Күйеуімнен қалай құтылсам екен?

 Сәлеметсіздер ме қыздар, қымбатты оқырман қауым. Өкініштен өзегім өртеніп, әбден басым қатып жүргендіктен өзімнің жағдайымды осында жазып отырмын.

Менің айтайын дегенім, тұрмысқа шыққаныма 20 күн болды, осы жиырма күні мен үшін жиырма жылдай. Өйткені күйеуімді жақсы көрмек түгілі, жанына жолағым келмейді, жиіркенемін, жек көремін. Мен тұрмысқа өз қалауыммен шыққан жоқпын, ол мені өз ықтиярымсыз алып қашты. Алғаш көргеннен ұны ұнатпағам, қазір тіпті жек көремін.

Оған қарамауға тырысамын, қарасам да көзімді алартып қараймын,  мүлдем сөйлегім келмейді сөйлесем де дөрекі сөйлеймін. Болар іс болды, күйеуім ғой деп өзімді өзім көндіріп,  жылы сөйлейінші десем де болмайды, іштей бәрібір жыным келіп тұрады. Өткен іске өкінбе дейді ғой, бірақ мен өте қатты өкінем осылай өмір сүріп жатқаныма.

Мүмкін күйеуімнің адамсүйер қылығы болса, мен де оған жібіп, ұнатуға тырысар ма едім. Бірақ олай емес, өзі тұтығып сөйлейді, одан қалса, маған да дөрекі сөйлейді, "аузыңды жапшы, үніңді өшірші" деген секілді сөздерді айтамыз бір-бірімізге. Ол өте сауатсыз жігіт, өзінің атын қатесіз жаза алмайды. Осындай адамға тап қылған тағдырыма налимын. Өзім де аспандағы ай емеспін, бірақ осыншалықты надан адамға қор болғаныма ашынамын, тіпті одан бала туғым да келмейді.

Кейде тіпті басыма  небір ойлар келеді, осыдан қалай құтылсам екен, өліп қалса құтылар едім деген секілді жаман ойға кетемін. Өз ойымнан өзім шошимын, әбден шаршадым. Ақыл-кеңестеріңізді аямаңыздаршы

Аноним 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста