Нәпақа табамын деп нәрестесінен айырылған келіншектің тағдыры

Жансель лотерей ұтысына қатты сенбейтін. Кредит төлеуге ақшасы жетпей қалған кезде ылғи ойлайтын: "Шіркін, бинго ұтып алып, кредитімді жауып тастасам ғой ",- деп. Айына бір-екі рет бинго лотереясын алып тұрды. Бірақ ешқандай ұтыс шықпайтын. Қарызданып, кредитін төлейтін.

Ол кредитті өзіне алмаған еді. Жалғыз бауырының жаңа үйіне жиһаз алған. Жансель жалғызбасты ана болса да, ешкімге жалбарынып, көмек сұрамайтын. Ұлы мектепте оқиды. Өзі медбике болып жұмыс істейді. Бос уақытында укол, система салып, азық-түлікке ақша табатын.

Жансельде басында барлығы да жақсы болған еді. Жолдасы екеуі тату-тəтті ел қатарлы өмір сүретін. Ұлы бірінші сыныпқа барғанда, Жансель қыз баланы дүниеге əкеледі. Тоқсаныншы жылдардың қиын жылдары болатын. Медбикелердің айлығын уақтылы бермегендіктен, Жансель жұмыстан шығып кетеді. Сол кездегі көптеген нəзік жандылар сияқты, ол да базарға шығып, саудамен айналыса бастайды. Табысы жақсы болады. Бірақ бір жасар қызын қарайтын адам табу қиын болады. Қызын біресе көршісіне, біресе құрбысына қалдырып, Алматыға тауарға барып жүреді. Ұлы мектептен үйге өзі келіп, өзіне — өзі қарайтын.

Жансель Алматыға бару үшін қызының қасына адам іздейді. Күйеуі кезекшілікпен жұмыс істейтін. Бұл жолы қызының қасына қалуға студент қайынын шақырып алады. Алматыға барып, тауарын алып, ол тауардан қанша пайда түсетінін ойша есептеп, ол ақшаға не алатынын жоспарлап келе жатқан Жансельде күтпеген жағдай болады. Вокзалда оны құрбысы күтіп алады. Күйеуі күтіп алу керек еді. Жансельді көрген кезде, құрбысы жылап жібереді. Түк түсінбеген Жансель не болғанын сұрайды. Құрбысы Жансельге кішкентай қызының шетінеп кеткендігі туралы айтады… 

Жансель Алматыға кеткеннен кейін, қызының қызуы көтерілген. Ол кезде ешкімде ұялы телефон жоқ. Жас студент қайнысы не істерін білмей, қызу түсіретін дəріні берген. Қызуы түспегендіктен, тағы да бірнеше таблетканы суға езіп берген. Осы кезде көршісі келіп, бар жағдайды көріп, дереу жедел-жəрдем шақырған. Кішкентай періште қыз ауруханаға жетпей, көз жұмды. Ауруханаға Жансельдің күйеуін жұмыстан шақыртып алады. Қызынан айырылған əке зар жылайды. Барлығына Жансельді кінəлайды. Саудаға беріліп, балаларды қарамады дейді. Осы өкінішті жағдайдан соң, Жансельдің күйеуі отбасынан кетіп қалады. Жарты жылдан соң екеуі ажырасады. Содан бері Жансель ұлын жалғыз өзі тəрбиелеп келеді. Сауданы тастап, медбикелік жұмысына қайта тұрады.

«Бинго ұтсам ғой» деген арманы орындалады. Əжептəуір қаражат ұтып, кредитін жауып, жалғыз бауырына машина алып береді. Оңай жолмен келген ақшаның қадірі жоқ дегендей, ол ақша тез бітіп, Жансель қайтадан баяғыдай бірқалыпты, қарапайым өмір сүреді.

P.S.: Түсінемін, қазір көп адамдардың қаржы жағдайы мəз емес. Бірақ, ақшаның соңынан жүгіремін деп, өмірдегі баға жетпес байлығымыз БАЛАЛАРЫМЫЗ екенін ұмытпайықшы, ағайын.

Аубакирова Ақсұңқар

ikerim.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста