Күйеуімді көшедегі қыздарға барады деп ойламаппын

Осы уақытқа дейін жолдасыммен ажырасам деген ой мүлдем миыма кіріп шықпаған ой еді. Жолдасыммен 12 жыл бірге тұрдық. Екі бала тәрбиелеп өсірдік. Басымызда үйіміз де, астымызда көлігіміз де бар. Былайша айтқанда жұрт қызығарлықтай өміріміз бар болатын. Өзім мектепте ағылшын тілі пәнінің мұғалімімін. Жолдасым қаладағы институттардың бірінде ғылыми қызметкер болатын.

Әжептәуір қызметі бар күйеуімді көшедегі қыздарға барады, жеңіл жүрісті қыздардан ауру жұқтырып алады деп мүлдем ойламаппын. Осыдан үш ай бұрын ауырып, гинекологқа көрінгенімде, ақылы медициналық орталыққа барып, анализ тапсыруға нұсқау берді. Жанұшырып барып тапсырып, қортындысын білгенде шалқамнан түсе жаздадым. Жолдасымнан жыныстық қатынас арқылы жұғатын ауру жұқтырыппын. Айтқан сәтте-ақ жолдасым мойындады. Үш ай емделіп, талай ақшамды шашып жүріп, қазір ауруды жеңгендеймін. Алайда әлі екі апта сайын анализ тапсырып жүрмін. Бір айдай болды, көңілім суып, ақыры бірге тұра алмайтыныма көзім жеткен соң, ажырастық. Ресми ажырасуға арыз да түсіріп қойдым. Туған туыстың барлығы «не болды» деп сұрайды. Не деп айтарымды да білмеймін. Өзі қайта қайта келіп кешірім сұрап жүр. Өзі де емдеу курсынан өтіп жүр екен. Бірақ кешіре алар емеспін. Осы оқиғадан кейін өзімді қатты тастап жібердім. Жаңа оқу жылында жұмысқа да ынтам болмады.

Алдың күні қайынапайым келіп «осы жасқа келгенде қаңғып көшеде жүре ме, дос бар, дұшпан бар. Келісімге келіңдер. Татуласыңдар» деп кетті. Бірақ бетіне де қарай алар емеспін. Қызым 11 жаста, ұлым 9 жаста. Ұрысымыздың шет жағасын естіген секілді. Көңіл күйлері жоқ. Не істерімді білмеймін. Опасыздықты кешіруге бола ма? Ұрыс кезінде байқағаным көзіме шөп салып жүргеніне біршама уақыт өтіпті. Не істеуге болады? Көзіме шөп салғаны аздай, қауіпті инфекцияны маған да жұқтырғаны жаныма батады.

 


Ақмарал, Алматы қаласы
 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста