Нәпсіге ерік беріп...

Нәпсіге ерік беріп...

Нәпсіге ерік беріп, келеңсіз жағдайға тап болған адам жайлы естісем, өзім де бұған дейін «қалай солай істеуге болады, ар-ұяты қайда?» деп сөгіп отыратынмын. Бірақ, адам кейде, қалай аңдамай басып адасқанын өзі де білмей қалады екен. Ойнап жүріп от бастым. Оңбай сүріндім. Сүріндім дегенім аз болар, оңбай омақасып құладым. Енді қалай бойымды тіктерге білмей басым қатып жүрмін.

Ерсін екеуміз бір-бірімізді сүйіп қосылдық. Екеуміз бір ауылданбыз. Ол меннен үш жас үлкен. Ерсін университет бітірген жылы мен колледжді тәмәмдадым. Сол жылы шаңырақ көтердік. Қазірше бір баламыз бар. Ол мектепке барған соң екінші баланы дүниеге әкелуді жоспарлап жүрміз. Оған дейін материалдық жағдайымызды оңдап алайық деген ой... Ата-енем де сол ауылда тұрады. Қолдарында келіні болған соң бізді бөлек шығарған. Бірақ демалыс күндері ұлымыз ата-әжесінің үйінде болады. Ол бізге де тиімді. Өйткені, ауылда Ерсіннің бірге оқыған жолдастары көп. Демалыс күндері бір болмаса, бірі қонаққа шақырады. Қысқасы демалыс бос өтпейді. Достары өте ұйымшыл. Достар бас қосқан соң ептеп ішеміз, ойын-сауық... Достар қатты қалжыңдаса береді. Қалжыңдап бір-бірінің әйелін құшақтап сүйе де салады. Ондайда ешкім ренжімейді. Өйткені ешкімде бөтен ой, бөтен пиғыл болмайды. Қысқасы барлық кештеріміз өте көңілді өтеді. Сондай кештердің бірінде оңбай омақастым.

Сенбі күні кешке Болаттың үйі қонаққа шақырды. Түске дейін жұмысқа барып келіп, кешке киетін киімдерімді дайындап жатқам. Сол кезде Ерсін де келді. «Тез тамағыңды дайында, қазір бастықпен қалаға кетеміз. Алла бұйыртса, ертең түс ауа келіп қаламыз» деді. Бар ойым кеште болып, қалаға неге бара жатқанын сұрау орнына, «Болаттың үйіндегі кешті қайтеміз» деппін. «Сен өзің бара бер, түнде Айдар үйге әкеліп тастайды, айтып қойдым» деді. «Қойшы, сенсіз бармаймын» деп едім, «бөтен ешкім жоқ, тек өзіміздің достар ғана ғой» деген соң келістім.

Ерсінді шығарып салып, боянып отырғанымда үйге Айдар келді. «Бүгін байың жоқ, сен менікі боласың» деп құшақтап сүйді. Мен де қағытып, «бір әйелді қарық қылмай жүріп, екінші сенің не теңің» деп қалжыңдадым. Айдар «мен Айнашты (әйелі) алып келем, сен жарты сағатта дайын бол деп шығып кетті. Жарты сағаттан соң есік алдына көлік келіп тоқтады. Ойбайлатып синал бергенінен-ақ Айдар екенін білдім. Көп күттірмей мен де шықтым. Болаттың үйіне барғанымызда жолдастар әлі толық жиналмаған екен. Айнаштың қолында кішкентай баласы болған соң мен Болаттың әйеліне дастархан жасауға көмектестім. Әне-міне дегенше қалған достар да келді. Кеш басталды. Кешті әркездегідей Айдар жүргізді. Оны жолдастары «штатный тамада» дейді.

Ерсін болмаған соң жолдастары менің көңілімді аулап «іш-же» деп назардан тыс қалдырмай отырды. Бүгін Ерсін үшін де ішесің деп қолқалап, бірінен соң бірі іш-іштің астына алды. Бәрінің көңілін қимай, бір-екі ұрттап отырып біршама қызып қалдым. Екінші дастарханға отырған кезде Айнаштың баласы мазасызданып үйіне қайтатын болды. Мен де Айнашпен қайтпақ болып едім жігіт-қыздар жібермей қойды. Айдар кешті басқарып отырған соң Айнашты Болат апарып тастап келді. Ән салып, би билеп түн ортасы ауғанда барып тарқастық.

