Күйеуіме тоқал алшы деп жалындым: Кілең қыз туған түркістандық әйел өз тағдырын баяндады

Күйеуіме тоқал алшы деп жалындым: Кілең қыз туған түркістандық әйел өз тағдырын баяндады

Түркістан облысының тұрғыны Қалдықыз Тасымбекқызы өз тағдырын баяндады. Кілең қыз туған ана күйеуінің көңіліне қарап тоқал ал деп өтінген. Алайда жолдасы бар қызына қанағат етіп, екінші әйел алудан бас тартқан.

Бұл туралы “Пендеміз ғой” бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

 
Қалдықыз апай бірнеше құрсақ көтеріп, құдай берген қыз балаларды өмірге әкелген. Алайда бір ұл тууды армандады. Жолдасы екеуі бір ұлдың ата-анасы болуды қалаған. Тіпті бір қызының есімін ырымдап Болдықыз деп қойған. 

“Менің атым бұрындары өзіме ұнамайтын. Болдықыз десем ешкім түсінбейтін. Кейде анама барып ренжитінмін. Неге атымды әдемі етіп қоймадыңдар деп айтып жүрдім. Балалар да мазақтайтын. Мен басқаша қылып ауыстырғым келді. Кейбіреулер Балқыз деп ата кетті. Бірақ қазір есімім өзіме ұнайды Маған оның тарихын айтып берді. Есімім анамның есіміне ұқсайды”, – дейді Болдықыз Аралбайқызы. 

Болдықыздың есімін көрші апасы ырымдап қойған екен. Келесі бала ұл болсын деген ниетпен әдейі қойғанын айтады.

“Олар ұлды армандап жүргендіктен әдейі Болдықыз деп қойдым. Келесісі ұл болсын деп ырымдадым. Қазақта сондай ырым бар ғой. Ол қыз әп-әдемі қыз болып өсті. Маған ренжімейді. Амандасып кетеді. Есімі қазір өзіне ұнайтын секілді”, – деді көршісі Айгүл Тойбекова. 

Болдықыз бала күнінен еркек шора болып өскен. Ұл балалармен ойнап, өзін де ұл секілді ұстаған. Кейіннен бой жеткенін біліп, қызға ұқсай бастады дейді анасы. 

“Еркек шора болып өсті. Есімін ырымдап қойған соң да солай болған шығар. Болдықыздан кейін расында екі рет бала көтердім. Бірақ екеуі де түсіп қалды. Екеуі де ұл бала еді. Екінші бала түскенде жолдасым қатты қиналды. Ішім күйіп тұр деді. Өзі тойдың адамы. Біреу келін алып, біреу сүндет той жасап жатса, қатты қызығады. Мен де келін алғанда деп армандайды. Осы шаңыраққа қалатын ұлым болғанда деп армандайды”, – деді әйелі. 

Қалдықыз апай жолдасына рұқсат етіп, екінші әйел алуға үгіттеген. Ұл туып беретін тоқал ал, ұлды бол, екі жақта жүре бер деп жалынған. Алайда  жолдасы оның сөзін құптамаған екен. 

“Мен оған тоқал алшы деп жалындым. Ұл туып берсе, осы шаңырақта қалса, мен еш қарсы болмаймын дедім. Қыздарға өзім айтып түсіндіремін дедім. Ұлың болсын, арманың орындалсын, келін аласың, келін-баламен тұрасың дедім. Бірақ ол көнбеді. Өзіме ұрысты. Тоқал алып ол да қыз туса ше, қызға жете алмай жүргендер қаншама деп ұрысты. Қыздар күйеуге кетеді, қасымда сен қаласың. Сен аман бол. Сен ауырма. Қыздарға жете алмай жүргендер қаншама, баласыз жүргендер қаншама, осыған шүкір етейік деді”. – дейді кейіпкер.

Бүгінде ерлі-зайыпты ұлға татитын қыздар өсіріп, қызығын көріп отыр. Қыз болсын, ұл болсын әйтеуір бар болғаны жақсы дейді ол. 

stan.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста