Күйеуім маған бәрібір қайтып оралды...

Күйеуім маған бәрібір қайтып оралды...

Мен "Отбасы-ошақ қасы" айдарын күнде оқимын. Бірақ, өзімнің бірінші жазуым. Мен өзімнің күйеуім жайлы әңгіме қозғағым кеп отыр. Ақыл сұрауға емес, біреулерге сабақ болар деген оймен...
Біз күйеуіміз екеуіміз бір-бірімізді қатты сүйіп қосылдық десем, артық айтпаған шығармын! Екі баламыз бар. Биыл міне, алты жылға таяп бара жатыр. Бірақ, осы соңғы бір жыл ішінде көп қиыншылықты басымнан өткердім. Сүйіп қосылған жарым қатты өзгеріп кетті. Үйге таңға қарай келетінді шығарды, телефон шалсам телефонын өшіріп тастайды немесе басып тастап отыра береді. Солай үш ай уақыт өтті. Таңертең сұрасам ылғи өтірік айтатын, үнемі бір сылтауы дайын тұратын. Неше жыл отасқан күйеуіңнің қашан өтірік қашан шын айтатынын біліп тұрғандықтан, мен барлығын біліп,сезіп тұратын едім.
Әйелден қырық қулық қалған ба бір күні күйеуімді андуға шықтым, құдайдын бір өзі кешірсін! Бірақ, ішкі сезімім алдамапты, бәрі ойлағанымдай болды! Оны басқа әйелмен даладағы орындықта сүйісіп отырған жерінен ұстап алдым. Сол кезде жүрегімнің ауырғанын білсеңіздер ғой, ызалықпен шапалақпен ұрып жібергенімді өзім де байқамай қалдым. Ол бірақ мені көріп шошып кетті, мені жұлқылап итеріп жіберді. Жерге құлай жаздадым, "не үшін, не істеп қойдым" деп сұрай беріппін!
Өзім бұрындары айтатынмын, ондай жағдай болса ешқашан кешірмеймін деп, бірақ мен кешірдім. Себебі, қатты сүйген соң, қателескен шығар деп ойладым, бірақ ол көзіме тіке карап "сені сүймеймін" дегенде не айтарымды білмей калдым!
Содан оған айттым "мен сені сүйемін, баріне уақыт емші" дейді ғой, "ойланшы жаным "дедім! Ол маған "алты ай уақыт бер содан кейін мен саған ораламын" деді. "Алты айда кім бар кім жоқ, жарайды" дедім. Сол кеткеннен бір апта жоқ болып кетті, мен де звондамадым, өйткені мен уәде берген едім, сөзімде тұрдым. 
Бірақ айтқанға оңай, таң атқанша көз ілмейтінмін, түнімен уайымдап ұйықтаған емеспін. Ал, ол болса жаңағы әйелмен бірге пәтерде тұрып жатты. Содан бір күні ол үйге келді, киімдерін киіп кетіп бара жатып "сөйлесейікші" деді. Сонда айтқаны: "Сен мамаңның үйіне барып тұр, тура алты айдан соң алып кетемін" деді. Мен болсам "ренжімеші жаным, мен өзімнің үйімнен ешқайда бармаймын, сені күтемін" дедім. Оның өз себебі бар, егер анама айтсам мені кейін екінші рет күйеуіме жібермей қоятынын білетін едім. Қандай ана өзінің баласының намысын таптатып, жылатып қойсын!
Сонымен ол «жарайды» деп кетіп қалды, менің күнде қиналумен күндерім, түндерім өтіп жатты! Бірақ, бір ғана үміт сәулесі маған күш бергендей болды, ол оралады маған деген! Үйдің тірлігі, жұмыс солай уақыт өтті де кетті зымырап, бірақ мен үшін алты ай алты жыл сияқты болды!
Бірақ, ол келмеді, содан өзім хабарластым! "Кешірші орала алмаймын" дегенде көзімнен жас ағып, сөйлейін десем сөйлей алмай тамағымда өксік тұрды! Телефонды қоя салдым, содан қатты жылап алдым.
Осылайша, "кетсең одан ары" деп, үйде тіршілігімді істеп, кітап оқып, басқа іске айналып жүре бердім. "Енді жыламаймын" деп өзіме уәде бердім! Содан жұмысқа шығып кеттім, алдында куйеуім жұмыс істетпейтін. Солай күндер өтіп жатты. Күйеуім арасында уатсаптан "не істеп жатырсың" деп жазады, "не істейін сол тамақ балаларға" деймін де шығып кетемін уатсаптан.
Бір күні уатцаптан "сөйлескің келмей ме менімен" дейді, ал мен болсам  "жоға жаным қолым тимей жатыр, сен жаза бер мен сосын қолым тигенде жауап беремін" дедім! Сөйтіп бір күні "қонсам бола ма?" деп үйге келді "әрине қон сенің үйің ғой, ешкім қуған жоқ" дедім. Сол күні күшті кешкі ас іштік, көптен бері олай отырмаған едік. Ертесінде "жаным кететін болсаң, есікті құлыптап кет" дедім. Кешке үйге келсем үйде отыр "жаным, кешіре алсаң кешірші " деп. Шыны керек "түсім бе мынау әлде өңім бе" деп таң қалдым! "Кешірдім жаным, бірақ қатты қинап жібердің ғой" дедім де, жылап жібердім! Қазір біргеміз, Аллаға мың да бір шүкір! Бұл басымнан өткен оқиғада айтайын дегенім,  шыдамды болу керек екен, сонда бәрін жеңесің!

Айман
Ақмола облысы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста