Күйеуімді өзгелермен бөлісу жанымды жегідей жеп барады...

Күйеуімді өзгелермен бөлісу жанымды жегідей жеп барады...

Менің тұрмысқа шыққаныма биыл тура 12 жыл болды. Осы уақыт ішінде бақытты күндерімнен ұйқысыз түндерім көп болды. Екі күннің бірінде үйге қонбайтын қыдырымпаз күйеуімнің қылықтары мені әбден тойдырды. Жастау кезімде үлкендердің «қыдырмайтын, қызға бармайтын еркек болмайды, қайда барады дейсің, өз әйеліне, бала-шағасына қайтып келеді» деген сөздерін естіп, өзімді-өзім жұбататынмын. Бірақ уақыт өткен сайын босағамыз берік бола түсудің орнына шаңырағымыз шайқалудың аз алдында тұр. Ішіме сыймаған сырымды «Алаш айнасына» ақтарайыншы...

Біз Думан екеуміз жас үйлендік. Ол 21 жасында, мен 20 жасымда отбасын құрдық. Екеуміз алғаш танысқан кезде-ақ мен Думанның қызқұмар екенін байқадым. Өйткені ол өзі сондай сымбатты, сөзге шешен еді, ол гитарамен ән салғанда қыз біткеннің бәрі оған ғашық болатын. Сол тәмам қыздың ішінен Думанның таңдауы маған түсті. Студенттік шақта Думан мені барлық отырыстарға, думанды кештерге ертіп баратын. Жұбымыз жазылмай жүрген күндердің бірінде мен өзімнің жүкті екенімді білдім. Сонымен, Думанның ата-анасы мен менің анам біздің тойымызды жасап берді. Менің анам өзімнен кейінгі інім екеумізді жалғыз өсірді. Мен тұрмысқа шығып бара жатқанда анам: «Қызым, сен осы жігітті өзің таңдадың, өзің ұнаттың. Отбасын құрған екенсіңдер, кейін маған Думанды жамандап, үйге қайтып келуші болма» деп ескертті. Сонда анашым Думанның әлі ақыл тоқтатпағанын, жастық жалыны басылмағанын, ойын-сауыққа қанбағанын меңзеген екен-ау.

Сонымен, той өтіп ыстық-суығымыз басылған соң менің отбасы ошақ қасындағы келіндік міндетім басталып кетті. Өзімнің аяғым ауыр, студентпін, таң атпай сабаққа кетемін, түстен кейін үйдің тіршілігі мойнымда. Алғашқы күннен бастап ата-енеммен, қайынсіңіліммен бірге тұрдық. Думанның ағасы әйелімен бөлек тұратын.

Енем балаларының ішінде Думанды ерекше жақсы көретін. Ол қандай бұзықтық жасап, ерсі қылық көрсетіп жатса да, анасы Думанның сөзін сөйлейді. Маған енем қашанда «Сен Думанның әйелісің, бұл - ең бастысы. Сен оны болмашы қыздардан қызғанып өз беделіңді түсірме, телефонын тексерме. Отбасының ойран болмауы әйелге байланысты. Төзімді бол. Күйеуің үйге өзі қайтқысы келіп, асығып тұратындай болсын» деп ақылын айтып отыратын.

Сөйтіп, анам мен енемнің ақылын тыңдап Думанның кейбір қылықтарына қандай ыза болсам да, ашуланғанымды білдірмей, дәмді тамақ жасап, үйді таза ұстап, күйеуімнің көңілін табуға тырысып жүрдім.

Тұңғышымыз Аяулым дүниеге келгенде перзентханаға Думан бір топ достарымен мас болып келді. Оның бұл қылығына да кешіріммен қарадым. Нәрестеммен үйге барғанымызда Думан біздің жанымызда болады ғой, қазір достарымен көңіл көтерсінші деп өзімді-өзім жұбаттым. Бірақ Думан тұңғыш қызын анда-санда бір иіскегені болмаса, әке болып баласына қарасқан емес. Күндіз-түні үйде жоқ, не тұрақты жұмысы жоқ. Бір жылдан кейін ұлымыз дүниеге келді. Бірақ Думан екі баланың әкесі екенін де түсінгісі келмеді, өзін бойдақ жас жігіттей ұстайтын. Үйге жуынып, киім ауыстыру үшін, тамақ ішу үшін келетін. Әйтеуір енем немерелерін жақсы қарады. Екі бала бірінен кейін бірі қатар болғандықтан, мен біраз қиналдым. Осындайда маған енемнің көмегі тиді. Баласының жамандығын жасырып, жақсылығын асырып отырады ол кісі.

Уақыт сырғып өте берді. Балаларымыз да мектеп жасына жетіп қалды. Ал Думан екеуміз бірде тату, бірде қату өмір сүріп жаттық. Мен өз мамандығым бойынша қаржы саласында жұмыс істеп жүрдім. Ал Думан жеке бизнеспен айналысуға әрекет жасады. Біраз табыс тауып, ол ата-анасына жеке баспана сатып әперді. Сөйтіп, бала-шағамен бөлек шықтық. Бірақ ата-енем бізге жиі келіп, немерелерін мектепке апарып, солардың жағдайын жасап тұрады.

Біз Думан екеуміз ерлі-зайыпты болып достарымызға қонаққа бірге бармаймыз не достарымызды үйге шақыра алмаймыз. Өйткені Думан қашанда достарына өзі жалғыз кетіп қалады. Кейде көшеден достарымызды көре қалсам, Думанмен бірге тұрып жатырсыңдар ма, көрінбейсің ғой деп жатады. Бірде Думанның бір досының әйелі маған сенің күйеуіңді басқа бір қызбен көрдім, ажырасып кеткенсіңдер ме деп қалды. Сондайда не айтарыңды да білмейді екенсің.

Күйеуімнің қыздармен жүретінін әркімнен есту былай тұрсын, кейбір батыл қыздар өзімді де мазалайтын болды. Телефоныма хабарлама жіберіп, «Думан менікі, басын босат» деп тұрып өзіме бұйрық беретінін қайтерсің. Осындай бассыздықтардан кейін қалай күйеуіңнің жанында тып-тыныш түк білмегенсіп ұйықтай бересің?.. Ұрыс-керіс, айғай-шу, отбасымыздың берекесі кетеді. Батырып та айттым, жылап та өтіндім, ажырасуға да бел байлап бір жыл бөлек те тұрып көрдік. Бірақ ата-енем Думанды желкелеп жүріп, біздің қайта қосылуымызға себепкер болды. Күйеуімде енді оңды-солды жүрмеуге ант-су ішіп сөз берді. Сонымен, біраз уақыт тынышталғандай болдық. Жасымыз отыздан асып қалды, екі баламыз ержетті ғой деп тағы бір сәбиді дүниеге әкелуге бел байлап, үшінші рет ана атандым. Жас босанып қызыммен үйде отырған күндердің бірінде сыртқы есік қағылды. Ойымда түк жоқ есікті ашсам, арғы жақта іші шермиіп бір жас қыз тұр. «Кіруге бола ма?» деді төмен қарап әлгі қыз. Уыздай жап-жас сүйкімді қызды үйге кіргіздім. Әлгі қыз ас үйге кіріп отыра қалды да жылап жіберді. «Тәте, сіз мені кешіріңіз. Бірақ біз Думан екеуміз бір-бірімізді сүйеміз. Сіз неге оның басын босатпайсыз. Оның сізге деген махаббаты баяғыда өшіп қалған. Ол сізбен балалары үшін ғана тұрып жатыр. Енді, міне, менің де балам болады Думаннан. Сіз мені түсініңізші, Думанды жіберіңіз» деді. Әлгі жерде қалшиып тұрып қалған екем, есімді жия қойдым да, «Әне, Думан түпкі бөлмеде ұйықтап жатыр, оят та, жетектеп алып кет» дедім. Өзім іштей алай-дүлей ашуланып тұрсам да сыртқа білдірмеуге тырыстым. Күйеуімнің әке-шешесіне хабарластым. Олар да келді. Айғай-шу, ұрыс-керістен кейін, қысқасы, Думан әлгі қызбен еріп кетіп қалды. Бұрын қыздармен жүретінін білсем де, үйіңнен келіп күйеуіңді бөтен қыздың жетектеп кеткені қандай жаман. Қорланып кеттім. Жылап-жылап алдым да, балаларым үшін өз-өзіме келуге тырыстым. Сонымен не керек, жас қыздың жетегінде кеткен күйеуім 3 күннен кейін жаздым-жаңылдым деп қайтып келді. Күлесің бе, жылайсың ба? Мен оған кел де демедім, кет те демедім. Бұл осыдан үш жыл бұрын болған оқиға. Қазір күйеуімнің некесіз туған баласы 3 жасқа келіп қалды. Мүмкін, ол келіншекке барып, баласына көмектесіп тұратын шығар, ол жағын білмеймін. Бірақ одан басқа да қыздар да жетіп-артылатыны шындық. Күйеуіммен бірге тұрған 12 жылда оның қанша қыздың басын айналдырғаны бір Аллаға аян, ал менің бұған етім үйреніп кетті. Қыздармен қыдыратынымен қоймай, кейінгі кезде Думанның көлеңкелі істермен айналысатынын да білдім. Жақында ол ұрлық-қарлыққа қатысы бар деген күдікпен сотталып кете жаздады. Үш ай уақытша қамауда жатқан балаларын ата-анасы тамыр-таныстарын салып жүріп түрмеден шығарып алды.

Мен шынымды айтсам, осындай отбасылық өмірден шаршап, қажып кеттім. Менің қызмет істейтін орнымдағы бастықтарым күйеуімнің істі болғанын естіп мені жұмыстан да шығарып жіберді. Жақында бір танысым Астана қаласындағы үлкен бір компанияға қаржы директоры керек деп маған ұсыныс жасаған еді. Неде болса, бәрін тастап, балаларымды алып басқа қалаға барып, жаңа өмір бастасам ба деп ойланып жүрмін. Балаларым әкесімен, ата-әжелерімен араласып тұрар. Бірақ менің Думанмен жақсы отбасы боламын деген үмітім үзілді, төзімім таусылды. Мұндай күйеумен тұрғанша тұрмаған дұрыс-ау. Балаларына қандай тәрбие бермек осы қылығымен. Өз балалары мен некесіз туған сырттағы балаларының ертеңгі тағдыры алаңдатпайтын адамға не істеуге болады? Қаншама жас қыздың көз жасына, некесіз балалардың обалына қалған күйеуім өмірден сабақ алатынына күмәнім бар...

Жанар, Алматы қаласы
alashainasy.kz/ 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста