Сәлеметсіздер ме! Есімім құпия болсыншы. Мен сіздерден кеңес сұрайын деген едім.Жасым 28-де, екі балам бар. Бес жылдан бері жолдасыммен бөлек тұрып жатырмын. Бір-бірімізді сүйіп-ақ қосылған едік, бірақ өмірдің сынақтарына шыдай алмай, ақыры ажырасып тындық.
Қандай әйел күйеуімен ажырасқанды қаласын, мен отбасымды сақтауға тырысып бақтым. Бірақ менің жолдасымды өзінің апасының қызы дуалап алған. Қазір ол сонымен бірге тұрады. Күйеуім апасының үйінде жатып жұмыс істеген еді. Сол кезден бастап арамыз суып кетті, ол арамыздағы балаларға да қарамастан өзге әйелдің құлшағында қалды.
Биыл жолдасым өзі хабарласып, сендерді сағынып жүрмін. бірге тұрғым келеді деді. Арада қанша жыл өтіп кетсе де, опасыздық жасаса да, мен мүмкіндік бергім келген. Бірақ ана әйел оны уысынан шығарар емес. Не Істесем болады? Қызым біздің бірге тұрғанымызды қалайды. Дуаны қалай қайтаруға болады? Әлде мен де өзіме қайтаратын дуа жасатайын ба? Ақыл қосыңыздаршы.
Аноним