Ерсін айтқандай мені Айдар үйге әкеліп тастайтын болды. Екінші дастарханда да біраз іштік. Масайып қалыппын. Орнымнан тұрғанда, басым айналып, түзу жүре алмай қабырғаға сүйендім. Қанша тырыссам да, аяғым еркіме бағынбай қойды. Өзім жүре алмаған соң Айдарды қолтықтап алдым. Жол-жөнекей бір досымызды үйіне жеткізіп салып, Айдар мені үйге алып келді. Аяқта әл жоқ. Машинадан зорға дегенде түстім. Жүруге шама жоқ. Сондықтан Айдар қолтығымнан демеп үйге алып кірді. Жатын бөлмедегі төсекке әкеліп жатқызды. Бәрін сезіп жатырмын. Айдар аяқ киімімді, сосын сырт киімімді шешті. Бір кезде көйлегімді шеше бастады. Мастық па, нәпсі ме, неге екенін білмеймін, мен қарсылық көрсетпедім. Солай Айдармен құшағымыз айқасты. Басым қатты ауырып оянсам, Айдар анадан туғандай, қасымда тыржалаңаш ұйықтап жатыр. Әлі таң ата қоймаған екен. Сонда барып не бүлдіргенімді ұқтым. Айдарды жұлқып ояттым. Қарауға бет жоқ. Тек «кет, кет» дей бердім. Айдар «кешір, кешір» деген күйде үйден шығып кетті.

Бір жағынан бас ауру, екінші жағынан ұяттың оты тұла бойымды күйдіріп барады. Түс ауа Ерсін келгенде әлі ес жия алмай жатқам. Менің халімді көріп, «екеуміз үшін ішкенсің бе?» деп қалжыңдап жатыр. «Сен жата бер мен қазір сорпаны ысытам, соны ішкен соң жақсы болып қаласың» деп асханаға кетті. Орнымнан тұрмақ болдым, бірақ шама жоқ. Біреу иығымнан басып тұрғандай. Менің еңсемді басып тұрған ішімдік емес, ар-ұят екенін Ерсін қайдан білсін.

Ерсіннің ысытып әкелген сорпасын ішкен соң расымен де бас ауру жеңілдеді, бірақ жанымды жеген ар-ұяттан сорпа қалай арылтсын?!

Сол жағдайдан кейін көп өтпей, жалғыз отырғанымда, бірде үйге Айдар келді. Кешірім сұрауға келген шығар деп ойласам, «сені ұнатып қалдым» деп тесірейіп, бетіме қарап отыр. Мен оған мастықтың кесірінен кешірілмес күнә жасағанымызды айтып, «ол жайлы мүлде ұмытайық. Ол бір көрген түс болсын» деп түсіндіруге тырыстым. Сәл үнсіздіктен кейін Айдар «мен сені жақсы көрем, сезімімді басқара алар емеспін» деп шығып кетті. Содан бері екі айдай уақыт өтті. Менің жалғыз екенімді білсе, Айдар үйге жетіп келетінді шығарды. Бірақ одан кейін арамызда ештеңе болған жоқ, енді болуы да мүмкін емес. Қанша түсіндірсем де Айдар сөз ұғатын емес. Досым деп Ерсін де одан күдіктенбейді. Көрші-қолаң да Ерсіннің досы деп қарайды. Бірақ бұлай жиі келуін қоймаса, сөз шығары анық. Енді не істеуім керек? Білмеймін...

Болған жайды Ерсінге айтсам, шаңырағымыз шайқала ма деп қорқам. Достардың арасы бұзылады. Айдар мен Айнаштың отбасы да бұзылуы мүмкін. Осының бәрін айтсам Айдар ұғар емес. Не істесем болады? Ақыл қосыңыздаршы.

Мақпал, Қостанай облысы

 alashainasy.kz/

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста