Кезінде талай жігіттің жүрегін жаралап, қарамай кетіп едім, енді...

Кезінде талай жігіттің жүрегін жаралап, қарамай кетіп едім, енді...

Әркімнің маңдайына жазған тағдыр әрқалай болатыны рас. Өзекті өртеген өткен жайдың жаңғырығы әлі де көз алдымнан кетер емес. Талай жігіттің үкілеген үмітін күл-талқан еттім. Сезімдерін сергелдеңге салып жүріп, алдап тастап кеткен кездерім аз болмапты.

 

«Алаш айнасы» порталын оқып отырып мен де өз басымнан кешкен бірталай жайды жазбаққа бекіндім. Әрине, өкініш азабы жанымды жегідей жесе де, қайта оралмайды. Тек елес болып, есіңнен мәңгі өшпестей күйде сақтала береді. Жанымның жарасы қазір еш жазылар емес. Сондықтан өзімнің бастан кешкен оқиғалар легін қағазға түсіріп, жүректе жатқан зіл батпан ауырлықтан жеңілдемек болдым. Бір жағынан әңгімемді оқыған кейінгі ұрпақ менің өмірімнен аз да болса сабақ алар деген ойдамын.

 

Мен көрген адамның бәрі қызығарлықтай сұлу болып өстім. Үріп ауызға салғандай уылжыған жас қызға кім көз салмасын. Жігіт біткен қыр соңымнан жүгіріп жүретін. Аппақ жүзді, қиылған қасты, қарақаттай мөлдір көзді, қыр мұрынды, үлбіреген ерінді дейтін теңеулердің бәрі маған арналғандай болатын. Әрине өзім де жел қуған қаңбақтай тым ерке әрі шолжаң болдым. Ұшарымды жел, қонарымды сай білетін. Түн баласы би кештеріне барып, сылқ-сылқ күліп жүретінмін. Төгіліп тұрған қою шашым жайылып, сәнді киіммен былқ-сылқ қозғалғанда еркек біткеннің аузының суы құриитын. Биді де келістіріп мың бұралып, жүз құбыламын.

 

Бірақ осыншалықты сұлу болсам да ешкімді құлай сүйіп көрмеппін. Мен үшін бәрі тек ермек болды. Кейін келе тіпті ешкімді менсінбей өзімше көкірек керіп, сұлулығым мен көркіме мастанатын болдым. Бірнеше күн бір жігітпен бірге жүріп одан кейін оны тастап басқамен көңіл қосу мен үшін түкке тұрмайтын. Өзіме бұл ісім қатты ұнайды. Тіпті басқа қыздардың арасында өзімді ханшайымдай сезініп, оларға менсінбей қарайтын болдым. Өзімді ерекшелеу үшін достарыммен арада тек орысша сөйлеп, қазақшаны тек араластырып қана анда-санда қолданатын күйге жеттім. Мұныма ересектер жекіп ұрысса да, өзімдікін жөн санап, орыс тілін таза сөйлегенімді мақтаныш көремін.

 

Жігіттерді де таңдап жүріп жүретін болдым. Қыздарды өзіне үйіріп алатын, көпшілік арасында беделді жасы үлкен жігіттермен де араласатынмын. Бірақ, іс насырға шаппай тұрып дереу тоқтатып, қанша көңілдерін білдірсе де тастап кетіп қалатын болдым.

 

Маған көңілдерін білдіріп жүгірген жігіттердің қатарында ақылы мен білімі нығыз, махаббатты аяқасты етпейтін жігіттер де болды. Тіпті, мен үшін алаулаған сезімдерін өлеңмен білдіргендер де табылды. Аз-маз желіктіріп, шоқтанған сезімін одан сайын үрлеп жіберемін де, байғұстың көңілін су сепкендей етемін.

 

Қаншама жігіттің алқызыл раушан гүлдерін кері қайтарып, жанарларын жасқа толтырмадым десеңші. Дертіне-дерт жамап ішқұса болып, қатты науқастанып қалғандары да болды. Бірақ, менің өмірім осылай өрби берді.

 

Түптің түбінде осылардың кесірінен бағыма балта шабылатынын қайдан білейін. Жас өткен сайын беттің әрі мен көркі де азайып, бетіме әжім пайда бола бастады. Қаншама қымбат опа-далапты бетіме баттастыра жаққаныммен баяғыдай бола алмадым. Дене пішінім де өзгеріп, бұрынғы сұлу мүсінім бұзыла бастады. Тіпті, қымбат салондар мен массаж да менің бұрынғы кескін-келбетімді қайтара алмады.

 

Боянып сыланып көшеде, түнгі клубтарға барсам өзімнен жасы кіші қыздардың күлкісіне қалатын болдым. Енді бұрынғыдай жігіттер де жаныма жолай бермейтін болды. Жанарым суалып сұлулығымның арқасында сүрген баянды өмірім мен қолдан ұшырып алған бақыт құсымды ойлап қайғыратын болдым. Тіпті, тысқа шықсам маған бәрін сұқ саусағымен нұсқап мазақ қылатындай күйге түстім. Жасым отыздан асып кеткендіктен, енді аналық сезімді сезіне алам ба деген қорқыныш та пайда бола бастады. Қасымдағы құрбыларым әлдеқашан тұрмыс құрып, тіпті балалары мектептің жоғары сыныптарында оқып жатқандары дар бар. Той-томалаққа сопиып жалғыз барудан да шаршадым. Әбден жыным келіп, өз-өзіме қол жұмсамаққа да бекіндім.

 

Сөйтіп, бір уыс дәріні бөлмеме бекініп алдым да ішіп алдым. Бұл өмірде мен үшін енді өмірдің еш мәні қалмаған сияқты көрінді. Алайда, дәм тұзым әлі таусылмапты. Үйге дәл осы сәтте кіріп келген інім менің аузымнан аппақ көбік шығып ес-түссіз жатқанымды көріп жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізіпті. Есімді аурухана төсегінде жинадым. Сөйтіп, бүкіл іш құрылысым тазаланып, аурудан айыққанша бірнеше ай ауруханада жатып шықтым. Жаныма сәуле құяр ешқандай қызық қалмады.

 

Бір күні жақын құрбымның бірінен әйелі қайтыс болған, өзі елуге таяп қалған қартамыш адамға тұрмысқа шығуға ұсыныс түсті. Үш баласы бар екен. Түр-пошымын суретінен көріп шошып кеттім. Әйелі болмағандықтан әбден жүдеп-жадап кеткен азамат әбден қартайып кетіпті. Тіпті, қазір ішімдік ішіп кеткен көрінеді. Құрбым мұндай қылығы бұрын болмағанын, қазір жүйкесі жұқарғанын сондықтан осындай халге душар болғанын айтып бәйек болды. Тіпті, екеуің қосылсаң арақ ішкенін де қояды, - дегенді де айтты.

 

Өткен күндерімді ойлап, жүрегім қан жылайды. Таңдаған тазға жолығыды деген осы-ау, - деп өз-өзімді жегідей жей бастадым. Сонымен не керек, не болса ол болсын жалғыздықтан құтылайын деген ниетпен, жаңағы үш балалы кәртеміш ағайға тұрмысқа шықтым. Бірден балаларына ұнамай қалдым. Өйткені, мінезім оларға ұнамай қалатын. Олар түгіл құрғыр мінезім қазір өзіме де ұнамайды. Күйеуім әрине туған балаларының жағында. Бірдеңе айтсам дүрсе қоя береді. Жүрегім қан жылап, қайғымды тек қара басым арқалап, түн баласы жастығым тек жасқа шыланатын болды. Алладан медет сұрап, жанымды жаралаған ащы өкінішпен өмір сүріп келемін.

 

Қазір түрімнен түр қалмаған бет-аузы әжім-әжім, ағарған шаштарын бояп алған аққұба келіншекпін. Уайым одан сайын шөктіріп, түн баласы ұйықтай алмайтын күйге жеттім. Қазір бұл күндерім баяғы мен сорлатқан жігіттердің көз жасыма екен деген ойға қаламын. Әттең, сол жігіттердің бірімен отбасын құрсам мұндай болмас еді деп қапаланамын. Бірақ, өмір өтті-кетті. Қайта айналып оралмайды. Ал болашақ осындай. Қайтсем екен... Бәлкім тек асылып өлу ғана қалған шығар. Оқырман, маған ақыл қосыңыздаршы. Жаным жүдеп, ішқұса болуға айналдым. Жүрегімнің мұңын сөзімен жылытып, көңіліме медеу болар жан болса пікірлеріңізді айтсаңыздар екен.

 

 

 

Гүлжан.

alashainasy.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста