Мені ата-анам асырап алған сияқты...
Бәріне сәлем! Ойымды қалай жеткізерімді білмеймін. Қазіргі уақытта менде депрессия. Тығырықтан қалай шығарымды білмеймін де. Бәрін басынан бастайын.
Отбасымызда 3 адамбыз. Мама, папа және мен. Мен үйдің жалғыз қызымын, қызы да, ұлы да мен. Жасым 21-де. Елдің бәрі мені ерке қыз, не айтса, соны алып береді, айтқан сөзін екі етпейді, аялап ұстайды деп ойлайды. Жалғыз қыз деген атым ғана болмаса, ол сөзге тіптен сәйкес келмеймін.
Осыдан 35 жыл бұрын туған әпкем дүниеге келді. Бірақ ол 2 айдан соң шетінеп кетті. Содан кейін менің отбасымда бала болмады. Сосын 14 жылдан кейін мамамның аяғы ауырлап, 37 жасында мен өмірге келдім. 14 жыл бойы Алладан тілеген қызымыз деп айтады елге. Бірақ маған олай қарамайды. Былай айтқанда мамам мен папам менің туған мама папам сияқты емес. Былайша айтқанда мамамен қарым-қатынасымыз онша емес. Арасында еркелетіп тұрады. Бірақ еркелігін жексұрын қылықтарымен басып тастайды. Мамамнын ұрып-соққанынан кішкентай кезімнен жасық болып өстім. Қолында тұрған затын маған лақтырып жіберетін. Сабақтан онша жақсы болмасам, сабап та тастайтын. Менің жылағаныма да қарамай ұратын. Сол кездерде папамның қойнына тығыламын, мамадан қорғашы дегендей. Бірақ тиіспе деп қана айтады, болды, одан артық сөзін асыра алмайды. Кейде жынданған кезде пышақты ұстайды да қазір қорс етіп тығып алам дейді. Менің киетін киімдерімді өз қалауынша реттеп, өзіне ұнамағандарын менің кигім келіп тұрсада жыртып тастайтын. Менің достарымда мамалары қалаған киімін, қалаған затын алып береді. Көп жерде қысылып тұратын қыз болдым, аса қатты ұрыса да алмаймын. Жоғалған ақшаларын менен көреді ұрлықшы деп. Бір нарсесі жоқ болса мен алған шығар деп ойлайды. Ойын баласы болғандықтан кешігіп қалған уақытта үйдің есігін жауып алып кіргізбей қоятын. Кішкентай кезімнен жылап өстім, жастықты тісіммен тістеп алып бар өксігімді соған шығарып өстім.
Аттарына кір келтіретіндей еш қылық жасамадым. Бір қылмыс жасап немес оң жақта отырып бала туып отырсам айтуға болады. түсінем жерге қараттым деп. Бірақ жазықсыздан жазықсыз неге бұлай айтады? Неге? Неге ауыр сөздер айтады?
18 жасымнан бастап оқу бітірісімен жұмысқа тұрдым. Басында айлығым 20 мың болды. Қазір 50 мың. Бірақ сол жалақыдан қолыма өз еркіммен бір тиын түспейді. Өз ақшамды өзім жұмсағым келеді. Жағдайымыз жақсы, шүкір, бірақ маған артық ақша ұстатпайды, бәрін санап отырады. Есімде кішкентай кезімде дүкенге сүтке жіберген, сүт болмады да сол кезде мен чипсы алдым, себебі қызығып жегім келді. Қайдағы бір чипсы үшін банкрот болғандай айғайлағаны мәңгі есімде қалды...
Папам осының бәрін көреді біледі, бірақ артық сөз айта алмайды.
Қазір маған боқтайды ұрысқан кезде. Мен ренжеймін де неге олай айтасыз десем, олай айтқанға ештеңең кетпейді дейді. Өзі тақалып, құшақтағысы келеді. Жылап жіберемін сондай кезде, қазірде көз жасым көл болып отыр....
Қаз3р осыған шыдай алмай аптасына бір рет сыра ішіп тұратын болдым. Өте қиын, ал сыра бәрін ұмыттырып жібереді. Жігітімнің құшағына кіріп те қатты жылаймын. Ол мені жақсы түсінеді. Жанында өзімді жаксы сезінемін. Ол айтады бәрін тастап маған тұрмысқа шық мен сені жылатпаймын, бәрі жақсы болады дейді.
Кішкентай кезімнен суицидке жақын болдым. Қанша дәрі де іштім6 түк болмайды. Қазір тамырымды кесуді ойланып жүрмін. Шаршап кеттім бұндай өмірден.
Қазір мені тіптен далаға шығармайды. Неше күн болды уйде отырмын. Анау жігітпен кездесесің деп ренжиді,Өзім білем деп кетіп қалуға қорқамын.
Елдер айтады, осы аяғы жоқ, қолы жоқ адамдар бар, не жетпейді саған дегендей. Маған махаббат жетпейді, ана махаббаты жетпейді.
Соңғы кездері мені мүмкін мен бұлардың туған қызы емеспін деп те ойлаймын. Себебі қандай ана өзінің жалғыз қызына осындай қастандық жасайды. Папам туған қызындай жаксы көреді, бірақ маманың алдында әлсіз. Мамам Астананың қызы папам Қарағанды қаласынан. Мені босанар кезде мамам төркініне қыдырып барған да сонда босанып қалған. Маған мені кішкентай кезімде роддомда ауыстырып алған секілді көрінеді. Өзінің шыныменде аяғы ауыр болып, бірақ босану үстінде бала шетінеп кетіп, сол жерде отказной жазған қыздардың баласын ала салған секілді көрінеді. 14 жыл бойы күткен баламғой күйеуім тастап кетпесе екен деп асырап алған сияқты мені.. Және сол сырды өзі ғана біледі. Ал папама өз баласы сияқты әкелген мені. Сондықтанда маған өгейлігін көрсететін сияқты. Мен қалай мені тудыңыз деп қызығып сұраған кездерде 40 жылғы боқты езбей отыршы дейді
Или менің мамам психологический больнаяма? Интернеттен оқығам кейбір аналарда материнский инстинкт деген болады деп. Мүмкін мамамда сондай шығар. Білмеймін шаршадым....
Сол үшінде менің тұқымымда, руымда, ата анам, даже туылған күніме дейін басқаша болуы мумкін деп ойлаймын. Днк тест жасауға ен арзаны 60000. Маған даж 1000 тг татырмай отырғанда,60000 қайдан табам? Мені осы асыранды қыз деген ой маза бермей жүр. Қалай білуге болады? архивтерге барсам олар маған керек ақпаратты бере қоймайды ғой. ДНК-дан басқа әдіс жоқ па білуге болатын?
Аллам сабыр бере гөр...