық. Күн суықта қалың шәліге оранып, аяғыма пима киіп алғанмын, киімімнен ұялып барам.
Неге екенін білмеймін, қызымды айттым да, күйеуім жоқ дей салдым.
Ол базарға күнара келіп, біршама уақыт жанымда тұрып, әңгімелесіп кететін. Қала іргесіндегі элеваторда ағасы бастық екен. Өзі де сонда. Сөйлесіп жүріп, мені ұн елейтін цехқа оператор етіп алғызды. Есімі Жасұлан. Енді күнде кездесетін болдық.
Маған Жасұлан қызығушылық танытқан сайын мен де жасанып, өзімді күтуге тырысатын болдым. Бір айдан кейін онымен төсектес болдық. Жаныма жағатын сөздер айтып, аймалап, бүкіл денемді сүйіп, қыздырып, оттай жандырды. Бір жылдай солып қалған гүлдей болып, күйеуіммен жатқан соң өзімді ұсталған трәпкідей сезінуші едім.
Енді міне, мына бір адамның мені жан-тәнімен қалайтынын сезіну деген неткен керемет еді!
Оны күнде қалап тұрамын, аймалағанын сағанып тұрамын. Ол жоқта соны ойлап, тәтті сезімге беріліп, төсектегі сәттерімізді көз алдыма елестетемін.
Енді күйеуіммен жатқым да келмейді
Басым ауырып тұр, белім ауырып тұр деп сылтауратамын. Үшінші сылтауымнан кейін ол «қойшы-ей» дейді де, алып ұрып, қинап шаруасын тындыратын болды. Ондай кезде көзімді жұмып алып, күйеуімнің дегеніне көніп, ісін бітіргенше демімді тартып жата беремін.
Көз алдыма Жасұланды елестетемін. Мен оның көзіне шөп салып жатырмын. Ол мені ажырасқан деп ойлайды. Маған сеніп жүр. Не болып кетті өзі? Әлде, күйеуімнің көзіне шөп салып жүрмін бе? Өзім де түсінбей қалдым.
Күйеуіммен айрылысайын десем, қызым бар. Бірақ, үй жоқ, күй жоқ, жағдайымыз мынау.
Жасұлан да маған тұрмысқа шық, бірге болайық деген сөз айтқан емес. Бірақ сүйетінін айтады, ешкімге бермеймін деген кездерінде ішім жылып қалатын.
Екі оттың ортасында жүрмін. Кейде ештеңені ойлағым келмейді. Бірақ шындықтан құтыла алмайды екенсің. Не істеуім керек? Басым қатты…
Сәлеммен, С.