Мен оны іштей кешірдім, бірақ бірге бола алмаймын

 Мен сутдент кезімде Сәуле атты қызбен жақсы дос болдым. Екеуміз жатақхананың бір бөлмесінде тұрдық, бір нанды бөліп жедік дегендей.Мен Ақтөбе қаласында туып-өстім. Ал құрбым Орал қаласынан Алматыға жоғары оқу орнына түсуге келген екен. Екеуміз жатақхана кезегінде тұрғанда танысып, жақсы дос болып кеттік, бірге тұруға келістік. Қыздар институтына педагог мамандығын алу үшін арман қуып келген жастармыз ғой. Оқуға түскенімізге қуанып, өзімізді бақытты сезініп жүрдік.
Сәуле мінезі салмақты, көп сөйлей бермейтін қыз еді. Ал менің мінезім өте ашық. Қуанғаным да, ренжігенім де бет-жүзімнен бірден көрініп тұратын. Сәуле екеуміз екі түрлі болсақ та, бір-бірімізді жақсы түсінетінбіз. Мен оған бар сырымды жасырмай айтамын. Ол өзінің өмірі, жайлы аса көп айта бермейді, кез келген нәрсеге пікір білдіруі де сирек. Бірақ ол жақсы тыңдай білетін дос болды. Біздің бөлмеде Сәуле екеумізден басқа Ажар атты қыз да тұрды. Өйтені әр бөлмеде 3 қыздан тұртынбыз. Ол Семей өңірінің қызы. Аузын ашса, асқазаны көрінетін ақжарқын мінезді қыз болатын. Мен Ажармен жақсы сөйлесемін, кейде Ажар екеуміз түннің ортасына дейін әңгімелесетін кездеріміз болатын. Сондай кезде Сәуле мені Ажардан қызғанатындай көрінуші еді маған.

Екінші курсқа көшкенде алғашқыдай емес бәріміз студенттік өмірге үйреніп қалдық. Келесі жылы да Сәуле, Ажар үшеуміз ауылдан бір уақытта келуге келісіп, тағы да бір бөлмеде тұратын болып шештік. Екінші курса араласатын ортамыз да кеңейе бастады. Үшеуміздің де достарымыз көп. Сәуле де бұрынғыдай емес, тұйық мінезі ашыла бастады.

Жасыратыны жоқ, қыздардың ішінде мен өте жақсы киінетінмін. Өйткені ата-анам мені басқа балаларының ішінде ерекше көріп, қатты еркелетіп өсірді. Сабақты жақсы оқығаным үшін маған әрдайым жылы қабақ танытып, қалаған киімімді алып беретін. Қыздар би кештеріне, туған күн кештеріне барарда менен киім сұрап киюші еді. Мен ешқашан құрбыларымнан ештеңені аяған емеспін. Әсіресе Сәулеге үнемі кейде ең жақсы деген көйлектерімді сыйға тартқан кездерім де болды.
Бірде құрбым қыздармен бәріміз туған күн кешіне баратын болып шештік. Бірақ тура туған күн болатын күні Ажар мен Сәуле кештің кейінге шегерілгенін, туған күн иесінің басқа қалаға кетіп қалғанын айтты маған. Бірақ өздері әлдеқайда баруға жиналды. Олардың қайда баратынын сұрағанымда құрбыларым Ажардың бір туысының үйіне бір шаруамен барып келетіндерін айтып бөлмеден шығып кетті.

Олар сол күні үйге келмеді. Ертеңінде ғана келді. Мен олардың қайда болғанын, бөлмеге қонуға неге келмегенін тәптіштеп сұраған жоқпын. Тағы біраз уақыт өткеннен кейін көрші бөлмеде тұратын қыз бізді өзінің туған күн кешін қалада тұратын әпкесінің үйінде жасайтынын айтып, мерекелік кешке шақырды. Сол күні бәріміз жиналып, туған күнге бардық. Сол кеште Қазақ ұлттық университетінде оқитын студент жігіттер де келді. Жігіттермен танысып, дастархандас болып, кешіміз жақсы өтіп жатты. Жігіттердің ішінде бойы сұңғақ келген, сымбатты бір жігіт болды. Қыздар бәріміз ортада билеп жүргенде Сәуле қыздарды жинап алып, ақырын ғана: «Анау жігітке ешқайсың қараушы болмаңдар, ол маған ұнап қалды. Өзім қаратып аламын » деді. Қыздар бәріміз тырқылдап күліп, Сәуленің сымбатты жігітті қалай айналдыратынына қызықтап қарап тұрдық. Әлгі жігітті Сәуле бірнеше рет биге шақырды, дастарханға отырарда жанына барып жайғасты. Алайда ол жігіт қас қылғандай менің жаныма қайта-қайта келіп, жақынырақ танысқысы келетінін айтып, биге шақырып қоймады. Мен одан қашқақтаған сайын қыр соңымнан қалмады. Сол кештің соңында ол бізді жатақханаға дейін шығарып салды.

Талғат атты жаңа танысымыздың Сәулеге емес маған қырындағанына құрбымнан қысылып, одан кешірім сұрадым бөлмеге келгенде. Сәуле маған қарады да: «Сен тұрғанда әдемі жігіттер бізге қайдан қарасын» деді де мырс етті. Осы жағдайдан кейін Талғат жатақханаға жиі келетінді шығарды. Сабақтан келе жатсам да, алдымнан шығады. Гүлін, конфетін алып алдымнан күтіп алады. Төртінші курсты бітіргенде Талғат екеуміз отбасын құрдық. Ол асығыстық танытып, Алматы облысындағы өзінің үйіне мені алып қашып кетті. Өзімнің ата-анамның рұқсатын алмай тұрмысқа шыққаныма қатты налыдым. Мен үнемі Талғатқа Ақтөбеге барып, ата-анамның батасын алып, саған тұрмысқа шығамын деуші едім. Бірақ ол «Мен сені басқа біреу алып қашып кете ме деп қорықтым, сондықтан асығыстық таныттым» деп ақталды. Сонымен не керек, екеуміз үйленіп, дүркіретіп тойымызды жасадық. Той болар алдында курстас қыздар бас қосып, жақсы бір отырыс жасадық. Сол кеште мен Сәуленің маған ішінде өкпесі бар екенін, маған ренжулі екенін байқадым. Ол қанша білдіргісі келмесе де, мен онымен 4 жыл бірге тұрғандықтан, мінезін танып қалдым ғой. Сол күні Ажар аңқау «Салтанат, біз бұрын би кештеріне барарда ылғи сені бөлмеде алдап тастап кетуші едік. Өйткені сен жанымызда жүрсең, жігіттердің бәрі саған қарап, бізге қарамай қояды деп сені ертпеуге тырысатынбыз. Әй, сен бәрібір ең сымбатты жігітті өзіңе қаратып алдың» деп әзілдеп болса да шындығын айтып қойды.

Оқу бітіргеннен кейін менің отбасылық өмірім басталды. Бір жылдан кейін тұңғыш сәбиіміз дүниеге келді. Біз өте бақытты отбасы едік. Көп ұзамай бірінші ұлымыздан кейін қыз баланы дүниеге әкелдім. Талғат балалары десе, ішкен асын жерге қоятын. Бала-шағамызбен табиғат аясында демалғанды ерекше жақсы көретінбіз. Отасқанымыза 7 жылға жақындағанда мені өліп-талып сүйген Талғатым өзгере бастады. Ащы суға құмартты, күндіз-түні үйге келмейді. Осындай кездерде өзімнің жігітпен ерте жүргеніме, оқуымды бітіргеннен кейін жұмыс істеп, өз аяғымнан тұрып алмағаныма өкінетінмін. Өйткені Талғат маған жұмыс істетпеді. Отбасымды өзім-ақ асыраймын деп маған, тіпті жұмыс туралы ойлауға мұрша бермеді.

Тұрмысқа шыққан соң да құрбыларыммен араласып жүрдім. Сәуле біздің үйге жиі келіп тұратын. Ол оқуды бітіргеннен кейін мектепке мұғалім болып орналасты, тұрмысқа шығуға асықпады. Мен кейде оған сырымды айтып, Талғаттың өзімнен алыстап кеткенін, махаббатымызға сызат түскенін де талай рет жылап отырып айттым. Сөйтіп жүргенде, Талғаттың басқа әйелмен көңіл қосып жүргендігін білдім. Әйел адам бәрін де сезеді ғой. Біраз уақыт күдіктеніп жүрдім, соңында Талғат өзінің басқа адамды жақсы көріп қалғанын, соған кететінін айтты.
Осыдан кейін екеуміздің жолымыз екіге айырылды. Мен отбасымды сақтай алмадым. Ол балаларымызға қамқорлық жасайтынын, бірақ бірге тұра алмайтынын айтып, бір күнде заттарын жинады да кетіп қалды. Мен оны қайтып оралар деп күнде күтетінмін. Есі кіріп, мені, балаларын сағынғанда отбасына оралар деп үміттендім. Алайда олай болмады. Біраз уақыттан кейін мен оның үйленгенін естідім. Талғаттың Сәулені жар еткенін естігенде төбемнен жай түскендей күй кештім. Сүйіктім менің жан құрбым маған осылай опасыздық жасады. Қай жерден қателестім, неге бұлай болды деген сұрақтар менің жанымды жегідей жеді. Бірақ амал бар ма. Маңдайына жазылғанды көреді екен адам баласы. Балаларым үшін өмір сүруге талпындым, жұмысқа орналастым. Бірақ тіршілік жасағаным болмаса тірі өлік едім.
Талғат Сәулемен небәрі 1 жыл бірге тұрды. Естуімше, Талғат Сәулеге үйленгеннен кейін де ащы су ішуін тоқтатпаған көрінеді. Араға біраз уақыт салып, Талғат менің алдыма кешірім сұрап сан рет келді. «Жаздым, жаңылдым, кешір, балаларымыз үшін бәрін ұмытып бірге болайық» деп жалынды. Бірақ мен өзіме опасыздық жасап, құрбыма үйленген күйеуімді кешіре алмадым. Сәулені тіпті түсіне алмадым. Ол қазір басқа қалада тұрып жатыр екен. Айрандай ұйып отырған отбасымызды неге бұзды? Қазір Талғат та жалғыз тұрады. Ал менің балаларым бар. Өмірімнің мәні де, сәні де балаларым. Мен Талғатты іштей кешірдім, бірақ бірге бола алмайтын сияқтымын.

 

Салтанат, Алматы

Караван

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста