Ол маған: «Көңілдесім бол!» деді

Менің атым — Гүлмира, елорданың тұрғынымын. Жасым 27-де. Осынша жасқа келсем де, бойдақтықпен әлі қоштаспадым. Өмірімде жүрегімді жаулаған адам жоқ деп айта алмаймын.

Оқуға түскеннен бастап, кейін жұмыс іздестіре бастағанымда да, тіпті жұмысқа орналасқанымда да мынадай қиыншылықтар көп кездесе берді. Нақты айтсам, мен жұмыс қарастырып екі-үш жерге барғанымда, ашуланып, ренжіп қайттым. Кейін әйтеуір бір қызметке ие боп, енді ес жия бергенімде, тағы осы жағдай алдымнан сумаңдап шыға келді. Бұл бүкіл қыздардың өмірінде болатын жағдай ма, әлде тек менің бе?! Ол жағын ойланып жатуға уақытым болмады. Шынымен көріктімін бе, әлде қызқұмар еркектің арзан махаббатын, нәпсісін оятатындай өн бойымда жағымды бірдеңке бар ма, түсіне алмадым. Өзімнен сәл үлкенірек болса мейлі ғой, ағаммен, әкеммен жасты ер адамдардан жиі ұсыныс түсті. Сондағысы «көңілдесім бол» дейді. «Жағдайыңды жасаймын, ішкенің артыңда, ішпегенің алдыңда болады, қарық қылам, жарық қылам», қойыңызшы әйтеуір не керек, бәрі шетінен жарылқағыш боп қалады. Ауылдан келгендіктен, ата-анамның алдында ұятқа қалмауымды ойладым. Бірақ жиі-жиі қайталана берген соң, шайтан азғырды ма, солардың біреуінің ұсынысын қабыл алдым. Ақшадан шынымен қысылып жүр едім, кедейліктен солай оп-оңай құтылғым келген. Үй де алып берді, қымбат көлігім де болды, ақшаны оңды-солды шаштым, қымбат киімдер кидім. Ол балалы-шағалы адам еді. Басында күндіз де, түнде де жасырын кездесіп жүрдік. Өзі алып берген пәтерге емін-еркін кеп тұрады. Бар жағдайымды жақсартып берді, ата-анам мен бауырларыма да қаржылай көмек бере алатын жағдайға жеттім. Ешкімге бірақ мына жайтты білдіртпедім. Ол да риза, мен де риза. Ол менен көп жас үлкен болса да, мен одан жиіркенбедім. Оның өзін емес, үстінен шығатын ақшасының иісіне құмарттым. Еш қысылмай құшақтап, еш қысылмай өз нәпсісін қанағаттандырды. Ал, есесіне, мен үлде мен бүлдеге орандым. Жаныма жолап кеткен еркекті аямайтын. Осылай жылдар өтті, мен одан әйелі мен балаларын тастап, маған үйленуін талап еттім. Оның сылтауы көбейе бастады. Әне ажырасам, міне ажырасам деп. Не керек, ажыраспады. Бірнеше жыл өткенде ол менен суи бастады. Аңғал басым оның мәңгілік махаббаты екендігіме сеніп қалыппын. Отырып алып өксіп жыладым. Сөйтіп бір түнде сатып әперген үйіне де, көлігіне де түкіргенім бар деп, жиналып басқа қалаға кетіп қалдым. Қазір жалғызбын. Қасымда жұбататын, арқа сүйейтін ешкімім жоқ. Туысқа да, досқа да қарайтын бет жоқ. Ата-анамның да көңілі қалған. Осылай жалғыз өтем бе, білмеймін. Байлық та, қымбат киім-кешек те, арзан сезім де уақытша екенін өте кеш түсіндім. Сезім деген нәрсе болмаған да шығар мүмкін. Менікі енді ақшақұмарлық, ана адамдыкі нәпсіқұмарлық. Болды. Дәл қазір депрессияда жүрмін. Ботакөз, сен ақылды қызға ұқсайсың. Маған азды-көпті жылы сөзіңді арнап, рухани болса да демеу беретініңнен үміттімін. Басқа қыздар мені масқара еткен қателіктерімді қайталамаса екен деймін…» 

ikerim.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста