Қыздар, әпкелер, баршаңызға сəлем: Тіпті неден бастарымды білмеймін, мендегі бір аса үлкен проблема да емес шығар, бірақ ішім алай-дүлей болып жүрмін.
Жасым 22-де, жұмыс істеймін, бәрі жақсы, бірақ махаббатта жолым болмай жүр. Осыдан біраз уақыт бұрын 2 жыл жүрген жігітіммен үйленеміз деп жүргенде мамасы қарсы болып, басқа қызды аперді, сөйтіп ол үйленіп кетті Амалым бар ма, біраз қиналып жүрдім, тіпті өзімді тастап жібердім, күнде күнім жылаумен өтетін.
Арада бірааз уақыт өткенде бір жігітпен сөйлесе бастадым, ол үнемі құрбымнан мені сұрап жүреді екен. Араласып, сөйлесіп жүрдік, басында мүлде ұнамайтын, ол мен десе жүгіріп жүретін, не айтсамда орындайтын. Уақыт өте келе мен де оны ұната бастадым. Ол маған бұрынғы жігітімді ұмыттырды, үнемі көғңілімді аулап, сыйлықтар жасап жүретін.
Бір күні ол әдеттегідей аулаға келді, мен үйден шығып әңгімелеіп тұрғанбыз. Ол біртүрлі көңілсіз екен. Біраз үнсіз тұрды да: "Осымен екеуміздің арамызда бәрі бітті, осымен тоқтайық" деді. Басында ол маған әзілдеп тұрған болар деп ойладым. Бірақ рас екен. Көңіліме ауыр тисе де, екінші онымен сөйлеспедім. Ең қызығы, ол менен не себепті бас тартқанын айтпады, солайша кете барды.
Мен де біреуді жақсы көріп, тұрмысқа шыққым келеді. құрбыларымның алды 2 бөпелі болды. Отбасылы қыздарды көрген кезде іштей біртүрлі сезімде боламын. Өзімнің ыртқы келбетім, дене бітімім бəрі жақсы, шүкір, жұмысым бар. Сыртымнан ғашық болып, әлеуметтік желіге хат жазатырндар бар, бірақ қазір кімге сенеріңді білмейді екенсің. Тұрмысқа шығуға асықпа дейтін боларсыздар, бірақ мен қазір сүйікті жанға жар болуды армандап жүрмін.
Аноним.