Күйеуім қайта қосылайық деп жалынып жүр

Күйеуім қайта қосылайық деп жалынып жүр

Амансыздар ма құрметті қауым. Сіздерден ақыл-кеңес сұрағым келіп тұр. Артық кетсем айып етпеңіздер. Мен 18 жасымда тұрмысқа шықтым. Өзімнің кездесіп жүрген жігітім алып қашты. Ол өте жақсы еді. Басында бізде бәрі жақсы болды. Ол 11 күннен соң мені тастап жұмысқа кетті, мен оны күтетінмін. Бір жаманы енем маған күн көрсетпейтін.Бір ай ішінде аяғым ауыр болды. Күйеуім естіп қуанды. Ол ұл қалаған болатын.
 
Аяғы ауыр келіншек, өздеріңіз де білесіздер ғой, әр ай сайын тексеріліп тұру керек. Ал менде ондайга бару азап еді. Ұрыс-жанжал. Күйеуім жұмыста болатын. Енем: «Баяғыда өзіміз дәрігерге тексерілмей-ақ туғанбыз, отыр не бар, олар айта береді» дейтін. Өз баласын қорғайтын ана емес пе? Мен де әйтеуір жасырынып үйтіп-бүйтіп куйеуіме айтып, дәрігерге көрінетінмін.

Күндер өтті, құрсақтағы балама бес ай болды. Дәрігерлер баламның қыз екенін айтты. Мұны естіген күйеуім өзгеріп кетті. Мен жалғыз қалдым. Барынша баламды күттім. Түнде ішімді құшақтап сөйлесетін едім. Сол кездегі кайғымды ешкім түсіне алмас. 8 наурыз күні күйеуім маған қол көтерді. Отырыста болатынбыз, мен қайтайық деп айтқанда ол ішіп алган еді. Содан 5 күннен соң ауруханаға түстім. Ота жасады, кан көп кетіп қалған соң өз күшіммен туу мүмкін болмады, өліммен арпалыстым. Қатты кайғырдым. Әу баста ата-енем, күйеуім каламаған қызымнан айырылып қалдым. Ол тірі туылыпты, 4-5 минуттан соң ол шетінеп кетті. Сол кезде Алладан басқа ешкімім болмады, менімен өз анам да жанымда болды. Оларға күйеуімнің ұрғанын айтпадым. Отбасымды сақтаймын деп ойладым. Перзентханада 1 апта жаттым. Күйеуім үш-ақ рет келді. Мен оны кешірдім, содан дәрігер 3 жыл бала көтермейсің деп дәрі берді.

Перзентханадан шығып, үйге келдім. Арада 6 ай өтті. Бір күні атам немере сүйгісі келетінін айтты. Күйеуімнің жанарынан да байқадым оны. Менімен онша сөйлеспейді Өз өмірімді қиғым келді. Ал енем болса: «іші кесілген қатын кімге керек» деп күйеуіме әдейі айтатын. Бәрін шыдап жүрдім, өзіме қөзім қол жұмсағым келген кездер көп болды. Атам мен енем отырсам опақ, тұрсам сопақ қылды. Күйеуім де оларға қосылды. Операциядан соң олармен бір жарым жыл бірге тұрдым. Бәріне шыдадым, соңында ақылымнан жартылай ажырап калдым. Шыдамымның таусылғанын біліп, ата-анама бәрін айтып бердім. Олар мені бірден алып кетті. Бір жыл емеделдім, жұмысқа тұрдым, медицина колледжіне оқуға түстім, Аллаға шүкір, намазға жығылдым. Енді қазір күйеуім қайта хабарласып, қосылайық деп жүр. Өзім 5 уақыт намаз оқыған соң білгенімғ әйелдер үшін арғы дүниеде бірінші сұралатыны намазы, сосын күйеуіне мойынсұнғаны. Осыдан кейін ойланып жүрмін. Күйеуім менен бала сүйгісі келетінін айтты. Ал мен болсам оқуға енді түстім, денсаулығым да әлі толық түзелген жоқ. Не істесем болады. Көпті көрген әпкелер, аналар өз акылдарынызды айтыныздаршы, күйеуіммен сөйлесіп жүргенімді өзімнің әке-шешем білмейді әлі...
Аноним

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста