Күйеуіме қайта ғашық болдым

Күйеуіме қайта ғашық болдым

 Мен басымнан өтіп жатқан қызық жағдаймен бөліскім келеді. Тұрмыс құрғаныма биыл 6 жылдан асып барады, Аллаға шүкір 1 ұл, 1 қызымыз бар. Отбасылық өмірде түрлі жағдайлар болады ғой, ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Біз басқа қалада туған туысқаннан жырақта үй жалдап тұрамыз. Мен 2 баланы босанып жұмыс жасамай үйде отырдым 5жылдай. Күйеуімді өте қатты жақсы көруші едім. Сөйтіп бір күні ақша жетпей бара жатқан соң балаларды ауылға апарып, өзім жұмысқа шықтым. Екеуміз де мемлекеттік қызметте жүрдік. Бір күні күйеуім мас күйінде машина айдағаны үшін жұмыстан шығып қалды. Содан отбасымызда кикілжіңдер көбейді, ақша жетіспеушілігі, кредит дегендей, машинасы да бұзылып, бір қырсыққа тап болдық. Жекеменшік күзет қызметіне жұмысқа кірді кейін, айлығы аз болса да үйде босқа жатпа деп мен қолға салдым. Содан ішімдікке əуес боп алды, мені жөнсіз қызғанып, ешқайда шығармай, киген киімдерімді боянғанымды жақтыртпай. Əйел заты болғасын əдемі боп жүргіміз келеді ғой. Содан күйеуіме деген ыстық сезімім су сепкендей басыла бастады. Шыны керек, оны басқа еркектер мен салыстыра бастадым, неге менің байым осындай, мен кімнен кеммін деп. Ажырасу жайлы көп ойлайтын болдым. Төсек қатынасында да қатты салқындық болды. Ақша таппайтын, мені бағаламайтын еркек не үшін керек маған деп ойладым. Осылай ырың жырың өмір болды. Бірақ уақыт өте келе аяқ асты екеуміз де өзгере бастадық. Ол ішуін азайтты. Мен оны бағалауды үйрендім. Қатты қорқушы едім сүймеген адаммен қалай өмір сүрем деп. Оған қайтадан ғашық бола бастадым, көзқарасымды өзгерттім. Одан айрылып қалып, жалғыз қалудан қорқамын. Айтарым, ер азаматтарыңызды əрқашан қолдап, демеп жүріңіздер. Махаббат болса, бақыт та болады. Əйел еркектің бабын тауып, көңілінен шықса жұмақтан орын алады. Өз күйеуіңді жамандағаныңмен, біреу жақсы байын саған бере салмайды. Отбасын ыдыратпай, бірлікте ұстаңдар. Əрқашан махаббат оты сөнбесін.

Аноним 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста