Күйеуім менен әбден мезі болған секілді
 Сəлеметсіздер ме, оқырмандар! Мен сіздерден көмекке қатты зəрумін. Тұрмыс құрғаныма 3 жыл болды, 1 балам бар. Айтайын дегенім, мен өте қатты қызғаншақпын. Күйеуімді жұмыста жүрсе қайта-қайта звондап тексеремін. Ол менен мезі болды. Соның бəрін  білсем де қоңырау шалып мазасын алуды қояр емеспін.
Қыз кезімде полицей жігіттерді көрсем жыным ұстайтын, қызқұмар болғаннан соң ба білмеймін. Кейін тұрмысқа шығар болсам, полиция қызметкеріне тұрмысқа шықпаймын деп ойлаушы едім. Бірақ не керек, артымнан жүгіріп жүрген, мүлдем ұнамайтын полицей жігіт алып қашты. Асты-үстіме түсіп, айтқанымның бәрін істейтін. Кейіннен жанымнан артық жақсы көріп кеттім.
Бірақ ол өте көп өтірік сөйлейді. Қазір тіпті қай сөзінің шын, қай сөзінің өтірік екенін білмеймін. Бір нəрсе айтса, өтірігі ашылып жатса да мойындамайтын. Жылы сөз айту, баласына көңіл бөлу деген мүлдем жоқ. Ойлайтыны, тек ұйқы, тамақ болды. Əбден күдіктеніп біттім. "Сен маған сенбейсің" дейді. Қалай сенем оның өтіріктері ашылып жатса. Білесіздер, олар күн-түн демей жұмыс істейді, үйде көп болмайды. Контактісіне қыздардын номерін жігіттің есімімен де жазып қоятынын ватсап арқылы білдім. Өзім декреттемін, үйде отырғаннан соң ба, жүйкем қатты тозды. Мен оны суытып алған сияқтымын. Боқтап аузына келгенін айтады. Қалай өз-өзімді ұстасам болады. Жасы үлкен апайлар, сіздерден қатты өтініп көмек сұраймын. Қалай бәрін қалпына келтірсем болады. Өтірік сөйлегенін қалай қойдырсам екен. Өтірігіне көп алданғаннан соң ба көп тексеремін. Жай да айттым, ұрсып та айттым, бірақ қояр емес. Қызғаншақтығым өз алдына. Не істесем болады?
Айжан, Семей