Көз алдыма көршім шырылдатып жылатқан өзіміздің қаракөз қыздарымыз келеді

Көз алдыма көршім шырылдатып жылатқан өзіміздің қаракөз қыздарымыз келеді

ИТ ӨЛІМ
(таксистің әңгімесі, болған оқиға)

- Осыдан тоғыз жыл бұрын менің бір көршім болатын, өзі еш жерде жұмыс істемейді. Ауласында жаман көк жигулиі тұратын. Сол машинасы айына бір рет техникалық қызмет көрсету станциясында (СТО) жөнделеді. Бастапқыда көпке дейін түсінбей жүрдік.
-Ау, Әлеке, неге сіздің көлігіңіздің ылғи арты сынады?- десек, ол:
-Өй, сол баяғы қыз-қырқындар ғой, жүргізе алмайтындарымен шаруалары жоқ, артымнан сол кіріп жүреді,- деп күлкіге айналдыратын.
Еш жерде жұмыс істемесе де, сол көршімнің жағдайы менен керемет болды. Іштей кейде қызығып, кейде қызғанып та қалатынмын. Таңертең дірдектеп жұмысқа асығып бара жатсам, ол тыриып тәтті ұйқыда жатқаны. Үйімдегі келіншегім кейде соның әйелін алтынға малынып жүретінін айтып, құлағымның құрышын жеп қояды. Жылда әйелі бала туып жатқаны, алтыншы баламен тоқталды-ау.
Бір күні көршілес досым келіп, темекісін будақтатып бір сұмдық әңгіменің шетін шығарды. Көршімнің қай жолмен ақша табатынын айтып берді. Сөйтсе, әлгі күнде жаман көк жигулиіне мініп алып, жаңадан енді көлік айдап, "У" жапсырып алып жүретін қыз-келіншектерді аңдитын көрінеді. Сөйтіп айына бір рет анау байғұс қыз-келіншектердің алдына тормозын баса тұра қалып, кінәлі етіп шығарады. Өздері жаңадан көлік мінген байғұстар қорыққандарынан, сұраған ақшасын төлейді екен. Мына әңгімені естіп, төбе шашым тік тұрды.
-Әй, мынаны тоқтатайық та? - дедім досыма.
Досым:
-Оны Құдай тоқтатпаса, ешкім тоқтата алмайды! - деп қолын бір сілтеді. Түнімен дөңбекшіп жатып алдым, ұйқы келер емес. Көз алдыма көршімнің шырылдатқан өзіміздің қаракөз қыздарымыз келеді. Әйтеуір, таңды атырдым да, алып ұшып көршіме бардым. Бұлай жасауға болмайтынын айтқаным сол-ақ еді:
- Шаруаң болмасын! Егер менің осы жағдайымды біреуге тіс жарып айтар болсаң, үйіңді таппай қаласың!- деп ақиды. Мынаның қарайып кеткен түрін көріп, шошығандай болдым. Іштей өз обалың өзіңе деп үйінен шығып кеттім.
...Арада үш ай өткенде, көршімнің ауласынан ойбайлаған дауыстан барлығымыз далаға шықтық. Сөйтсек, кеше түнде күндегі әдетіне салып, көлігімен бір қыздың алдынан шыға бергенінде, бетон машина көк жигулиімен соқтығысып, дымын қалдырмапты. Сол баяғы досым тұр.
-Тыңдамап еді әкеңнің... әні, ит өлім болды, -деп күрсінді. Сүйектері мүжіліп кеткендіктен, бір имамды әрең көндіріпті. Аңырап артында жары, шиеттей жетілмеген балалары қалды. Қаншама жылдар өтсе де, осы бір оқиға есімнен кетер емес- деп аяқтады әңгімесін таксист ағай.
Әжем марқұм айтатын: "Ешкімге қарыз да берме, қарыз да алма. Басың бәлеге қалады. Ал бір рет артыңа пышақ ұрған адамға екінші рет жолаушы болма. Кісі ақысын жеген адам, ештеңеден тайынбайды",- деп. Иә, талай қыздарды алдап кеткен альфонс жігіт туралы әңгімені бүгін танысымнан естіп, таң қалдым. Көзін көргеннен соң аяғандай болдым. Бірақ, сол құрбымды жылатқан альфонсты есіме түсірсем, жүрегім айнып кетеді. Ол туралы әңгімені содан кейін жаза жатармын.

Бибігүл Дәулетбекқызы
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста