Келін болып түскенде-ақ мінезіңді көрсету керек екен.

Келін болып түскенде-ақ мінезіңді көрсету керек екен.

 Сəлем қыз-келіншектер. Мен осы сайттың күнделікті оқырманымын. Ешкімге айта алмаған сырларын осы жерге жазып бір жеңілдеп қалып жүрген келіншектер көп деп ойлаймын. Менің бүгінгі жазғанымды əркім əр түрлі қабылдар, бірақ бар шындық осы.

Менің келін болып түскеніме 10 жылдан асып кетті. Бір уйде екі келінбіз. Мен үлкенімін. Енеммен, келініммен бірге алты жылдай бірге тұрдық. Мен көп нəрсеге үндемейтінмін. Төркініме бір ретте ұрсып кеткен емеспін. Ал келінім енеммен де, күйеуімен де ұрсып кетіп қала беретін. Кезінде атамыздыңда бетінен алған.

Қазір  мен бөлек тұрамын. Жағдайым жаман емес. Отбасым тыныш. Негізі күйеуім жуас. Айтайын дегенім қазір келінім жақсы болып отыр. Оған қарап сөйлей алмайды. Мен үндемей жүргенге бұдан еш нəрсе шықпайды деп ойлайды ау. Ал келінім не істеседе оған айтпайды. Сыртынан маған айтып қояды енем. Бірақ бетіне айта алмайды.

Менің төркініммен ата-енем осы уақытқа дейін  еш сөзге келмеген, ал келінімнің төркіні үйге келіп қырғынды салып кеткен. Келінім екеуміздің төркініміздің жағдайы бірдей. Ол қаланың мен ауылдың қызымын. Айырмашылығымыз сол ғана.

Ал қазіргі кезде сен үлкенсің ғой деп жатқан ешкім жоқ. Үндемей бəріне шыдап жүрген мені емес талай қырғынды салған келінімді тыңдайды. Бір жерге бару керек болса, сол барады. Үлкені мен болғандықтан кішкене жол беру керек қой. Оны енем де айтпайды. Маған ешнəрсесі де керек емес, бірақ айналаңдағы ағайын туыстан ұялады екенсің. Үндемей жүргенге  "сүмелек па" деп айтатын сияқты. Сондықтанда сөзімнің тоқетері жас келіндерге айтарым, өз ақыларыңды ажыратып алыңдар. "Қойшы жақсы келін болайын" деп жүре берсеңдер бастарыңа шығады. Өз ойларыңды айта біліңдер. Қолдарыңнан келетін тірліктерді көрсете біліңдер. Мені кім қалай түсінседе өз еркі. Өз басымнан өткенді ғана жаздым.

Келін болып түскеннен бастап-ақ өзінің менізңді көрсету керек екен. Сонда ғана сыйлайды. 

Сайра, Алматы облысы 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста