Күйеуімді сіңілімнен қызғанам...

Күйеуімді сіңілімнен қызғанам...

«Алаш айнасының» редакциясына өзін Альфия деп таныстырған келіншектен хат келді. Хат орыс тілінде екен. Хаттың мәтінін қазақшалап, «Отбасы – ошақ қасы» айдарына ұсынуды жөн көріп отырмыз.

Мен үйдегі төрт қыздың үшіншісімін. Кішкентай кезімнен еркекшора болып өстім. Отбасымызда ер бала болмаған соң әкем мені ерекше жақсы көретін. Өте еркелетіп өсірді. Аузымнан шыққан сөз заң әкем үшін. Анам
әпкелерімді жұмасап, оларға үйдің тірлігін жасатса, мен аулада әкемнің қасында еріп жүретінмін.
Біз отбасымызбен Ақтөбе қаласында тұрамыз. Ата-анам да, бізде үйде тек орыс тілінде сөйлесеміз. Өйткені бәріміз мектепті орысша бітірдік. Кейде мен өзімнің қазақша білмейтініме ұяламын. Қазақша түсініп тұрсам да, қазақ тілінде сөйлемеймін. Өйткені сөздерді қате айтып қалам ба деп жасқанам.
Менің анам өте үлкен отбасынан шыққан. Олардың отбасында 8 қыз, ал әкем балалар үйінде өскен. Ол кісі өте сабырлы, байсалды адам, анам екеуінің мінезі мүлде бөлек. Анам үйдің үлкені болғаннан кейін бе, жастайынан отбасындағы бар жауапкершілікті өз мойнына алып үйренген. Өзі еркек мінезді, қаталдау адам. Жалпы менің нағашы жұртым балаға суықтау, аздап менмендігі бар жандар секілді көрінеді маған. Дегенмен біз мамамның сіңілдерінің балаларымен, яғни бөлелерімізбен араласып тұрамыз.
Ал енді өзімнің жеке басымдағы мәселеге көшейін. Мен тұрмысқа өте кеш шықтым. Өйткені мен бала кезімнен өте толық қыз болатынмын. Жасөспірім кезімде де жанымдағы қыздардан әлдеқайда толық болдым. Өзімнің толықтығым үшін ұялатынмын. Бірақ келбетім әжептәуір, аяғым да түп-түзу. Бірақ қыздардан гөрі ұл балалармен дос болып, өзімді ер бала секілді ұстағаннан кейін бе, бойжеткеннен кейін бозбалаларға аса қарай қоймадым. Менің өзімнен үлкен әпкем тұрмысқа шықты, балалы-шағалы болы. Кезек маған келгенде мені ұзақтау жүріп қалады деді ме, өзімнен кейінгі сіңілім 21 жасында тұрмысқа шығып кетті. Сәнияға құда түсіп, дүркіретіп той жасап алған жігіті үйленгеннен кейін көп ұзамай қатты өзгеріп кетті. Ол үнемі Сәнияны ренжітіп, тіпті қол көтеретін. Ол кезде сіңілімнің жеке өміріне ата-анамыз да, біз де араласқан жоқпыз. Сәния анда-санда көңіл-күйі түсіп, беті көгеріп үйге келетін. Бірақ анам үнемі оған отбасын сақтап қалу үшін төзім керектігін айтып отыратын. Көп ұзамай Сәния жүкті болды. Бәріміз қуандық, сәби пайда болғанна кейін Сәнияның отбасында береке орнар деп ойладық. Алайда біздің ойымыз тек арман болып қалды. Жездем тоғыз айлық сәбиге жүкті әйелін тастап кете барды. Ол тіпті тұңғыш баласы туғанда перзентханаға да келмеді. Кейін естідік, ол екі баласы бар әйелдің қолына кіріп алыпты. Ал Сәния болса сәбиін құшақтап қала берді. Әкем мен анам өз үйімізге әкеп алды, баласын бәріміз жабылып қарадық. Осы жағдайдан кейін Сәния қатты өзгеріп кетті. Ол достарымен көп қыдыратын, үйге ішіп келуді шығарды. Баласына мүлде қарамайды, мас болып келеді де айғай-шу шығарады. Алғашқы кездерде ата-анам да, мен де оның бұл қылығына түсіністікпен қарады, жаны күйзеліп жүр-ау деп ойладық. Уақыт өте келе ол біраз сабырға келгендей болды. Сол уақытта оның өмірінде тағы бір жігіт пайда болғанын естідік. Ол үнемі сол жігітпен кездесіп жүретінін еститінбіз. Бірде ол маған: Мен сені достарыммен таныстырайын, сенің суретіңді көріп бір жігіт ұнатып қалыпты, танысқысы келеді деді. Сіңілімнің көңіліне қарап оның бұл ұсынысын қабыл алдым. Оның үстіне жасым да 28-ге келіп қалған. Мұның алдында бір жігітпен жүріп, арамыз тез суып кеткен болатын. Сонымен сіңілім Сания мені өзінің жақын досымен таныстырды. Сұңғақ бойлы, ойлы көзді, қараторы жігіт екен. Үшеуміз біраз әңгімелестік. Кейін әлгі жігіт менің соңымнан жүгіріп, біраз уақыт кездесіп жүрдік. Бірде Саян екеуміз әңгімелесіп отырып ол өзінің өмірі туралы айтып берді. Оның ата-анасы ертерек дүние салған екен. Ал өзі әскерде жүргенде төбелеске қатысып, бір баланың қазасына байланысты жазасын өтеп шығыпты. Үш жылдай отырып шыққан соң Ақтөбе қаласына келіп жұмыс істеп жүр екен, ал туған туысы ауылда тұрады. Ол мені шын ұнатып қалғанын айтып, тұрмысқа шығуымды өтінді. Осы ұсынысты жасаған кезде ол маған тағы бір шындықтың бетін ашты. Ол алғаш Саниямен танысқанда екеуі біраз уақыт қыз бен жігіт болып кездесіпті. Бірақ кейін ол Саниямен тек дос болып қалғандарын айтты. Менің суретімді көргеннен кейін менің көздеріме ғашық болып қалғанын, үйленгісі келетінін айтты. Мен тіпті не дерімді білмедім. Әншейінде ешқандай жігітке қарамайтын өркөкіректігім жайына қалды. Мен де Саянды шын жақсы көріп қалғандаймын. Оны бір күн көрмесем сағынып, хабарласпай қалса көңілім алаңдап отыратын болды. Мен Саниямен Саян туралы сөйлескенімде ол маған: «ол мені ең басынан-ақ ұнатқан емес, жай ғана достар секілді жақсы араластық, ол адам жанын баурап алатын жақсы жігіт, ол сені сүйеді» деді. Осыдан кейін көп ұзамай Саян менің ата-анама келіп, маған үйленгісі келетінін айтты. Үлкендер бізге батасын беріп, біз бөлек пәтер жалдап тұрдық. Отбасын құрған жылдары оңай болған жоқ. Бір-біріміздің мінезіміге үйренісіп кеткенше қиындау болды. Бірақ бір-бірімізді сүйгендіктен болар біз барынша төзуге тырыстық. Саян мен үшін ішімдіктен мүлде бас тартты, мұның өзіне екі жыл уақыт керек болды. Мен де біраз еркелігімді қоюға тура келді. Саян екеуміздің отбасылық өмірімізде бәрі жақсы, бірақ бір нәресте сүю арманымыз. Бір сәбиді армандап, емханаларды жаңғалап жүргенімізде менің отбасымда аяқ астынан бір жағдай болды. Сіңілім Сания баласымен бірге ата-анамның үйінде тұрып жатқанын айтып едім ғой. Кейінгі кезде ол бұрынғы әдетіне қайта басып, үй қарасын көрмей қыдырып ішетін болды. Үлкен әпкелеріміздің де, әке-шешенің де ақылын тыңдамайды. Ол өзінің туған баласына қарамайды, ол бала мектепке қалай барып жүр, не ішіп-жейді, не киеді оны қызықтырмайды. Ал ата-анам болса үлкен кісілер. Әкем жүре алмайды. Саниямен сау кезінде сөйлесе қалсақ: «мен ешкімге керек емеспін, қалай өмір сүрсем өзім білемін» дейді де, ешкімнің ақылын тыңдамайды. Осылай қырсығуын қоймады. Бір күні қатты ішіп жүріп мас күйінде көліктің астына түсіп кетіпті. Оның ауыр халде аурухана түскенін естіп Саян екеуміз жүгіріп бардық. Ол бір аптадан кейін есін жинады. Осыдан кейін өмірдің мәнін түсінер, ақылға келер деп ойладық. Алайда енді оған қалыпты өмір сүру арман болып қалатынын біз білмедік. Дәрігерлер Санияның аяғы жазылмайтынын айтып, бір айдан кейін кесіп тастады. Қазір ол мүгедектер арбасына таңылды. Біз Саян екеуміз ата-анамды, Санияны қарау үшін менің үйіме көшіп бардық. Жан жарыма рахмет, ол менің жүре алмай қалған әкемді де, сіңілімді де қарайды, көтереді, тіпті жуындырып киіндіреді. Мен күні бойы жұмыстамын, өйткені ақша табатын да адам керек қой. Ал Саян құрылыста істейді. Белгілі бір нысанды тапсырғаннан кейін келесі тапсырыс алғанша бос уақытында көбіне үйде болады. Ал Сания мүгедектер арбасына таңылғаннан бері күйеуім тіпті жұмысқа шықпады. Өйткені менің жұмысым тұрақты, жалақым да жақсы, жұмысымнан айрыла алмаймын. Сондықтан үйдегі ата-анамды да, сіңілімді де, оның баласын да Саян қарасып жүр. Кейде тіпті ойым сан-саққа жүгіріп, Саян көп уақыт сіңілімнің жанында өткізетінін ойлап, қызғанып та қаламын іштей. Бірақ менікі қызғаныштан көрі қорқыныш шығар. Саян менен де, менің отбасымдағы проблемалардан шаршап бір күні кетіп қалса қайтем деп уайымдаймын.

Альфия, Ақтөбе

Құрметті оқырман, егер Сіз де өз басыңыздан өткен тағдырды көпшілік талқысына салып, оқырманмен ой бөліскіңіз келсе мына электронды почтаға материалыңызды жолдай аласыз: info@alashainasy.kz

Редакция телефондары: 8/727/388-80-60; 8/717/2 54 27 30

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста