Монашканың махаббаты

Монашканың махаббаты

Кез келген нәрседен ерекшелік іздеп тұратын мен сияқты қиялға бұлай айту ерсі болар. Бірақ шын сөзім – жүрек оттай береді. Тек оны оттата алатындар мен оята алмайтындар бар. Махаббат деген не?! Ол жарнамадағы киндер сюрприз емес!

Ғалымдар бір адамға ғашық болсаң, екіншісін сүйе алмайсың деген тұжырымдама ұсынады. Бұл қаншалықты рас. Қазір моногамдар бар ма?! «Кешью» дұрыс кеңес береді – «Жігітіңді байлап ұста!». Енді ше, шетінен қойға тиген қасқырдай болмаса да, байға тию үшін қаншама таластың, дау-жанжалдың арасында жүр… Негізі жігітіңді емес, «Байыңды байлап ұста!» деу керек еді… Ол енді бөлек әңгіме.

Адам ғашық болғанда норадреналин бөлінеді екен. Сосын жүргенің «жапырақ деген жасыл» екен ғой деп қиялға беріліп, қалықтап. «Керемет сезім!» дейді ғой дәмін татқандар. Бірақ ол тарқаған соң көктен жерге лезде құлау қиын екен. Көзің ашылғанда бәрінің басқаша екенін түсінесің. Ал ол көз қашан ашылады?!

Біздің бойымызда достықтың, сенімнің және махаббаттың гормоны – Окситоцин бар. Ғалымдардың зерттеуінше ол бөлінсе 8 айдан 3 жылға дейін қызмет етеді екен. Махаббат 3 жыл өмір сүреді деген ұғым осыдан қалыптасса керек. Алайда ғалымдар 15 жыл өтсе де бір-біріне ғашық жандарды анықтаған. «Бұл сирек кездесетін құбылыс» деп зерттеушілердің өздері таң қалыпты-мыс. Сонда күйдім-сүйдім деп үйленген соң, бойыңдағы окситоцин ыдырап, қалыпты жағдайға қайтып ораламыз ба?! Мұндай кезде бір сарынды сезімнен құтылу үшін ер адамдар жаңа леп, балғын бейне іздей бастайды. «Микс» жасау арқылы жастық шақтары еске түсіп, ішіндегі «өлген жанартаулары» ояна бастайды. Осыдан соң «әйелімнің көзіне шөп салмадым» деген әңгіменің әйтеуір айтыла салатынын түсінеміз. Еріңіздің көзі өзгеге түспесін десеңіз – мықтының мықтысы болуыңыз керек. Менімен келіспей «оттаған әңгіме» деп отырсаңыз, демек сіздің мықты болғаныңыз! Күйеуіңізді әлі де қасыңызда ұстап жүрсіз. Ал мықта болу үшін 24 сағатыңыз жоспарлы, ас үйіңіз бен жатын бөлмеңіздің жағдайы бірінен бірі асып тұруы қажет. Айту оңай, жазу одан да оңай… Хош, махаббатқа қайта оралайық.

Ғашық адамның көзі жайнап, аяқ алысы жеңілдеп, әлемге қуанышын айқайлап айтқысы келеді. Олар ренжуге бейім келіп, амбициясы мен еркіндігінен тез бас тарта алады. Сол бір жан үшін бәрін құрбан етуге дайын тұрамыз. Негізі көп қателік осы тұста орын алады. Қыз бен жігіттің қарым-қатынасы да – маңызды ойын. Бір ғана жеңімпаз. Не ол, не сен. Ендеше бұл сезімнің артық және кем тұсын ажыратып көрелік.

Махаббаттың «плюсы» ол – болмысты өзгертетін ұлы күш. Жанданамыз, тірілеміз, сүйкіміміз арта түседі. Оған бір ғана мысал: басың бос кезде сенің айналаңда өлі тыныштық орын алады. Ал өміріңе бір адам енсе, өзгелері де қаптап кетеді. Көңіліміз көтеріңкі, жадырап, жайнап жүреміз.

«Минусы» — адамды бір-ақ сәтте ақымаққа айналдырады. Эйфорияда жүреміз. Оның әр айтқан өтірігіне сеніп, олқы ісін ақтап аламыз. Өзіміздің принциптерімізді ұмытып, оның жанында болу үшін барлық кедергіге қарсы тұрамыз. Алайда ол жауапты махаббат болса жақсы ғой, өзіңмен өзің ғарышқа ұшып, Марста өмір сүріп жүрсең, қасірет.

Ләйліден жұрт көре алмаған сұлулықты суреттеп, ес-түссіз ғашық бола алатын Мәжнүндер бар ма екен?! Қазір көңілдің емес, көздің таразысымен өлшейді. Жақсы киініп, сергек жүрсең, сеннен асқан сұлу жоқ. Ал белгілі-белгісіз себептермен апыл-ғұпыл жиналып шыға салсаң, көзі мен сөзі жарысып тұратындар «еееее» деп жаныңнан өтіп кетеді.

Жалпы қыз құлақпен, жігіт көзбен жақсы көреді деген теория шындыққа саятын сияқты. «Үйленгенше жаным деп, үйленген соң жаныңды жейд(і)», — дейді. Алдап тұрғанын білсеңіз де, алдана салыңыз. Кім кімді ақымақ қылғанын аяғында білесіз. Қыздан қулық арылған ба?! Сөйтіп-сөйтіп адам қылып алармыз J.

Парфюмер Жан Поль Герлен: «Мен бір әйелді кездестірдім. Тек түсінбейтінім бірінші оның әтіріне, сосын өзіне ғашық болдым ба, әлде өзіне сосын әтіріне ме?!», — дейді. Еркекті елітетін де, ерітетін де күшке иеміз негізінде. Тек өзімізді дамытуға ерінеміз.

Жоғарыда оқығандарыңыз тақырыптың кіріспесі. Ал енді айтар ойыма көшейік. Махаббатты жалпақ тілмен монашканың және жалмауыздың деп 2-ге бөлер едім. Яғни, «көпті көрген» қыздар мен тым тәртіптілердің махаббат баяны. Бірі жалмаңдап жүріп бәріне үлгеріп, соңында өзіне жар етіп жақсысын таңдап алады. Ал екіншілері «болмайды» деген үй қамақтан енді босағанда түлкілер мен қасқырларға жолығып, біраз сынақтардан өтеді. Қай-қайсына да оңай емес. Бірақ монашкалар махаббат деген осы екен-ау деп ауыздарын ашып алдануға дайын тұрады. Қарға келіп қарқ етеді, сауысқан келіп сарп етеді. Алайда олар да соңында ақ боз атты ханзада болмай шығады. Сондықтан қай істің де уақытылы орындалғаны жақсы. Жігітпен «срогың» өтіп кетпей тұрған кезде жүрсең, күйеуге отырып қалмай тұрғанда тиесің.

Ғашық болған жандар ұзақ өмір сүреді екен. Ендеше қош келдің көктем, қош келдің махаббат! Ұзақ өмір сүрейік.

ikerim.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста