Сәлеметсіздер ме! Мен Тараз қаласының қызымын !Менің айта алмай жүрген сырым бар еді!
Нағашы ата-апамның үйінде тұрамын! Түсінесіздер ме толыққанды отбасыда тұрғым келеді!
Екі қызбыз, әпкем бар! Әкем жоқ, мен жаңа туылған сәби кезімде мені, анамды, әпкемді тастап кетті. Әкем қалай тастады, содан кейін анам ішкілікке салынып кетті!
Анам Алматыда аспазшы болып жұмыс істейді! Анам жұмыстан келеді, бізге ешқашан көңіл бөлген емес, аналық мейірімін төккен емес! Ешқашан жиналысыма келген емес барлық адамның ата-анасы жиналысқа келгенде менің ата-анам келмейтін !Анама жылапта айттым, жәй сөзбен де айттым, анашым арам суды ішпеші деп, ал анам болса жоғал деп қуып жібереді. Әпкем 1997 жылғы, грантқа 9-дан соң түсті! Әпкем ауру болып қалды, эпилепсия деген сырқатпен ауырады !Әпкем күніне 5-6 рет талып қалады, сонда да жұмыс істеп жүр! Әпкем 2-3 рет өзіне қол салмақ болды.
Мен шаршап кеттім, қайсысына жүгірем, қайсысына көмек беремін! Нағашы 3 әпкем бар, бір нәрсені дұрыс істемесем, сөйлейді, осы үйде тұрып жатырсың ба, істе деп ауызына келгенді айтады! Есіктің сыртында үнсіз ғана жылап тұратынмын, осы екі жетімек бәле болды не әкелеріне не алқаш шешесіне қажет емес деп айтқанда жүрегім сыздап кетеді.
Барар жерім, басар тауым жоқ, әкеме керегім жоқ. Мен 2001-ші жылғымын. 9-шы сыныпты бітіремін, оқуға қалай түсемін, ақшасын кім төлейді, басым қатты.
Керек емес боп қалдым ешкімге. Анам ішіп алған кезінде айтып-айтып тастайды: "сендер маған керек емессіңдер, әкелеріңнің басқа әйелі, балалары бар, әкелерің сендерді іздемейді" деп.
Әкем іздеп келген емес! Анам 15 жыл болды ішкеніне, мен туылдым содан кейін ішкілікке салынып кетті. Көшеде көретінмін, арақ ішіп құлап жататын, ұялмай үйге құшақтап алып келетінмін. Мен шаршадым, қатты шаршап кеттім. Алладан ештеңе сұрамаймын, ақша, байлықтың еш керегі жоқ, тек толыққанды отбасыда тұрғым келеді.
Я Аллам көмек бере гөр дәрменсіз пендеңе. Жоқшылыққа төзер едім, бірақ басқа мәселе. Ата-ана қасіретінен де, барлығынан шаршадым. Кішкентайымнан нағашы апам бақты, оның өзінде ұратын!
Жақында анам жұмыстан келді, аяғы ауыр екен, кімнен екенін өзі білмейді. Арақ ішіп қателік болды дейді, баланы маманың сіңілісі асырап алам дейді. Әпкем грантқа түсті, 2 жылдай жақсы оқыды, одан кейін оқымай тастап кетті жақында. Алматыға жұмыс істеуге кеткен, ашық-шашық киініп, қатты өзгеріп кетіпті. Анамның жағдайы мынау, әпкемдікі анау, мен не істеймін енді Апалар үйден қуып жатыр, өздерің бөлек кетіңдер дейді. Бір тиын ақшам жоқ, не істеймін.
Аноним