Сәлеметсіз бе! Жасым 20 да қыз баламын. 19 жасымда бала үшін тұрмысқа шықтым. Әрине, жігітім де күйем сүйем деп болмады. Ол басқа қаланың баласы. Сонымен біз үйлендік мен тек үйленген кезде ғана оның жағдайы нашар екенін, өзі ауру екенін білдім. Оғанға дейін ешнәрсе айтқан емес. Әрине, той, құдалық деген нәрсе болмады. Үйленген соң мүлдем өзгеріп кетті. Менің қыз емес екенімді бетіме басып айта береді. Жүріп жүргенде білген негізі. Күнде бір ұрыс шығарады біресе анау дұрыс емес біресе мынау деп. Аузына келгенін айтып, тіпті жұлқылап алады да, кейін жаным мен сені сүйем сенсіз өмір сүре алмаймын деп аяғыма жалынып жылайды. Мен өзім табиғатымнан жүрегім нәзік, сондықтан кешіре саламын. Бірақ әр кешірген сайын құтырып бара жатыр. Бір айдан соң босанамын. Осы жолы туыстарым біліп қойып, ажырас мынау адам болмайды деп жатыр. Оларға "иә, иә" деп айттым. Бірақ қазір жылап отырмын, себебі мен оны сүйемін. Не істесем болады? Бұндай адамдар өзгере ме?
АНОНИМ