Маңдайыма "күйеу керек" деп жазып көшеге шықпаймын ғой
Біраздан бері осы сайттың оқырманымын. Небір тағдырларды Жасым 25-те. Жігітім тастап кеткен, оған өзім кінәлімін. Мәселе ол жігіт жайында емес. Соңғы кездері туған-туыс, анам, таныстарымның бір ғана "қашан тұрмысқа шығасың?" деген сұрағы мазалайды. Өзім де қатты тұрмысқа шыққым келеді. Неге? Өйткені оқыдым, қыдырдым, жұмыс істеп жатырмын. Құрдастарым 2-3 балалы, солардың қызықтарын айтқанда қатты қызығамын. Ана болғым келеді. Осы уақытқа дейін тұрмыс құрмаған себебім: сұрап құда түсушілер, сырттай ұнататындар көп болды, алайда Сол кезде жігітім болған соң барлығына жоқ дедім. Әттеген-ай деп сан соғып отырған жәйім бар. Жас келген соң қыдыру, көңіл көтеруге де зауқың болмайды екен. Интернетпен танысып жүргенім жоқ, бір рет танысыюқан жігіт отбасылы болып шыққаннан кейін интернетті қойдым. Аллаxтың бір құлы бұйырар дегенмен келе жатырмын. Құр алақан отыра берсем де дұрыс емес, Құдай береді деп босқа отырғаннан түк шықпас. Алайда не істей аламын? Маңдайыма "күйеу керек" деп жазып көшеге шықпаймын ғой. Мұнда жазып жатқан себебім, сіздерден өте үлкен нәрсе сұрамақшымын. Көп түкірсе - көл демекші, сіздерден мен үшін дұға тілегендеріңізді қалаймын, менің адал некем қиылып, ана бақытына ие болуыма, асыл жар болуыма. Дұға – мұсылманның ең күшті қару екендігін білесіздер ғой. Үмітім үзілмейді, сіздерден көмек сұраймын... Есімім Айгүл. Раxмет.