Күйеуіңіз әкім болсын десеңіз...
Әлеуметтік желіде ер адамның қызметін өсіруге арналған әдіс көрсетілді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
Күйеулері ақшаны көп тауып, қызметі өсуі үшін әйелдер түрлі тәсілдерді тауып жатқан тәрізді. TikTok әлеуметтік желісінде тағы бір ерекше әдісті көрсететін видео тарады. Онда әйел күйеуді жақсы жаққа бұратын ырымды айтады. Өзінің айтуынша, бұл ерекше және іске асатын әдіс екен.
Ханымдар, тағы бірі керемет техника. Күйеуіңізге шай немесе тамақ берген кезде, өзіңізге не керек, соны айтып бересіз. Күйеуіңіз бір лауазымды алғанын, мәселен әкім болғанын қаласаңыз "Менің ер азаматым бәленбай, Ақсу ауданының әкімі" деп айтасыз, — дейді әйел.
Ол осы әдісті өзі қолданады екен.
Менің күйеуім автокран жүргізушісі. "Бес кранның қожайыны — менің күйеуім Қайрат" деп айтамын. Шай құйып, тамақ берген сайын осыны айтып беремін. Сол айтқан нәрсе өмірде шындыққа айналады, — дейді ол.
Тіпті су мен нан берсе де, осындай тілекті айтып беру керек екен.
Бұл бейнежазбаға желі қолданушылары түрлі пікір білдірген. Бірі мұның ерекше техника екенін, оны жасайтынын айтса, енді бірі бұл әдіске сенімсіздік танытқан.