Олармен бірге жүрмесең, бәрі сені «чмо» санайды

Олармен бірге жүрмесең, бәрі сені «чмо» санайды

Шынымды айтайын, мен бесінші класқа дейін мектепті беспен оқымасам да, «ударник» болатынмын. Кейін келе-келе мектептің бұзық балдарына қосылып, күнделікке «2», «3» деген бағалар түсе бастады.

Басында мектептің бұзық балдарына қосылғым келмеген, үйге тіке барып, тіке қайтқым келіп жүрді. Бірақ қосылмасқа лаж, бірге жүрмеске амал қалмады. Өйткені, олармен бірге жүрмесең, бәрі сені «чмо» санайды. Сабақтың 5-10 минуттық үзілістерінде өзіңнен қорқып тұрса да, бірақ әлгі «бұзықтар тобында» жүрген балдар сені ұрып, құйрығыңнан теуіп, құлағыңнан шертіп, мазақ ететін. Ал оны ұрсаң, параллель класста оқитын бұзықтардың атаманы келіп, «біздің жолдас баламызды неге ұрасың?!» деп жабылып сабап кететін. Оны апайға айтсаң, сені бәрі «құлақ», «сатқын», «терпила» деп ешкім қасыңа жақындамай, сөйлеспей қоятын. Тіпті ондайды қыздарға дейін жақтырмайтын. Сосын амал жоқ, бұзық балдарға қосылып, дос болуға тура келеді. Бұлардың бір ерекшелігі, егер олардың «кругына», тобына қосылсаң, сабақ біткен соң міндетті түрде мектептің артындағы бауға барып, «разборкаға» қатысасың. Ол жерде соншалықты ештеме айтылмайды. Тек 20-30 бала дөңгелек құрып отырып алып, бір-бірімізді мазақ етіп, насыбай, темекі тартып отыратынбыз. Кейде 81, 80, 79, 78 жылғы «братандар» келіп, үйтіңдер-бүйтіңдер деп ақыл айтып кететін. «Общакқа» ақша жинап, оны үлкендерге өткізетінбіз. Күнде сол, сабақ біткен соң «разборкаға» жиналамыз. Кейін мектептегі біз қатарлы жігіттердің басым көбі бұзық балдардың тобына қосылып, ТГЖД «районының» (Түркістан қалалық теміржолы) 83-тері деген атауға ие болдық. Тіпті сол кезде топқа қосылған балдардың көп болғаны соншалық, ақыры 20-20 дан үш топқа бөліндік. 1-ші «круг», 2-ші «круг», 3-ші «кругтың» балдары болып, ортамыздан үш топтың «главарьын», атаманын сайлап, өзге көрші ауданның 83-терімен төбелесе бастадық. «Талпа-талпа», «разна-раз» дегенді сол кезде көрдік. Ана мектептен 60 бала, мына мектептен 60 бала бір-бірімізбен тас атысып, бас жарылып, киім жыртылып, көз көгере бастады. Күндіз күн демей, түнде түн демей төбелесіп жүріп, ақыры үйдегі ата-ана айғай салып, үйден қуа бастады. Мен 2-ші «кругтың» баласы болдым. Біздің атаман қып-қызыл жынды болатын. «Разборка» енді мектептен кейін емес, кешкі сағат 8-9 дан кейін басталатын болды. Сабақ қалды жайында. Разбордан 5 минут кешіксең, әлгі атаман сабайтын, тағы қолмен емес, таяқпен ұратын. Кейде үйде мал жайғап кешігіп қалатын кезде жаздың шіліңгір ыстығында үстімізге қалың күпәйкі, басымызға құлақшын киіп алатынбыз. Ол жаурағаннан емес, ана ұрған таяқтың соққысы батпасын деп киетін едік. Тағы ол разбор құрғыр түнгі 11, 12,1-ге дейін болып, үйге келгенде әке-шешемізден тағы таяқ жейтін едік. Әкем шләңгімен, шешем жазда – оқтау, қыста кесеумен қуатын. Кейде разбордан тым кеш қайтқан кезде үйге кіруге бата алмай, «чертакқа», үйдің шатырына қонатынмын. Мені қойшы, өзге достарымның ата-аналары балдарының артынан аңдып келіп, разбордағы бүкіл балдарды шешесі – шыбықпен, әкесі – сабы жуан ағашпен қуып жүріп сабайтын еді. Тіпті бір досымның марқұм әкесі баласы бізбен қаңғырып кетсе, артынан «матцкылмен» қуып жүріп ұратын еді. Қандай қиындық көрсек те, сол бала күнгі достар әлі күнге дейін айрылмас дос болып қалдық.


