Омар Жәлелұлы не себепті көп әйел алуға шақыратынын түсіндірді

Омар Жәлелұлы не себепті көп әйел алуға шақыратынын түсіндірді

 Абайтанушы, филолог-ғалым Омар Жәлелұлы "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына сұхбат беріп, көпәйелділікті қолдап, өзі қашан екінші жар алуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Отбасы тақырыбында семинар-тренинг өткізіп жүрген Жәлелұлы Абайды бизнес көзіне айландырып жүр ме деген жүргізуші сауалына:

"Абайды оқыған адам табысты болады. Неге? Өйткені Абайдың өзі: "Еңбегіңді сат, ар сатып не керек" деп айтады. Бизнес сөзі жақсы мағынада қолданылады. Ағылшындар қолы бос емес, бір іспен айналысқан адамды бизнесмен дейді. Білдей бір корпорацияны ұстау міндет емес. Ши басын сындырып келсеңіз ол да бизнес. Егер мен Абайды оқып кедей болсам, онда мен Абайдан түк түсінбегенім. Бізге өз еңбегімізді сатып үйренуіміз керек. Егер еңбекті сатып үйренбесек, ар сатып үйренеміз. Құлқыңның тамағы үшін арыңды сата бастайсың", - дейді абайтанушы.

Қазақтың "Қойныңдағы қатыныңа сенбе, астыңдағы атыңа сенбе" деген сөзі бүгінгі заман талабына қарай айтылған сөзбе деп сұрағанда:

"Бұл ғасырлар бойы өзін дәлдеген қағида, Лұқман хәкімің баласына айтқан өсиеті. Баласына: "Әйеліңе сенбе, патшаның нөкерімен дос болма және жаңа байыған адамнан қарыз алма" дегенді айтады. Баласы осы айтқанның бәрін жасап көреді. Патша алдына келгенде бұл әрекетті қалай түсіндіресің дегенде, "Әкем маған үш өсиет айтты. Соны тексеріп, үшеуінің де дұрыс екеніне көзім жетті", - деген Жәлелұлы әйелге не үшін сенбеу керегін де тарқатып айтып берді.

"Қатыныңа сенбе деген баяғыдан келе жатқан тәмсіл. Майлықожа айтады: "Жаман жігіт ыржақтап, қатынға сырын алдырар", - дейді. Қазақта шыныңды айтсаң да, сырыңды айтпа деген сөз бар. Неге? Өйткені оның нәті әйел адам. Қазақта "Қатын ашуланса, Құдайын қарғайды" деген тағы бір сөз бар. Құдайын қарғап жатқанда оның қасында күйеуі кім. Сондықтан ер адамның өз-өзін сақтап қалудың ғасылардан жеткен алтын қағидалары", - деді ол.

"Қазақ байлық та, бақ та тұрақсыз екенін білген. Инвестицияны балаға құю керек. Сондықтан инвестиция салатын шамаға келген кезде іркілместен балаға құю керек. Сол үшін екінші, үшінші, төртінші қатын алған. Өйткені ақша ысырап болмау керек. Ақша елдің игілігіне жарауы керек. Ал елдің игілігі адамның санымен өлшенеді. Сондықтан бұл халал жол. Қазіргі кездегі белгілі бір деңгейге жеткен бай адамдар миллион, миллиард тапқан адам ары қарай ақша жинау мағынасыз, мәнсіз боп қалды дейді. Сол кезде "әттеген-ай, қазақылықтың жетіспей тұғаны-ай" деп күйінем. Өйткені Абылай ханның бір өзінде отыз ұл, қырық қыз болған. Бұрынғы қазақтар ақшаны ысырап қылмаған. Көп әйел алуды бұзылғандық, нәпсіқұмарлық деп түсінбеу керек. Елге жасалып жатқан инвестиция деп ұғыну керек", - деген ғалым әйелдерді қызғанбауға шақырды. Өйткені, қызғанып жүрген кезде халық өспей қалса, қиын болатынын айтады. Саны көп ұлттан қорлық көргіміз келемес, көбеюіміз керек екенін алға тартады.

Сіз қашан екінші әйел аласыз деген сұраққа "байыған кезде" деп қысқа жауап берген Омар Жәлелұлы міндетті түрде алатынын жасырмады.

"Қазақта "Бай болғысы келмейтін адам жоқ, Құдайы қаламайды, хан болғысы келмейтін адам жоқ, халқы қаламайды" деген сөз бар. Сондықтан Құдай қаласа, халық қаласа бәрі болады деп ойлаймын", - деп астарлап жауап қайырды.

Stan.kz.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста