Мен неге ажырастым?

www.islam.ru

«Үйлену оңай, үй болу қиын» деген шынында да тауып айтылған мақал екен. Мен осыдан алты жыл бұрын өзім сүйіп қосылған жарыммен шаңырақ көтеріп, тату-тәтті өмір сүріп келдік. Бір ұл, бір қызды болдық. Бірақ өмір деген бірде құлатады, бірде жұбатады, бірде жылатып, бірде қуантады екен. Дегенмен сыналған сәттерде бала-шағаңнан айырылып, жалғыз қалған адамға ең ауыр соққы болып тиеді. Мен өз басымнан өткен жағдайды «Алаш айнасының» оқырмандарымен бөліскенді жөн санадым.
Мен өз жарымды құлай сүйдім. Ұл-қызым өмірге келгенде өзімді шексіз бақытты сезіндім. Бірақ жарымның шешесі өте діншіл, тәуіп, көріпкел дегендерге қатты сенгіш болды. Ол жанұямыздың ішкі шаруасына көп араласып кетті. Менің ағайындарым оны жақтыра қойған жоқ. Осыны шешесі де, қызы да маған қайта-қайта айтып, мазалап жүрді. Мен оларды жақсы түсіндім. Тіпті әйелімді қорғаймын деп ағаларымды да ренжітіп алдым. Бір өкініштісі, егер мен әйеліме ұрсып, қатты сөз айтсам, ол дереу шешесіне телефон шалып, мені жамандап отыратын. Жарымның осы қылығы мені қатты ренжітті. Жанұяның ішкі шаруасын басқалар біле беруге тиіс емес қой.
Алғашында ақшадан қысылғандықтан, балаларымызды енемнің қолына беріп, екеуміз де жұмысқа шығып кеттік. Сенді-жексенбі күндері ауылға қарай тартып, бала-шағамызды көріп, бір жасап қайтушы едік. Жасыратыны жоқ, әйелім күнделікті үй шаруасына пысық емес. Өзінің маманданған жұмысына беріліп кеткен. Осы жұптасқан алты жылдың ішінде мені күтетін әйел емес, оны мен күтуім керек сияқты болып кетті. Бірде шешесіне: «Баламызды қайтарып беріңіз, үйде баланс бұзылып барады, үйде қарайтын бала болмаған соң, қызыңыз жұмыстан кеш келеді, оның үстіне тамақ істемейді, дайын «полуфабрикат» тағамдарды алып келеді», – дедім. Оны естіген енем, қайта өзіме айғайды салып, «сен жақсылықты түсінбейсің, керісінше, рақмет айтудың орнына... Сен басынайын деген екенсің, әбден семірдің», – деп өзіме қарай лап етті. Ал әйелім болса, «онда бізді өзің бағасың, менің жұмысым сондай жауапты, үйге ерте келе алмаймын» дейді. Мүмкін ол да дұрыс шығар, бірақ маған өзімді күтетін, сыйлайтын, жұмыстан шаршап үйіме келгенде алдымнан күлімсіреп күтіп алатын жарым мен бала-шағам керек. Сонда менің көңілім толып, жұмысқа деген, жалпы өмірге деген ынтам артады.
Бірде кешкісін әйеліме ас бөлмедегі тамақ ішкен ыдысымды жуып қой десем, «қолың бар, өзің жуу!» деді. Мен өз әйеліме айтқанымды істете алмасам, онда менің кім болғаным? Әбден ашуға булығып, шапалақпен бір тарттым да, «кет үйден!» дедім. Сыртқа шығып, бір сағаттан соң үйге қайта айналып келсем, жарым киімдерін жинап кетіп қалыпты.
Содан сот арқылы ажырасып, қаладағы жатақхана типіндегі бір бөлмелі үйімізді сатып, ақшасың тең бөліп, екеуміз екі жақта жүрміз. Мен ағамның үйінде, ал ол қаланың сыртындағы әке-шешесінің үйінде тұрып жатыр. Ол маған ерегесіп кетіп қалды. Бірақ қос балапанымды қимаймын. Өкпе-реніштің кесірінен әйеліме деген көңілім қатты суып кетті. Бір досым: «Әйеліңді қайтесің, балаларың үшін қосыл, ақымақ болма, балаларға сенің тәрбиең керек» дейді. Енді біреулер: «Бала белде, қатын жолда, намысы бар жігітсің ғой, басқасын ал» дейді. Не істерімді білмей, басым қатып кетті. Тағы біреулер: «Ажырасамын деген әйелді ұстап тұрудың керегі жоқ, үндемей, айырылысқан дұрыс» дейді. Қалай десек те, ажырасу деген өте қиын екен. Әсіресе ортада бала болса, оларды аңсайды екенсің. Олардың тәтті қылықтарың есіңе алып, бәрін тастап, соларға барғың келіп тұрады. Мен бұл өмірде бір нәрсені түсіндім. Әйеліңді жұмысқа орналастырғанда өзіңнен табысы жоғары болатын жұмысқа кіргізбеу керек екен. Оның жалақысы сенің табысыңмен бірдей немесе жоғары болса, қу дүние адамның мінезін өзгертетін көрінеді. Әйелің өзіңнен жоғары табыс тапса, ол сені сыйлаудан қалады. Менің де жарым басында мені тыңдаушы еді, айтқанымды екі етпеуші еді, кейіннен «мен жұмыс істеп жатырмын, ақша тауып отырмын, менің арқамда қарның тоқ, көйлегің бүтін, сені адам қылып отырған – мына мен» деп өзгеріп шыға келді. Сондықтан әйелден бір саты биік тұру үшін, басыңнан сөз асырмау үшін, олардың табысы ер адамнан төменірек болуы тиіс екенін түсіндім. Қандай еркек болса да әйелінің басынғанын ұнатпайды, мен де қалған өмірімді қор қылмау үшін, өз мақсатыма жету үшін мінезі өзіме сай қызға үйленуім керек шығар деп ойлаймын. Сіздер қандай ой қосасыздар, ойлы оқырман?..
Берік Төлебай, Түркістан 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста