Мен қалай күйеуімді ынтық еттім

Мен қалай күйеуімді ынтық еттім

Иә, бұрын бұл тақырып жабық саналып, тіпті құрбылар арасында да талқыланбайтын еді. Бірақ төсек ләззаты тақырыбының, меніңше, ешбір өрескелдігі жоқ. Көптеген жұбайлардың арасында осындай проблема жоқ емес, ер адамдардың үй сыртында жүріс жүріп, шаңырақтардың шайқалу себебі де содан болып жатады емес пе.

Бірде Астанада тұратын Толғанай құрбымның маған: «Төсек ләззаты дегеннің не екенін екінші балам туғаннан кейін бір-ақ білдім. Оған дейін қараңғыланып жүре беріппін ғой дым түсінбей», – дегені бар. Кейін сол құрбыма қоңырау соққанда қалжыңдап: «Иә, не бітіріп жатырсыңдар? Шалыңның от құшағында балқып-шалқып жатырсың ба?» – дегенімде, «Е, жоға. Екеуміз ұрсысып қалғанбыз, екі жаққа қарап жатамыз», – деп шорт кесті. Жалпы, жұбайлардың арасындағы ынтызарлық, рахат сезімі адамдардың арасындағы ұрыс-керісті жуып-шайып тастауы заңдылық, бірақ біз бұл жағына мән бере бермейміз. Менің ойымша, жұбайлардың арасындағы ыстық сезім, ерлі-зайыптық міндеттер «Мың бір түндегідей» шытырман оқиғалы болуы керек.

Менің күйеуім маған дейін бірнеше рет үйленген, үйленгені бір бөлек, былайғы уақытта да көп қыдырған, талай қыз-қырқынның «басына су құйған» адам. Ең алғаш екеуміз шәйі көрпенің астында бас қосқанда, ол өзін сенімсіз сезінгенін білдім. Себебі ол простатитке шалдыққан екен. Менімен күнде жақындасуға тырысқанымен сырқаты сыр беріп, «шаруа» енді қыза берген кезде тоқтап қалатын. Онысына өзі ұялып жүрді. Содан мен әдейілеп кітапханаға барып, «Пайдалы кеңестер» айдарын қарастырып, простатитті емдеп, еркектің қуатын арттыратын табиғи ем іздеп таптым.

Бір қызығы, ол емді өзі қолданбай, менің жасағанымды ұнататын. Базардан сатып алған емдік өсімдіктің дәнін мен оған өз қолыммен шағып беріп жүрдім. Сөйте-сөйте ол бәйгенің атындай жарап сала берді.

Жалпы, әйел адам еркекті өзі қызықтыра білуі керек. Киім киісімен, қылықтарымен, жүріс-тұрысымен. Әтір сеппей, шашыңызды сәндемей, өңі тозыңқы халатыңызды үстіңізден тастамай жүрсеңіз, әрине, сізден күйеуіңіз жалығып кетеді. Бәрі де әйелдің өз қолында. Мәселен, жатарда душқа арналған раушан иісті сусабынмен шайынып, әрдайым интимдік гельдер қолданып жүрсеңіз, мұндай ұсақ-түйектің де ерлі-зайыптының түнгі тірлігіне тигізер әсері мол.

...Мен күйеуімді таңғы сағат 7-де аймалап оятып аламын. Ол өтірік ұйықтағансып жатқанымен, менің сүйгенімді, иіскегенімді ұнатып жататынын білем. Содан соң, оның мені тістегенін жақсы көрем. Және сұрап алам. Өстіп-өстіп ол өзінің қызыққа қалай батып кеткенін білмей қалады. Жұмысқа қимай-қимай кетеміз-ау. Түскі асқа асығып келеміз үйге. Ол кезде біздің махаббат төсекте емес, креслода өрбуі де мүмкін. Жалпы, махаббат қызық болуы үшін оқиға орны мен сценарий өзгеріп тұруы керек деп ойлаймын. Жұмыстан келе сала бізде тағы махаббат, түнде жатарда тағы, сериал көріп ап ұйқыға батарда тағы, тағы, тағы... Біз бір күнде бес, алты, тіпті он бес рет болғанбыз. Біз бір-бірімізге тоймаймыз. Тоймайтынымыз, күйеуім менің күн сайын жаңа бірдеңе ойлап табатынымды біледі. Соған ынтығады да тұрады.