Атаманның әңгіртаяғы

Бір қызық оқиға әлі есімнен кетпейді. 6-шы немесе 7-ші сыныпта оқып жүргенде, әлгі екінші «кругтың» атаманы Бексұлтан өзінің қарамағындағы балдардың бәрін жинап, үйінде бір жұмыстың бар екенін айтып, көмектесуімізді сұрады. Ол кезде оған қарсы шығу қайда, бата алмайтынбыз. Сонымен бәріміз ертесіне таңертең үйден мектепке кеткен болып шығып, атаманның үйіне бардық. Ол қора салып, соның төбесіне тышқақ лай жаппақшы екен. Сонымен екі-үш бала лай жатқызып, енді екі-үші оны шелекпен тасып, қора төбесінде отырған жігіттер шелектегі лайды арқанмен тартып, жабыла кірістік. Бір кезде күн шақшиып «әбет» болды, таңертең үйден шәй ішпей шыққанбыз, қарын аш, әлгі атаман досыма: «Досты, «чо та», бас ауырып кетті» деп «намек» тастап қоямын. Ол өлерменнің шәй беретін түрі жоқ, ана жерді бітіріп тастайық, мына жерді бітіріп тастайық деп тыным таппайды. Бір кезде кеш бола бастады. Сонымен болмаған соң, қасымдағы достарды қайрай бастадым. «Осыдан қорқасың ба не, кім бопты бұл сонша бізді кешке дейін алып қалатын. Давай, сен баста, сосын бәріміз кетеміз» дедім. Бапек (Бағытбек) деген досым менің сөзіме намыстанып кетті ме, әлде оның да қайтқысы келді ме, бір кезде атып тұрып, қолындағы лай тасып жүрген шелегін жерге тастай сала, «Мен қайттым үйге!» деді. Қора төбесінде лай жатқызып отырған атаман досым біздің әлгінде күбірлесіп, «бәріміз кетейік, сен баста» деген сөздерімізді естіген болуы керек, ол да қабағын түйіп, ашуланып, қорадан секіріп түсіп, дәу таяқпен Бапектің басынан бір ұрып «Қайтасың ба?!» десе, Бапек досым, не жыларын, не күлерін білмей, көзі бақырайып қарап қалып «Жоқ, қайтпайм» демесі бар ма. Осының бәрін мен ұйымдастырып отырғанын іші сезіп отырған атаман бір кезде маған қарай ұмтылып, «сен де қайтасың ба?!» деді, мен «жоқ-ей, бітіріп тастаймыз» дедім. Сонымен түннің бір уақытында жұмысты бітіріп, атаман шәй, тамақ беріп, гуілдесіп үйді-үйге тарасқанбыз. Осы бала кездегі оқиға қазір бәріміз жиналып отырғанда есімізге түссе, ішек-сілеміз қатып күліп аламыз. Бірақ Бапек досым басына таяқ тигенде көзі бақырайып «жоқ, қайтпаймын» деп айтқанын әлі күнге дейін мойындамай келеді. Онысы біз мұны қыздармен бірге отырған «вечерлерде», кейін әйелінің қасында отырғанда айтқан соң ұялатын шығар бәлкім...

 

Автор: Серік Жұмабаев 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста