Күйеуім пәк екеніме сенбейді

Күйеуім пәк екеніме сенбейді

Қымбатты оқырман, менң басымдағы жағдайға бейжай қарамасңыздар екен. Сырымды ақтарғым келіп жазып отырмын. Менің жасым 21-де.Үйдің кенже қызы болдым. Қаңтар айында жолдасым алып қашқан.Той айдың соңында болды.Менің мәселем.Қыз болып, арым таза болып күйеуге шықтым, бірақ қан ақпады.Қаңтар айының соңында көтердім.Күйеуім екі күн бірінде сен бұрында жатқансын, сен жезөкшесін. Сен өтірік айтасын, неше түрлі лас сөздермен балағаттайды.Түсіндіріп айттым, жылап та айттым.Түн жамылып тұрып, қолыма нан ұстап айттым, бәібір сенбейді,  тек Fлла тағала және мен білем қандай болғанымды деп қоямын.

Қазір шешеме дейін боқтап, туған бауырларымды да кінәсіз туысқандарымды да балағаттайды.Қол көтеретін болды.Айтып жүрмін гинекологқа барып сұра, барлық әйелдерде қан болмауы мүмкін, әр түрлі себеппен деп, ол бірақ сенбейді.Басқа қалай сендіртетінімді білмеймін.

Көп ашуланбайын дейсің, бірақ шыдамның да шегі бар, сөзімен жеп қояды, мен білем өйткені ол сөздерге мен лайыұ емеспін, өзімді қорғағым келеді, бірақ әлім келмейді.Мойнымнан қысады, қодарымды көгертіп қояды, ол да ауыртады.Өмір бойы олай жүргенін де қаламаймын, мамандардан сұра десем де, өзі барғысы келмейді, Кеше де ұрсысып қалдық, сөйлеспейді, жауап бермейді.

«Сен шындығынды айт» дейді, «сен қыз болып шыққан жоқсың ғой иә? Мен саған ренжімеймін» дейді айтсаң. Бірақ өтірік нәрсені неге мен иә, мен сондаймын деп айтуым керек.  Ішімдегі баладан да күмәнданатын болған, бала керек емес деп те айтады, өле қал дейді .Мен басқа не істеймін, қайда барамын? Әке-шешеме бармаймын, олардың еңсесін, көңілін түсіргім келмейді. Өзім сабыр сақтап, қасына барам, құшақтап, оны да жаратпайды,  баласын да аямайды.

Әке-шешемді көрген сайын ішімнен жылаймын, сағынып, құшақтап жылап алғым келеді, біақ білдіртпей өзімді ұстап отырамын. Бұрында уйде жүріп, одан да әкемнің ішіп концерт қойғаны жақсы еді, бұндайды көріп, естігенше деп, ойлап едім, күйеуге шықсам, құдай онсызда 20 жыл бойы көрсетті ғой отбасыдағы жағдайды әке-шешемнің, енді бақытты қылар деп ойладым, бірақ қателесіппін...Қашанғы бұлай жалғаса беретінін білмеймін, кейде кетіп қалғым келеді, бәрін тастап басқа қалаға болсын, бірақ күйеуім жібермейді.Одан сайын ауыртып қолын көтереді. Не істеуге болады, түсіндіріп жайлап сөйлесейік десем де сөйлеспейді.

Аноним 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста