Көршінің тауығы қаздай, әйелі қыздай көрінеді екен

Қайырлы күн, құрметті оқырман!  Барлығымыз да жақсылықтан үміттіміз ғой. Жақсы өмір сүрсем, қымбат көлігім мен жайлы үйім болса, балаларым аман-есен жанымда болса деп тілейміз. Ал ғылым мен өнер жолында жүргендеріміз атақ-даңққа жетуге асығамыз.Барлығы сондай деп айтудан аулақпын, бірақ пенде болған соң көп нәрсеге қол жеткізуге асығатынымыз да жасырын емес қой.
Тіпті, қырыққа келіп, қылық шығарып, "көршінің тауығы қаздай, әйелі қыздай" көрініп, бақытты сырттан іздеп жүрген ер-азаматтарымыз қаншама?!
Ілгеріде бір жігіт елге танымал дана қартқа келіп, оған өзің қинаған үлкен бір мәселені айтып шағымданған көрінеді.Сондағы айтпағы мынау екен: "Мен әйелімді алғаш көргенде" Алла Тағала бұдан асқан сұлу әйелді жаратпаған шығар" деп ойладым. Сосын оған  үйлендім. Одан кейін айналама қарасам ол секілді әйелдер көп екен. Біраз уақыт өткен соң одан да сұлу әйелдердің өріп жүргенің байқадым. Жылдар өткен сайын әйелімнің көркі мен тартымдылығы кеми берді. Басқа әйелдің барлығы мен үшін хор қызындай.Мұның сыры неде?" деп сұрайды. Сонда әлгі қарт: "Саған одан да сорақы, одан да қорқынышты бір нәрсе айтайын ба? Егер сен әлемдегі әйел атаулының барлығына үйленсең де сен үшін көшедегі бұралқы иттер бәрінен сұлу көрінер еді" дейді. Әлгі жігіт бұл сөзді қалжың деп ұғып, күле бастайды. Сонда қарт сөзін жалғап:"Себебі кемшілік сенің әйеліңде емес, кемшілік қанағатсыз жүректе,көрсеқызар көзде,тойымсыз көңілде. Ұят кеткен көзді тек топырақ қана толтыра алады" дейді.

"Жарыңның баяғы,әлемнің ең сұлу әйеліңдей болған кезіне қайта оралғанын қалайсың ба? Онда көзіңді еркіне жіберме .Бөтен әйелдердің қасында назарыңды төмен салуды үйрен. Өйткені көзді тыю жанды демалдырады, кеудені тыныштандырады.Әйелді сәт сайын сұлуландырып, жаныңды шаттандырады. Сонда ғана әйеліңмен қанағаттанып, жанұяңды сақтайсын" деген екен.
Сондықтан адам алдымен,өмірден аларын ғана ойламастан артында қалдырар игі істері мен өнегелі тәрбиесін ойлауы қажет екен. Сонда ғана сенің жақсы азамат ретінде атың өшпейді.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста