Күйеуімнің менімен жақындасуға зауқы жоқ
Сәлеметсіздер ме! Есімім жасырын болсыншы. Менің жасым 22-ге жақында толады, ал жұбайым 28-ге толады. Мендегі мәселе былай, екеуміз 1 жарым жылдай жүріп үйлендік. Жүріп жүргенде де көп хабарласпай кетіп, қайтып келіп жүретін еді, әйтеуір үйлендік.
Үйленген соң екеуміздің алғашқы неке түніміз 8 айдан соң болды. Онда да мен ата-анасына айтып, ол емделді. Мүшесінде варикоз бар деп операция жасады. Қазір 4 айлық қызымыз бар, шүкір. Бірақ күйеуім ашығын айтқанда жыныстық қатынасты мүлдем іздемейді. 15 күн жұмыста болады. Келген сон 15 күнінде мен еркелеп жүріп әйтеуір бір қосыламыз. Біреуі бар деп ойламаймын. Себебі телефонын бәрін тексеремін. Бір-біріміздің әлеуметтік желідегі парақшаларымызға кіреміз. Екеуміз ренжісіп қалсақ, іздеп, керек қылмайды. Сөйлесем, сөйлемей жүре береді. Өзі бухгалтерлік жұмыс істейді. Бірақ айтқан өтінішімнің бәрін істейді, ақша аямайды. Мені оқытып жатыр, биыл 2-ші жыл оқудамын, жақында бітіремін. Көмектесіп жүреді. Анасы аздап ауырады, сол үшін ол маған үй тірлігін өзің істе, анам демалысын деп ескертіп отырады.
Сиыр сауу, самауырынмен күніне 5 мезгіл шай беру міндетім. Білмеймін не ойларымды да. Мені тірлік үшін алды ма, әлде өзі сондай бір жері ауыра ма? Білсеңіздер ақылдарынызды айтыңыздаршы. Кімде осындай жағдай болды? Қалай қайда емдетсе болады. Неден болуы мүмкін мені алаңдатады неге бұлай екен деп. Әдетте еркектер 1 апта әрең шыдайды деуші еді. Өзіңе қара, қалауын оят демеңіздер. Мен өзіме қарап, фигура сақтап жүремін. Достарынан қызғанып отырады. Үйленгенімізге 2 жыл болады.