Күйеуіме қосылған күннен бастап бақытсызбын

 Өмірімдегі ең қиын күндерім, ең бақытсыз шақтарым  күйеуіммен танысып, оған тұрмысқа шығып, онымен бір нанды бөліп жеген сәттерден басталды.. Адамның да санасы соншалықты таяз, жүрегінде титтей де болса сезім жоқ, көкірегі тас соқыр болар ма?! Мен онымен алғаш кездескен сәттен бастап, ол мені алдап келген екен. Үй-жайым бар, жерім бар әкемнен қалған деді. Оның бәрі жалған екен. Үйленгеннен кейін шынайы бет-пердесі ашылды.

Басында үйі жоқ, анасы-ауру, бір қарындасыі, бір әпкесі, бір інісі бар екен. Әпкесі Алматыға тұрмысқа шығып кеткен, қалғандарының бәрі тар пәтерді жалдап  тұрады. Мен де солармен бірге тұрдым. "Бәрі де оңалар, бірге болсақ бәріне де шыдармыз" деп, келер күнге үмітпен қарадым. Бірақ күйеуім көп алдайтын, өтірік сөзі өте көп, қарызға белшесінен бата берді.

Анасы да ауру, қарыз алатын әдеті бар екен, соны біліп алған сатышуларі қайта-қайта қарыз береді. Біз төлеуге мәжбүр болдық. Айта берсең көп-ақ, бірақ итшілеп күнім өтіп жатты. Ақырында інісі мен қарындасы Алматыға кетті жұмыс деп, анасын да кейін алып кетті. Біздің күніміз оңалмады. Қалаға келдік.Таныс арқылы әскери а жұмысқа тұрды. Бірақ ол жерден де қарызға батты, ақыры ол жерден шығарып жіберді. Өкінгеннен өксігімді баса алмай жыладым. Бір қызым бар еді, оның да дұрыс киініп, дұрыс тамақ іше алмағанын көріп, көкірегім қарс айрылды.

Қызымды балабақшаға беріп, өзім жақын жердегі дүкенге  жұмысқа тұрып алдым. Бірақ күйеуім ол жерден шығарып алды. Жұмыс істемейсің деді. Оған да көндім амал жоқ. Күндік жұмыстарға барып жүрді, басымызда алған кредитіміз бар, менің оқуым бар еді, бәрі де қалды. Дүкенге 20-25 мыңдап қарыз жаздырып кетіпті. Ол да бар,  пәтер ақысы өз алдына, қатты қиналдым.

Болашағым бұлыңғыр, көрген күнім тозақпен тең. Көшеде кетіп бара жатсам кім көрсе де маған: "Күйеуің менен қарыз алған", "Қарызды қашан қайтарасыңдар", "Күйеуің адам емес екен" деген сөздер мені жерге кіргізетін. Тұрып жатқан пәтерімізге келіп айқайлап кеткендер де болды, қарғап-сілеп. Менің қолымнан жылағаннан басқа не келеді? Ата-анамның өз қиыншылықтары да жетеді, кеткенде қайда барам, әпкем де күйеуінен қайтып келген.

Анам "Бәріңе не болды, соншалықты өз бақтарыңды таба алмадыңдар ғой" деп жылайтын. Солай жүргенде, екіншіме аяғым ауырлап қалды, бөбегімнен бас тарта алмадым. Бірақ күйеуіме бәрібір болды. Оның ашынасы бар екен, бір екі рет ұстап та алдым. Үйге бір қонып бір қонбай жүрді. Тиындап жинап жүрген ақшаларымды ұрлап кетті, анам қызымның туған күніне берген сырғасын да алып кетіпті сенесіздер ме? Өз қызының? Мен одан үмітімді үздім. Ішіп келіп,  пәтер иесінің алдында масқарамызды талай шығарды және болып жатқанның бәріне бізді кінәлайды.

Жұмысынан қарызға ақша сұрапты. Бастығына "Әйелім жол апатына түсіп, екі аяғанан айрылып қалды, қызым баклашканың қақпағын жұтып қойды" деп, жұрттың бәрін алдап ақша алып жүріпті. Өз күйеуімнің өтірігіне малынып, көз жасымды құрғата алмай мен жүрмін. Құсалықпен өткізген әр күн, әр түн өкінішке толы, өксікке толы. Ең соңғы кеткенінде менің телефонымды әкетіп қалыпты. "Ертең туатын уақытында керек болады, үй ішіне хабарласуға" деп ойламады ғой. Босанар уақытым жетіп отыр. Ал ол болса, телефонымды қайдағы бірәйелге беріп, өміріне мәз болып жүр екен. (Бір әпкем оны көріп қалыпты, қызбен жүргенін, қолындағы телефонды да). Қалай күйінгенімді білсеңіздер ғой, өз бала-шағасынан, өз әйелінен артық болған ба көшедегі. Өтінемін, ақыл-кеңестеріңізді айтыңыздаршы, не істерімді де білмеймін. Оны қайтарудың жолы жоқ, білемін, қайтарғым да келмейді. Кеше үйге келіпті, маған "мә" деп, 1000 теңге беріп тұр. Бетіне лақтырдым: "Жоғал, бар менің телефонымды әкел" деп. Сол кеткеннен мол кетті. Мен полицияға  барамын деп отырмын. Бірақ ұрлаған өз күйеуім, оған шара қолданар ма екен?! Ендігі күнім не болады? Қазір сәл де болса бауырларым көмектесіп тұр. Ертең бала туылса не болады, білмеймін. Әпкем екеуміз пәтер жалдап бірге тұрып жатырмыз. Оның да екі баласы бар. Басымыз қатты. Күйеуіммен ажырасуым керек. Бірақ оған да жүгіру керек. Іш-құса болдым, сіздерден ақыл-кеңес күтемін. Ұзақ болғанына ренжімеңіздерші. Алла бәріңізге бақыт берсін!

Сандуғаш, Алматы 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста