Күйеу баламның көзіне күйік болдым

Күйеу баламның көзіне күйік болдым

 Айналайын, қарақтарым! Есімім - Гала. Ұзақ жылдар ауруханада терапевт болып, елдің алғысын алған əйелмін. Қазақстанға Қырымнан көшіп келгенбіз. Құдайға мың шүкір! Ауылдасым -ағайыным секілді. Өзі жақсы адамға қай жерде де бір кісілік орын болатынына күмəнім жоқ. Он жеті жасымда осы топырақты бастым. Осы жақта келін болдым. "Əр жүректе бір арман болады "дегендей жолдасым екеуміз бір перзентке зар болған бейбақтармыз.

Уақыт бір орында тұрмады. Менен де жастық ауды. Жолдасыма мен өмір бақи разымын. Ақыр демі үзілгенше мені алақанына салып аялап өтті. Сол асыл жарым бір күні балалар үйінен бала асырап алуды ойлануымды өтінді. Сəбиге зар көңілім бірден ойын құптадым. Құжат əзірледік. Ана атандым. Жолдасымда əкелік сезіммен көкке ұшып жүрді. Құдайдың қалауымен қызды болдық. Қызымыз өте ақылды болды. Жүрегінде мейрімнің көлі бар, ақ жүректігіне бəрі сүйсінетін. Бір күні қызымыздың да бойжеткенін аңғардық. Қызым - дəрігер болып жолымды қуды. Мəскеуге оқуға аттанды. Сол жақтан өз теңін тапты. Сол жақта қалды. Жолдасым төрт жыл бұрын бақиға аттанып, қызымның қолына көштім. Бардым. Күйеу балам мені адам деп, сыйламады. Қызым қанша жерден анам деп, жақсы көріп тұрса да, күйеу балам менің оныңм өгей шешесі екенімді бар əрекетімен аңғарта берді. Қызым барынша құрмет көрсетуін сұранды. Жалынды. Жекіді. Ұрысты. Ақыры, мен қызымның үйінен кеттім. Қазақстанға қайттым.

Қазақы ауылда өскен басым күйеу баламның "өгей" деген өзекті тілер сөзін естігім келмеді. Қызымның үш баласы бар. Өмірдің жарты жолына келді. Күйеу баламның көзіне күйік болып, қызымды қинауға дəтім бармады. Немерелерімді жаз сайын əкеліп тұрады. Күйеу баламның ұятсыздығы мен ынсапсыздығына қайранмын. Мен күйеу баламды бір сəтке болса да бөтен санаған емеспін. Атасы екеуміз бар тапқан-таянғанымызды соған салатын едік. Бір емес, үш рет жеңіл көлік алып берген де атасы болатын . Атасы барда, менің алдымда сөйлемейтін. Жолдасым - құқық қорғау саласында жұмыс жасаған аға лейтенант дəрежесіндегі адам еді. Қаймығатын. Енді маған тіл тигізетін дəрежеге жетті. Адам жақсылықты тез ұмытады екен-ау?! Жетпістің жетеуіне келдім. Арымды бəрінен биік қойып, адал əрі еркін өмір сүрдім. Енді біреудің қас-қабағына бағуға көндікпеспін.

Қыздың тағдыры - бір əулетке əсер етеді екен. Жақсы күйеу балам болса, жападан-жалғыз қалмас па едім?!... Қызымда отасқалы өзінің жолдасын толық танымағанына əлі өкінеді. Адамды тану - ең қиын нəрсе екен. Құнан деп, қойныңа басқаның жылан боп шағады екен. Е, бұ дүнияда бəрі бір жаратқанның қолындағы дүние ғой!

el24kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста