Күйеуіме күнәмді мойындап, ажырасқым келді. Бірақ...

Күйеуіме күнәмді мойындап, ажырасқым келді. Бірақ...

Мен өзімнің басымдағы оқиғаны жазбас бұрын ұзақ ойландым. Жылдар бойы жанымды күйзелтіп жүрген сырды сыртқа шығару оңай емес екен. Әдетте, сырыңды жақыныңа айтқанша, жат біреуге айтып жеңілдеп алған жақсы деп жатады ғой. Сондықтан мен бүгін өзімнің шын есімімді өзгертіп, аноним түрде «Алаш айнасы» оқырмандарына өз мұңымды шақпақпын.

   

Қазір менің жасым 35-те. Тұрмыс құрғаныма биыл 10 жылдан асты. Алматы қаласында үлкен компанияда жұмыс істеймін, шүкір табысым да жаман емес.

   

Мені ата-анам жастайымнан ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиеледі. Өзімнен кейінгі сіңілім мен інім де сабақты жақсы оқыдық, ата-анам  бәрімізді жоғары оқу орнына түсірді. Бір сөзбен айтқанда мен өзімнің өте өнегелі отбасында тәрбиеленгенімді мақтан тұтамын. Әкем де, анам да қарапайым жандар. Мен олардың бізге, яғни балаларына тек ата-ана емес, дос бола алғандарына  шексіз алғысымды білдіремін.

   

Мен оқуымды бітіріп, қолыма дипломымды алып, бірнеше жыл жұмыс істеп өз аяғымнан тұрғаннан кейін ғана тұрмысқа шығамын дейтінмін. Сол сөзімде тұрдым. Оған дейін басқа жігіттермен дос болып, араласып жүрсем де өзіме жақындатқан емеспін. Тіпті өзім бір жігітке қатты ғашық болсам да, оның шыдамсыздығын кешіре алмадым.

 

Атын атамай-ақ қояйын. Мен ол жігітпен алғаш компанияға жұмысқа келген кезде таныстым. Өзі сымбатты, білімді жігітті ұнатпаған қыз жоқ. Бірақ ондай келісті жігіттердің қызқұмар болатыны белгілі ғой. Сондықтан мен оған өзімнің ұнататынымды білдірмей,  ол маған көңіл білдіріп, қылмыңдай бастаса өзімді қатал ұстауға тырысатынмын.

 

Бірақ біраз уақыт өте келе екеуміз жақсы дос болып кеттік. Жақсы араласа бастағанымызға бір жылдай болғанда ол 8 наурыз мерекесі қарсаңында маған тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады. Алғашында мен оның мұндай ұсынысын әзіл деп ұқтым. Бірақ ол маған күнде гүл, сыйлық әкелуден жалықпады, ұсынысын қабыл алғанымша маза бермеді.

 

Сонымен екеуміз алдағы жазда тоймызды жасайтын болып келісіп, қыз бен жігіт ретінде жүріп жүрдік. Мен оның ұсынысын қабыл алғаннан кейін жігітім маған төсек қатынасы туралы жиі айтатын болды. Мен оған бірден үзілді-кесілді қарсы болдым. Тек тойдан кейін ғана бірге болатынымызды, босағаны пәк болып аттағым келетінін айттым.

 

Осы үшін екеуміз талай мәрте ұрсысып, қайта татуластық. Бірде компанияда істейтін дос қызыма жігітімнің мені төсек қатынасына үгіттем жүргенін айтып қалғаным сол еді. Оның маған айтқан әңгімесі мені есімнен тандырды. Сөйтсем, менің болашақ күйеуім мен алғаш жұмысқа келген кезімде өзіне назар аудармағаным үшін қайтсем де осы қызды өзіме қаратып, онымен төсектес боламын деп компанияда жұмыс істейтін жігіттермен бәстескен екен. Әлгіні күнде жанымда жүрген дос қызымнан естігендеқандай күйдге түскенімді айтып жеткізе алмаймын. Шындыққа көзімді жеткізу үшін бірден жігітіммен ашық сөйлестім. Іштей әлгі қыздың айтқаны жалған болса екен деп тілесем де, жігітімнен шындықты талап еттім. Алғашында қипақтап мойындағысы келмегенмен, мен оның көзінен-ақ мені алдағанын, өзінің дегеніне жеткеннен кейін үйленбек  түгілі мені танымай кетпек ойы бар екенін білдім. Сөйтіп мені бір Алла үлкен қателіктен, осындай надан жігіттен сақтады.

   

Мен осы жағдайдан кейін ешқандай жігітке сенбейтін болдым. Бірақ қанша дегенмен қыз баланың басты міндеті отбасын құрып, ана атану ғой. Оның үстіне жасым да жиырма беске келіп қалды. Сөйтіп жүргенімде бір жиында өзімнің бірге оқыған курстас жігітімді кездестіріп қалдым. Оқып жүргенде сондай сабырлы, мінезі жуас жігіттің тіпті арамызда бар-жоғы білінбейтін. Ол да отбасын құрмапты. Ол банктердің бірінде менеджер болып жұмыс істеп жүр екен. Сонымен екеуміз бір-бірімізбен телефонымызды алмасып, бірнеше мәрте кездестік. Көп ұзамай екеуміз отбасын құрдық.

   

Отбасылық өміріміз бірқалыпты өтіп жатты. Бір-екі жыл екеуміз де жұмысбасты болып, арамызда баланың болмай жүргеніне де аса алаңдамадық. Денсаулығымыз жақсы, Жаратқан өзінің қалаған уақытында берер деп сабырлылық танытуға тырыстым. Бірақ әрине, ай сайын қуанышты жаңалық күтетінмін.

 

Бірақ отбасысын құрғанымызға 3 жылдан асқанда менің бойымды балалы болмай қалсақ қайтемін деген қорқыныш билеп алды. Күйеуім екеуміз біраз дәрігердің табалдырығын тоздырдық. Бірақ нәтиже болмады. Бәрінің айтатынын «бәрі жақсы, тек жолдасыңыз аздап емделу керек, балаларыңыз болады» дейді.

 

Күйеуім екеуміз де біраз уақыт ем алдық. Осы кезде менің жуас күйеуім мінез шығара бастады. Ол мені бұрыннан да қатты қызғанатын, бірақ мен оған ешқандай күдік тудыратындай әрекет жасамағаннан кейін өзін өзі ұстайтын. Бірақ уақыт өте келе ол мені көлеңкесінен қызғанатын болды. Жұмыстан келсем, ұялы телефонымды тексереді, соңымнан аңдиды, ойда жоқ кезде жұмысыма келеді, әйтеуір өзінің қызғаншақтығымен мені әбден мезі қылды. Маған қатты айғайлап, қол көтермесе де оның тіміскіленіп, менен күдіктенгені әбден қанымды қайнатты. Одан кейін ішетінді шығарды. Ішіп алып күшейіп, «кіммен болдың, қайда бардың, сен мені менсінбейсің, біреуің бар» деп оттайтынды шығарды.

 

Өзім балалы бола алмай жүргеніме жаным күйзеліп жүргенде күйеуімнің қылықтары жүйкеме тиді. Күйеуіме де, өміріме де өкпелеп жүрген күндердің бірінде өзімнің алғаш жүрген жігітімді кездестіріп қалдым. Ол екеуміздің арамыздағы жағдайдан кейін компаниядан кетіп қалған болатын. Қанша айтқанмен бұрын өзім қатты ұнатқан жігіт қой, оны көргенде қуанып кеткенімді жасыра алмадым. Ол да мені көргеніне қуанышты екенін айтып, екеуміз бірге тамақтандық. Өткен-кеткенді еске алдық. Сол кезде ол маған жігіттермен бәстесіп, сені өзіме қаратып аламын дегенім рас, бірақ кейін шын ғашық болып қалған едім дегенде не дерімді білмедім. Күйеуімнен әбден көңілім қалып, құлазып жүргенде кездескен алғашқы махаббатыммен сол түнді бірге өткіздік.

 

Осыдан кейін өзімді қатты кінәлі сезініп, күйеуіме бар шындықты айтып, онымен ажырасқым келді.  Онсыз да менен күдіктеніп жүрген күйеуімнің кешірмейтіні белгілі ғой. Қанша рет айтайын деп оқталсам да батылым жетпей жүрді. Сөйтіп жүргенде күйеуім маған: «Жаным, мені кешірші. Білем сені ренжіттім, ақымақ болдым, бірақ мен сені жақсы көремін. Үлкен адамдарша ақылға салып, өмірімізді қайта бастайықшы, құдай бұйырса баламыз да болады» демесі бар ма. Жолдасыма не дерімді білмей жылай бердім. 

 

Сол бір жағдайдан кейін мен өзімнің жүкті екенімді білдім. Мұны естігенде күйеуімнің қалай қуанғанын көрсеңіз. Ол мені аялап, тіпті үйдің тірлігіне дейін өзі тындырып тастайтын. Құрақ ұшып, өзімді жақсы көріп тұрған күйеуіме баланың онікі емес екені, көзіне шөп салғанымды сол күйі айта алмадым.

 

Қазір баламыз 5 жасқа келді. Әкесі ұлын жанындай жақсы көреді. Сондықтан мен өзімнің кешірілмес күнәмді жан жарымнан жасыруға мәжбүрмін... Оның жүрегін жаралағым келмейді...

 

 

 

Айжан, Алматы

alashainasy.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста