Нәпсіме ие болмай, опық жедім…

Басымнан өткен мына бір жағдайды айтқым келіп отыр. Өйткені нәпсісіне ие бола алмай жүрген көптеген ер-азаматтарға сабақ болсын деймін. Шынымды айтайын, бір қыздың етегін көтерем деп сорлап қалдым.

Оқиға былай болған еді:

Осыдан біраз бұрын пәтер алдық. Әрине, кредитке. Алайда ақша табу, оны төлеу қиынға соқты. Ақыры әйеліміз екеуміз ақылдаса келіп, бос тұрған бір бөлемеге бір-екі пәтерші қыз алмақ болдық. Ондағымыз табатын табысымыз кредитке кетсе де, қыздардың берген ақшасы шай-пұлымызға жететін шығар деген үміт еді. Алғашында жас отбасын алсақ па деп ойлап едік. Бірақ олардың келер-кетер қонағы, ертең бөпесі болады. Үйіміздің опыр-топырын шығарады деп ойлай келе, бір бөлмеге екі қыз алмақ болдық. Алдық та. Бар пәле содан басталды.

Екі қыздың бірі байдан шыққан жас келіншек еді. Сымбаты болған соң кейде көзіміз түйісіп қалып жүрді. Оған да сол керек пе, әйелімнің көзін ала бере маған ішіп-жеп қарайды.

Біртүрлі екен. Кейде әйелім үйде болмай, мен жалғыз қалсам, шай қойып мені бірге ішуге шақырып жүрді.

Қазақтың «тана көзін сүзбесе, бұқа жібін үзбейді» дегені рас екен. Өзі сүйкеніп өліп жүрген келіншекті үйде ешкім жоқ кезде қолынан тартып өзіме икемдеп едім, қойныма кіріп кетті. Ары қарай түсінікті ғой… Еркек емеспін бе?!

Содан бастап үйде оңаша қалсақ, пәтерші келіншекпен құшағым айқаса кетіп жүрді. Мұның соңы басыма пәле болып жабысарын білсемші? Бірде жалаңаш құшақтасып жатқанымды ұялы телефоныма түсіріп алып едім. Ыстық құшақта елтіп жатып, өшіруді ұмытып кетіппін. Содан кешке әйелім бір жерге хабарласайын деп телефонымды сұрап алған. Өзінде шамасы, бірлік бітіп қалса керек.

Теледидар көріп, кішкене қызымды құшақтап жатқан едім.

Әйелімнің жан дауысы шықты. Ас бөлмеге жүгіріп бардым. Әйелім еңіреп тұр. Қолында менің телефоным. «Мынау не?» дейді.

Сонда барып суретті өшірмегенім есіме түсті. «Қайдағыны шығаратының не, қайдан білем?», деп телефонды жұлып алып, еденге бір ұрып, тас-талқанын шығардым. Басқа жол жоқ.

«Ана суреттегі біздің төсек, құшақтап жатқаның квартирант келіншек қой», деп әйелім тап-тап береді.

«Әй қайдағы мен, дұрыстап қарадың ба? Интернеттен көшіріп алған сурет қой», деп мен айқайға бастым. Басқа амал қалмады.

«Дәл сенсің! Сені танымай не болды? Ақ төсегімді арамдадың, кет үйден. Ана жезөкшемен бірге тұр. Оны да құртамын», деп әйелім айқайға басып жатыр.

Ақыры үйден шығып кеттім. Екі-үш күн әйелімнің ашуы басылсын деп достардың үйіне қонып жүріп қайтып келсем, әйелім үйге кіргізер емес.

Не істеймін? Басым қатты. Квартирант келіншекпен төсектес болам деп сорлап қалдым.

Міне, басымнан өткен оқиға осы.

Әрине, «Нәпсіңе ие бола алмаған өзіңнен көр» дейтін шығарсыздар. Иә, бәріне кінәлі өзім. Мұны неге жазып отыр дейсіңдер ғой?

Біз секілді кредитке пәтер алып оны төлей алмай, амалсыз «квартирант» алып жүрген отбасылар көп.

Сондай отбасылардың азаматтары «пәтерші» қыздармен көңіл көтерем деп, мен секілді ұрынып қалмасын деген ой ғой.

Міне, менің жүрісім мынау! Қыстың көзі қырауда үйге кіре алмай, әр досымның үйіне бір қонып, оларға «әйеліммен табыстырыңдаршы, енді ойлай істемеймін», деп жалынып жүргенім.

365info.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста