Іштегі бітпейтін жарамен өмір сүрү оңайға соғып тұрған жоқ

Іштегі бітпейтін жарамен өмір сүрү оңайға соғып тұрған жоқ

Бүгін бір оқиғаны оқып отырып өз тағдырым туралы жазуды жөн көрдім. Мені ата-анам асырап алған. Бір өкініштісі, мен шын мәнінде кім екенімді өзім де білмеймін. Мені асырап алған ата -анам өз баласындай бағып-қақты. Қазіргі кезде 2 балапаның анасымын.

 

Өмірлік жолдасым Аллаға мың шүкір, жақсы адам болып шықты. Менің тағдырымды біле тұра Алланың берген аманатысың, жылатпаймын, бетіңе де баспаймын деген уәдесінде тұрып келе жатыр. Мені мазалайтын нәрсе көңіл-күйім бұзылса болды, өзімді кінәлі сезініп жылап та аламын. Сұрақтарымның жауабын іздеп таба алмай қиналамын. Мені осы өмірге әкелген адамдар қайда екен? Осы өмірде барма екен? Немесе жанымда жүр ме екен? Бір кездері қателікпен дүниеге әкелген баласы есінде ме, олай болса неге іздемейді екен деп көп ойланамын. Олар туралы менде ешқандай мәлімет те жоқ. Қайдан, кімнен сұрауды да білмеймін.

 

Асырап алған анам да о дүниелік болғанына 13 жылдың жүзі болды, ал әкеммен бұл туралы сөйлесе алмаймын. Әкемнің жан жарасын тырнағым келмейді. Бұл өте ауыр тақырып біз үшін. Бірақ іштегі бітпейтін жарамен өмір сүрү де оңайға соғып тұрған жоқ. Мен өзімнің қайдан шыққанымды білгім келеді.

 

Шынымды айтсам, 2 адамның рөлін ойнап жүргендеймін бұл өмірде. Мені осы өмірге әкелген адамдарды сырттай бір көрсем екен бет-бейнесін деп армандаймын. Тіпті өзіңнің кімге ұқсағаныңды білудің өзі бір бақыт екен ғой деп қоямын. Бір күні мені іздеп келетін шығар деген үмітім де жоқ емес. Жәй ғана сіздермен сырласқым келді. Ащы тағдырым туралы ешкіммен де сырласа алмаймын. Іштей өзімді жеп қоямын. Өзімнің асыранды екенімді 1 минутта ұмытқан емеспін. Жылдан жылға бұл жарамен өмір сурудің өзі қиындап барады.

 

Алтын уақыттарыңызды бөліп оқығандарыңызға мың алғыс.

 

Аlashainasy.kz

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста