Тұрмыстамын..........
11 сынып оқып жүргенде бір жігітпен жүрдім, оны қалай жақсы көргенімді сөзбен жеткізе алмаймын...
Қазір жасым 21 де, магистратураның студентімін. Түсінікті болу үшін бəрін басынан бастайын......
Мектепте оқып жүргенімде көп жігіттер сөз салатын, əрине менің де ұнатқан жігіттерім болды, бірақ жүру туралы ойламайтынмын. Ең жақын құрбым жалғыз қыз болатын кейіннен біздің мектепке көрші сыныбымызға жаңадан қыз келіп екеуміз ҰБТ- ға бір мұғалімге барып ажырамас дос болып кеттік. Ол менің ең жақын құрбыма, туысыма айналды. Қайда жүрсек те біргеміз, сырласым, адал досым болды. Бізден бір сынып төмен інісі бар еді, түсінікті болу үшін айтайын мен мектепке 6 жасымнан барғанмын, ол 7 жасынан, спортшы болғандықтан бəрлық қыздың арманы болатын. Ол кезде агентке кіретін едік барлығымыз, сол агент арқылы інісімен сөйлесетінмін əрине, құрбымның інісі ретінде.
Солай жүріп ол маған өз сезімін білдірді, мен əрине біріншіден қатты ұялдым, екіншіден қорықтым мектепке масқара болатын болдым деп.... Спортшы болғандықтан əр қалаға баратын, түрлі сыйлықтар алып келетін, солай жүріп мені баурап алды. Мен ұялдым қатты солай арадан айлар өтіп сауір айы келді, мен басқа жігітпен жүріп көрейін деп бір жігітің ұсынысына иə деп жауап бердім, бірақ ол жігіт те 2 күннен соң жоқ болып кететін, себебі өзі бəрін шешіп сөз салған жігіттермен сөйлесіп ол жігіттер маған екінші рет жоламайтын. Солай оның əпкесіде менің құрбым оның мені қалай жақсы көретінін айтып, əбден бауыр бастым.
Солай мектеп бітіріп мен Алматыға ағамның қасына оқуға, ол болса коледже өзіміздің қалада қалды. Екеуміз бір - бірімізсіз тұра алмайтын болдық, мен ұзақта ол жарыстарға келсе менің қалама соғып екеуміз таңға дейін жүре беретін едік. Солай жүріп бір жыл өтіп кетті, мен өз қалама келгенде өз көзімен басқа қызбен жүргенін көріп жүрегім қан жылады. Кешіре алмадым кешірмеймін де өзімнің мінезім тік бұндайды кешіре алмадым,түсіндіргісі келді бірақ кеш...
Ал жан құрбым, оның əпкесі сол жылы оқуға түсе алмады, мен 2 курс оқып жүргенімде ол алматыға келіп оқуға түсті. Солай екеуміз жақын араласуымызды жалғастырдық. Ол бір жігітпен жүріп, жақындасып қойды, екеуміз де қатты қиналдық, бірақ жеңдік қиындықты. Мен оның осы проблемасын анама айтып қойдым, себебі мамам менің кішкентай кезімнен жан құрбым болып өсірді. Бір күні анам құрбыма оның қыз емес екенін, енді абайлап жүруін өтініпті. Сол күннен бастап ол менің дұшпаныма айланды. Мен оған түсіндіргім-ақ келді, оқуына іздеп бардым ондағылар оны оқудан шығарып жібергенін айтты. Менің ата-анам Алматыға мен оқып жүргенде көшіп келген. Сол себепті ол маған жиі келетін. Қатты қиналдым құрбыма иттік жасағаныма бəрі кеш болды.
Университетті үздік бітірдім, бірақ сол жігіттен басқа ешкіммен жүрген емеспін. Сөз салушылар болды бірақ магистратура студенті болу менің арманым еді. Солай жүргенде Алматы қаласына сол баяғы жігітім келіп, 3 ай бойы менің мазамды алуын қоймады. Сөйтіп жүргенде Бангкок қаласында жарысқа кетті,ол кеткенде жүрегім қатты ауырды солай оны əлі сүйетінімді түсіндім. Ол жеңіспен оралып екеуміз де қуандық, солай келген күні-ақ маған ұсыныс жасады, мен əрине келістім!
Солай мен магистратураға өзіміздің қалаға түстім, ол екеуміз мектеп кезінде армандағандай тойымыз өтті. Анасы кішкене қаталдау еді, мен әпкесі бірдеңе дер ме деп қорқып едім, ол да үндемеді.
Енді неке түні өтті, солай өмірімнің тозақ күндері басталды.Күйеуім сүйіктім деген адамым сол күні ақ ажырасатынын айтты. Мен қалай үйге барам келгенім кеше дедім, солай ол мені жақсы көрмейтінін əпкесінің менің кесірмнен масқара болғанын, əкесі мен анасының ел-жұртқа қарайтын беті жоқ екенін айтып келін боп түскен күні таңертең айтты....
Менің сенгім келмеді......
Анасы да мені сыйдырмады,таңертең 5 тұрғаннан кешке 1-2 жатам көңілінен шығуға тырысам, тамақ істесем де, үй жинасам да көңілінен шыға алмадым.....
Әпкесі туралы айтпаймын, іш киімдеріне дейін тексеріп алады кір жусам,таза жумайсын деп міндетті түрде бəрін лақтырып екі рет жуамын. Күйеуім қазір жарысқа дайындалуда. ... Тұрмыс құрғаныма 3 ақ ай болды негізі соның өзінде қиыналам, куйеуім мені сүйсе қолдау көрсетсе шыдаймын бəріне, себебі оны əлі сүйемін.....
Бірақ ол басқа қыздармен сөйлеседі оны өзі де айтады, мені жек көретінін айтады.
Дайындықта жүргеніне 2 айдай болды, сол уақыттан бері 3 рет телефон соқты. Оның өзінде құжаттар керек болып.
Мен шыдай алмай оған кететінімді жазып жібердім, ол звондап əлі сөйлесетін көп проблемалар бар, күт өзім 2 аптада келемін деді......
Оны сүйемін, қимаймын басқаға, қолымнан не келеді, ештеңе.....
Ешімдегі сырымды ешкімге айта алмаймын, не деп айтам куйемнің мені үйден қуатынын қалай кімге айтам.....
Жүрегім ауырады анама қалай бəрін түсіндірсем екен, үйдегілер айтып отыратын, қайтып келсеңдер біздің қызымыз емесіңдер деп....Бұл масқараны кімге қалай айтамын?
Анашыма қалай түсіндірем.........
Енді не істеймін?
Кеше түнімен кілем жуған едім, бүгін температурам 38 болып ауырып тұрмын соған болар көңілім босап жазғаным.....
Ауырғанда анам сүт беріп қарайтын, қазір ауырғанымды айтуға қорқып отырмын....
Аноним
alashainasy.kz/