Екеуміз ваннаға да бірге түсеміз. Бір-бірімізді шомылдырамыз. Машинада отырсақ та мен оны құшақтап, аяқтарынан сипалап, әйтеуір тыныш отыра алмаймын.

Бірде ауылға бардық. Ол туысымыздың үйінде маған қарап отырып-отырып: «Жүрші, шығып келейік», – деді. «Сені аңсап тұрғаным», – деп қолқалады. Қымсынып, «қойшы, ұят емес пе» десем, оның көңілі қайтып ренжіп қалуы мүмкін ғой, сондықтан «Жүр, кеттік!» – дедім. Ауыл сыртындағы орманның ішіндегі ашық алаңға барып, шөптің үстіне құлай кеттік. Оған әлемдегі ең ыстық сөздерді төге жөнелдім. Жалпы, бізде төсекте үнсіз жату деген болмайды.

Машинаның алдыңғы, артқы орындықтары да біздің тәжірибе алаңы болып үлгерген. Енді бірде оған: «Терезеге шығып жасап көрсек қайтеді?» – дедім. Шынын айтқанда, әлі бұрынғы әдістеріміздің өзіне тоймай, терезеге жете алмай келеміз. Ол оқта-текте: «Жаным, әйнектің алдына қашан барамыз?» деп қоямын. «Асықпашы, әлі осының өзіне тойып болғам жоқ», – дейді.

Алдағы уақытта моншаға барып ағын судың астында тұншығып тұрып көргім келіп жүр. Бұл ұсынысым күйеуіме де ұнап қалды. Екеуміз тіпті төсек тірлігін түрлендіру мақсатымен интимдік дүкенге барып мүшеқаптың түр-түрін алып тұрамыз. Ал енді қазақтың дәстүрлі де дағдылы ана бір әдісін қолдана берсең, ол саған қайбір үздіге қойсын. Жақында эротикалық киноны да күйеуіммен бірге отырып көрдім. Сыртқа мойын созғанша оның бар іздегенін менен тапқанын қалаймын. Қыз келіншектер төсектен емес, төсекте күйеуін өзіне ынтықтыра алмағаны үшін ұялуы керек. Сыртқа пәк, күйеуіне де бата алмайтын, көздері жыпылықтап, сол кейпін сақтап қалғысы келіп тұратын, ал күйеуі сыртқа сүзіліп отырған еркек көрсем, оларды аяп кетемін. Сондай қолдан жасалған жасанды нәрсенің не керегі бар. Оны мен немесе күйеуім ойлап тапқан жоқ. Барша адамға ортақ, адамзатқа тән нәрсе ғой.

Күйеуімнің мені жақсы көріп, ынтығатыны сонша, кейде бір мәрте міндетін аяқтап болса да, екіншіге үзіліссіз дайын тұрады. Онысына өзі таңғалады. Бұрынғы қыдырымпаздығы далада қалған ол енді «Жігіттер неменеге осы өз әйелдері тұрғанда басқа біреуді іздейді?» деп, кейбір сері жігіттерді сөгіп отыратын болды. Ол менсіз ешқайда аттап басқысы келмейді, оған менімен өткізген әрбір минут қымбат.

«Бұрын ешкімнен мұндай рахат алып көрмеппін, менікі бос қыдырыс бопты ғой» деп өкінеді ол өткеніне. Махаббаттың қызығына батып жатқан сәттерде мен оған: «Мұндай махаббатты, мұндай қызықты басқалар да бастан кешіп жатыр ма екен осы сәтте?» – деп қалам. Ол: «Жоқ, жаным, қайда-а-а-а-ан?» – деп жауап береді. Жоқ болса, жоқ шығар... Қазақ қыз келіншектері күйеуінің алдында ашыла алмай, сосын жолдасым тастап кетті, жүріп кетті деп жылағанша, төсекте ашыла білсе екен деймін. Төсек екі адамның ортасындағы, ортақ дүние. Екеуі жақсы тіл табыса білсе ғана, ойлағандары бір жерден шықса ғана төсек те ойдағыдай өтеді. Осыны түсінсе екен барша келіншектер...

Жадыра Жарылғапова, Астана


 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста