Менің жасым 23 -те, тұрмысқа шыққаныма мен 8 ай болды. Əлі көтерген жоқпын. Ата-енем,қайын жұртым Аллаға шүкір өте жақсы адамдар, мені жақсы көреді, мен де оларжы жақсы көремін.
Жолдасым екеуміз бір-бірімізді 3 рет көріп үйлендік. Танитын жер болды. Оқыған, көзі ашық, тұрақты жұмысы бар жақсы азамат. Мен де жұмыс істеймін.
Бар мəселе, оның сезімі əлі оянбаған сияқты. Мен оны қатты жақсы көремін,сыйлаймын, тамағы дайын, киімі таза. Үнемі күліп жүруге,жанында көбірек болуға тырысамын. Ол бұрынғы қызын ұмытпаған сияқты. Анда-санда сөйлесетінін байқаймын, себебі ол қыз ауырады. Жаны ашып сөйлесетін шығар,-деп ойлаймын. Бірақ қатты жүрегім ауырады. Жолдасым маған көбіне қатты сөйлейді. Мысалы: звондап,қалайсың,не істеп жатырсың десем, не керек тез айтшы дейді. Басқа адамдардың көзінше де қатты сөйлей салады. Тез ашуланады. Ашуланған кезінде өте қатты боқтайды. Одан ешбір жылулық сезінбеймін. Кейде мүлде басқа адам,еркелетіп, қамқор бола қалады. Ол оның өтірік маскасы сияқты. Ал шын мəнінде мені жек көретін сияқты. Кейде, ол ашуланғанда аяқ-қолым дірілдеп кетеді. Жақсы көрмесең бəрін қоя салайық десем, жоқ дейді. Ол ата-анасын ренжіткісі келмейді, сол үшін жүрген сияқты. Жап аузыңды, артыңды қысып отыр,-деп шынайы айтады. Мүлде бір сыйламайтын сияқты, звондасам жек көретін адам сияқты, болшы тез не керек деп жүрегімді ауыртып сөйлейді. Білмеймін, еркектердің бəрі сондай ма?! Қиналып кетемін. Мен махаббатты сезінгім келеді, жылулықты қалаймын. Жаным деп сөйлегенін қалаймын. Мені сыйлағанын қалаймын. Мүмкін менде қателік бар шығар, оның асты-үстіне көп түсетін шығармын. Күйеуім ғой деп айтқанын істеуге тырысамын. Кейде сөз қайтаратын кезім болады,шыдамай. Сол кезде сен қатынсың, мен не айтсам сол болады,-дейді. Жүрегім ауырыыып отыр.
Қандай ақыл қосасыздар?! Ажырас деп айтпаңыздаршы, ата-анамның бетін жерге қаратқым келмейді.
Аноним